ИНФОРМАТИКА КАБИНЕТІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ҰЗАҚТЫҒЫ


Slide 1

Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Slide 2

Информатика кабинетіндегі ұйымдастыру жұмыстарын кабинеттегі жабдықтарға жауап беретін, информатика курсын және жалпы білім беретін жекелеген пәндердің тақырыптарын зерделеу процесінде компьютерлік техниканы қолдану бойынша мұғалімдер мен оқушылардың жұмысын ұйымдастыратын информатика мұғалімдерінің арасынан сайланған кабинет меңгерушісі басқарады.

Slide 3

Кабинет меңгерушісі:

- жабдықтардың сақталуына;

- инвентаризациялық жазу журналын жүргізуге;

- құрылғыларды әрдайым пайдалануға дайын күйінде ұстауға, есептеуіш техникаларға алдын-ала техникалық қызмет көрсетудің уақытылылығына және ұқыптылығына, машиналардың істен шығуын тіркеу, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын реттеп отыруға;

- жазатайым уақиғалар кезінде пайдаланылатын өрттен сақтану құралдарының және алғашқы көмек көрсету құралдарының дұрыстығына;

- оқушыларға техника қауіпсіздігі жөніндегі кіріспе және кезекті нұсқаулардың уақытылы өтілуіне;

- оқытушылар мен оқушылардың техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына;

- әрбір сабақтың басталған және аяқталған уақытын, электр қорегінің қосылғандығын және ажыратылғандығын журналға тіркеуге жауапты.

Slide 4

Оқытушы оқушыларды информатика кабинетімен алғаш таныстырған кезде оқушылардың бойын, есту және көру мүмкіндіктерін есепке ала отырып, оларды жұмыс орны бойынша бөлуге және сол жерді бекітіп беруге, техника және жұмыс қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға міндетті. Оқушылар жұмыс орнының және оған орналасқан жабдықтардың жай-күйіне жауапты болады

Slide 5

Оқу-әдістемелік семинар - мектептегі ЕТК кабинеті қызметін ұйымдастырудың маңызды түрі екені дәлелденген тәжірибе. Оның жұмысына информатика мұғалімдері ғана емес, басқа пән мұғалімдері де тартылады. Семинар оқытуда жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды (АКТ) қолдану тәжірибесін таратуды, жаңа бағдарламалық құралдармен таныстыруды, мұғалімдерге ЭЕМ-де жұмыс істеу кәсіптік негіздерін оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын талдауды және т. б. тарату үшін ұтымды қолданылуы мүмкін. Семинар жұмысының бағыты әртүрлі, яғни мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін жетілдіру шарасы бойынша өзгеруі ықтимал.

Slide 6

Информатика кабинетінің меңгерушісі жұмысына лаборант (немесе техник) көмек көрсетеді. Лаборант (техник) кабинет меңгерушісінің тікелей қол астында болады және оның алдында оқу жабдықтарын пайдалану және олардың дұрыс, бұзылмай сақталуы жайлы есеп береді. Лаборант кабинеттің бүкіл жүйесін, оларды күту тәртібін, көрнекі құралдар мен техниканы сақтау шартын білуі міндетті.

Slide 7

Информатика кабинетінің даму жоспарына сәйкес лаборант кабинет меңгерушісінің жетекшілігімен қажетті оқу жабдықтарын алуға қатысады, есеп, инвентаризациялық жазу жұргізеді. Лаборант мұғалім жоспары бойынша және оның жетекшілігімен сабаққа жабдықтар даярлайды. Лаборант окушылардың қауіпсіздік техника ережелерін сақтауын, өртке қарсы және алғашқы көмек құралдарының үнемі дайындығын қамтамасыз етеді, сабақ кезінде бұзылып қалған техниканы тізімдейді, сонымен қатар істен шықққан құралдарға кішігірім жөндеу жасайды.

Slide 8

Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы

Slide 9

БДТ және ДЭЕМ-қолданып үйірме сабақтарын өткізу аптасына екі реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:

II-V сынып (7-10 жас) оқушылары үшін 60 минуттан аспауы керек;

- VI және жоғары сынып оқушылары үшін 90 минуттан аспауы керек;

- Санитариялық-гигиеналық талаптар факторы ЕТК-да оқу процесін ұйымдастыруға, информатикадан әрбір сабақ құрылымына қатаң шектеулер қояды, сондықтан ол жоспарлауда ескерілуі тиіс.

Slide 10

Компьютерлік кабинеттерді жабдықтауда және қолданғанда бейнедисплейлік терминал (БДТ) және ДК-мен жұмыс істеу кезінде адамға қауіпті факторлардың қолайсыз әсер етуінен сақтап қалу үшін санитариялық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау өте маңызды болып табылады.

Slide 11

Санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер үшін дисплей сыныптарында және информатика кабинеттерінде жұмыс істеу ұзақтығы күніне 4 сағаттан аспауы керек, ал кабинеттерде БДТ және ДЭЕМ-мен оқу процесіне қызмет көрсететін инженерлер үшін жұмыс ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күніндегі жүктемені азайту үшін жұмыста қосымша үзілістер беріледі.

Slide 12

БДТ-да оқушылардың үздіксіз жұмыс істеуі олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат етілген уақыттардан аспауы керек :

1-сынып оқушылары үшін - 15 минут;

2 - 3-сынып оқушылары үшін - 20 минут;

4 - 5-сынып оқушылары үшін - 25 минут;

6 - 8-сынып оқушылары үшін - 30 минут;

9 - 11 (12) -сынып оқушылары үшін -35 минут.

Slide 13

КЕрі байланыс

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жоба
Компьютер классификациясын ата
Microsoft Word программасында кестемен жұмыс
Химия және информатика пәндерінен алған білімдерін тексеру тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалану, компьютермен жұмыс істеу іскерлігін дамыту
Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау
Жүрек - электрлік диполь
ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКА КАБИНЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІ
Стомотология дәрігердің жұмысының ұйымдастырылуы
Компьютерлік білім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz