Мұғалімнің сабаққа әзірлігі




Презентация қосу
Cабақтың тақырыбы: Мұғалімнің сабаққа әзірлігі.
Информатика сабағын талдау

Информатика пәнінен сабақ жоспарын құру.
Информатика пәнін оқытуда ең тиімді әдіс.
Мұғалімнің сабаққа әзірлігі. Информатика сабағын
талдау.
Студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе өткен кездегі ескеретін жағдайлары
– тақырыптық жоспарларды құра білуі, сабақтарды конспектілеуі, сабақтарды
жүргізе және талдау жасай білу. Әрбір пән мұғалімі өзінің күнделікті жұмысында
білім беру, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін шешеді. Кеңейтілген түрде
бұл тапсырмалардың барлығы да нақты бір пән үшін алдын ала жасалынған оқу
бағдарламасында белгіленеді. Пән мұғалімінің жұмысы оның нақты анықталған
оқу–тәрбиелік жоспарының негізінде құрылады. Студенттер информатика
пәнінің мұғалімінің жылдық және тақырыптық жоспарларымен, сабақтарының
конспектілерінің жоспарларымен таны-суы керек.
Содан кейін мұғалім пайдаланатын оқу және әдістемелік
құралдармен, қосымша әдебиеттермен, бағдарламалық қамту
құрылғыларымен танысу қажет. Осыдан кейін, мұғалім немесе
әдіскермен бірге өзінің жеке тақырыптық жоспары құрылуы керек,
онда тақырып аты, әрбір сабақтың тақырыптары бойынша
дидактикалық нұсқаулар, сабақ аты, түрі, оқыту нұсқаулары,
құрылғылары, мұғалімге және оқушыға керекті ақпарат көздері
көрсетілуі тиіс және сабақтың конспектілерінде төмендегілер
көрсетілуі керек:
Сабақ реті;
Сабақтың мақсаты (білім беру, дамытушылық және тәрбиелік);
Сабақ түрі (жаңа материалмен танысу сабағы, оқылған
материалды бекіту, білімді, білікті және дағдыны тексеру сабағы,
Сабақтың негізгікезеңдерін уақыт бойынша бөлу;
Мазмұны;
Негізгі түсініктерді қалыптастыру кезеңі (түсінікті енгізу; осы түсінік
негізінде мысал келтіру; түсініктің нақты және нақты емес белгілерін анықтау;
нақты белгіге негізделген түсінікті анықтау);
Оқыту әдістері: ауызша (жекелей, жаппай) немесе жазбаша (өздік, бақылау
жұмыстары, информатика бойынша диктант), сұрақ – жауап; дәріс, түсіндіру,
әңгімелесу, мәселелік түсіндіру, сөйлесу элементері бар әңгіме, ақпарат
көздерімен өз бетімен жұмыс жасау, есептер, рольдік ойындар, жаттығулар мен
тапсырмаларды ойын түрінде немесе әдеттегідей орындау және т.б.;
жұмыстарды қабылдау: сызба сызу, кестемен жұмыс, оқулық мәтіндерімен
жұмыс, түсініктеме жазу және т. б.
Өткен сабақтардың барлығына демонстрациялық және дидактикалық
электронды материалдар дайындау қажет.
Мұғалімнің жаңа сабаққа дайындалу уақыты 2 сағаттан 3 сағатқа
дейін болады, егер оған бағдарламалық қамсыздандыруды меңгеру
қажет болса, уақыты одан да көпке созылуы мүмкін. Ал студентке
сабаққа дайындалуға одан да көп уақытын бөлуге тура келеді. Сабақ
сапалы болуы үшін, бұл уақытты алдын ала жоспарлап қою қажет.
Сабақтың жоспарларын жасар алдында мынаны ескеру қажет:
жекелеген сабақтардың жоспарланған тапсырмалары информатика
пәнінің жалпы тапсырмаларының құрамдас бөлігі ретінде болу
керек. Әр сабақтың нақты тапсырмалары басқаларымен өзара
байланыста қарастырылуы керек.
Сабақ жоспарын оқушыларға тек белгілі бір білімді беруге, біліктілікті
қалыптастыруға ғана емес, олардың беріктілігін қамтамасыз ететіндей,
кейбір біліктіліктерді дағдыға айналдыруға мүмкіндік беретіндей етіп құру
қажет.
Жекелеген сабақ конспектісінің жоспарын құрғанда мынаны есте
сақтау қажет: материалмен танысу барысында оқушы бірмезгілде берілген
материалды тереңірек түсінуге көмектесетін нақты бір тапсырманы
орындаса, ойлау қызметінің белсенділігі артады. Сонымен қатар келесі
шарттар орындалуы керек:
1) қойылған мәселе оқушының күшін нақты бір ойлау тәсілдерін
пайдалануға бағыттайды;
2) оқушылар осы тапсырмаларды орындау үшін және аталған тәсілді
қолдану дағдыларына қажет білімді игереді;
3) бұл әдіс материалға сәйкес келеді, ол қаншалықты сәйкес келсе,
ойлау қабілеті соншалықты белсенді болады.
Жекелеген сабақтардың жоспарларын құрғанда, төмендегі
құрылымдық бірліктерді пайдалануға болады:
сабақтың басталуын ұйымдастыру.
Бар білімдерін, біліктерін және дағдыларын көрсету.
Өтіп жатқан материалмен жұмыс.
– Жаңа материалмен танысу.
– Жоспарланған білім деңгейін көрсету (қайталау, жетілдіру және білім
мен білікті пайдалану).
Білімді жүйелеу және қорытындылау.
Үй тапсырмасын ұйымдастыру.
Сабақтың «Бар білімдерін, біліктері мен дағдыларын көрсету»
сатысының дидактикалық мақсаты – оқушылардың білімдеріне, біліктері мен
дағдыларына талдау жасау.
Сабақтың «Өтіп жатқан материалмен жұмыс» сатысының мақсаты –
оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, жаңа ақпараттарды жеткізу, бар
білімді тереңдету, дамыту. Бұл мәселелердің шешімін табу үшін, жаңа оқыту
әдістемелерін ойлап табу және оқушылардың қабілеттерін жетілдірудің түрлі
амалдарын анықтау қажет.
Сабақтың «Жоспарланған білім деңгейін көрсету» сатысының
дидактикалық мақсаты – білімді меңгеру, білімді қолдана білу, өмірде және
ғылымда оқыған білімді практика жүзінде пайдалана білу.
«Білімді жүйелеу және қорытындылау» сатысының дидактикалық мақсаты –
ең негізгіні көрсету, оқылып жатқан және оқып кеткен материал арасындағы негізгі
байланысты орнату. Негізгі функциялары – бағалық – нақтылық, оқыту, бақылау –
тексерушілік. Бұл сатыда оқушының жұмыстары қорытындыланады, оқылған
материалдан негізгісі анықталады, жекелеген сұрақтарға жауаптар арасындағы
байланыс беріледі, басқа пәндер бойынша берілген материалдар мен жаңа пән
арасындағы байланыс тексеріледі, білімді практика жүзінде өмірде, техникада,
ғылымда пайдалану талқыланады.
Әр сабақтың жоспар конспектісі дұрыс құрылуы керек, сонымен қоса
дидактикалық материалдар дайындалуы қажет. Әр сабақтың конспектісінде
оқытудың формасы мен әдістерін, бақылау түрлері мен құралдарын, оқытушы мен
оқушының жауапкершіліктерін көрсету керек.
Мұғалімнің жауапкершілігі – оқушылар алдына мақсат қоя алу, оларға бағыт
бағдар беру.
Педагог пен оқушы арасындағы байланыс:
а) жалпы дидактикалық оқыту әдістемелер – түсіндірмелі немесе ақпараттық,
мәселелік мазмұндама және дәріс;
б) ұйымдастырылған оқыту формалары – сабақ практикалық сабақтар, үй
тапсырмаларын ұйымдастыру, бақылау және қосымша сабақтар;
в) жалпы ұйымдастырылған оқыту формалары – жаппай, жекелей, топтық,
дифференциалданған.
Білімді тексеру және педагогикалық диагностика, бұл – оқыту үрдісін
қорытындылайтын элемент. Олар жаңа оқыту әдістемелерін енгізуге,
артта қалғандарын тартуға ықпалын тигізеді. Тексеру нысандары ретінде
келесі тексеру тапсырмаларын алуға болады: компьютердегі жаттығу,
фронтальды сұрақ – жауап, тест тапсырмалары, өздік және практикалық
сабақтар және т. б. Тапсырма мазмұнына, сұрақтарға және тапсырмаларды
беру формаларына аса көңіл бөлу керек. Оқушыларға нақтыланған, қысқа
және нұсқа, сонымен қоса ауызша сұрақтар берілуі қажет.
Материалды оқымас бұрын тексеру, оны толығымен меңгеріп алуға
тірек бола алады. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі қайталау мұғалім
мен оқушы арасындағы маңызды роль атқаратын «кері байланыс» болып
табылады. Оқушының назарын негізгі сұрақтарға аудару үшін, оларға осы
бағытта сұрақтар қойылады.
Мұғалім сабаққа қалай әзірленуі
тиіс?

Сабақты ұйымдастырудың ең тиімді
жолдары?

Сабақтың конспектілерінде нелер
көрсетілуі тиіс?

Егерде сіз, мұғалім болсаңыз
бағалаудың қай түрлерін қолданар
едіңі?
Үй тапсырмасы: Оқушылардың өзіндік жұмысы, үй тапсырмасы.
Оқыту нәтижесін бақылау және бағалау

Ұқсас жұмыстар
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАСТАУЫШ
Педагогикалық құзыреттілік ұғымы
Ақтық сайыс
Сабақтың құрылымы, мұғалімнің сабаққа дайындығы
Машинамен тексеру
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Дәстүрлі емес сабақтардың өзектілігі
Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру
Өрнектерді тепе - тең түрлендіру
Сабақты талдау түрлері
Пәндер