Оқу пәндері жоспар, қысқа мерзімді жоспар




Презентация қосу
. Пән бойынша оқу жоспары: орта мерзімді
Оқу пәндері жоспар, қысқа мерзімді жоспар. Сабақ
жоспарлаудың әдістемелік конструкторы
бойынша
сабақ
жоспарлау

Шығармашылық шеберханасы: оқу пәндері
бойынша сабақ жоспарлау
Оқу жоспары

Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұнын
сыныптар бойынша оқыту ұсыныстары көрсетілген.

Оқу жоспары:
Тілдік мақсаттар туралы
Орта мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар

Орта мерзімді жоспар ұзақ мерзімді жоспармен
анықталған бағдарларды нақтылайды және ең қысқа
мерзім аралығында жүзеге асырылады. Орта
мерзімді жоспарларда белгіленген кезеңге арналған
негізгі міндеттерді тұжырымдайды. Онда әрбір
тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары
көрсетіледі.
Сабақ жоспарлау

Оқу мақсаттарын таңдау;
Сабақ тақырыбын анықтау;
Сабақ мақсатын белгілеу (таңдап алынған оқу мақсаттарына сәйкес);
Бағалау критерийлерін дайындау; тапсырма құрастыру кезінде саралау
тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының
деңгейлеріне бөлу;
Сабақ тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін белгіленгеннен
кейін, сабақ жоспарын жасауға кірісу (Сабақ жоспарының үлгісін пайдалану);
Оқу жоспарына және ресурстарға сүйене отырып, сабақты жоспарлау;
Оқушылардың сабақтағы іс-әрекетін сабақтың мақсатына қол жеткізетіндей
етіп жоспарлау;
Оқушылар үшін бағалау критерийлеріне сәйкес келетін және мақсатқа қол
жеткізу туралы қорытынды жасайтындай тапсырмаларды таңдау,
дескрипторлар әзірлеу, т.б.

Мұғалім бала оқытсын, бірдеңе білдіртсін десек, бідірмеген реттесін,
жүйелесін десек жұмыс жоспарын жасай білуі керек. Өзі етік піше,
қалып шаба білмеген етікші өмірі жақсы етікші бола алмайды.
Ж. Аймауытов.
Сабақ жоспарлау: сабаққа қажетті материалды
іріктеу
Материал тізгенде, тұрмыс пен ғылым айқасып, астасып тізілсін.
Жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып,
зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсін.
Жұмыстау негізінде баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы
салынсын; дәл айтқанда, балаға танымал жақын нәрседен басталсын.
Сабақ күн бұрын жасалған жоспармен жүргізілсін. Сабақтың ретіне қарай,
әрине, іс жүзінде жоспардан тайып кетуге де болады. Әйтсе де жоспарсыз
істелсе, тақырыптың ең керекті жері далада қалып, жүрдім-бардым кетіп,
уақ-түйегіне көп алдануға мүмкін.
Жаттығу жұмыстары әр тақырыптың жоспарында толық көрсетілсін.
Балалар:
Өзіне мақсұт қойсын, Жоспарды талқыға салсын. Нені істеуге
болатынын шамаласын. Кім не істейтінін үлесіп алсын. Жұмысты бірігіп
орындасын.
Аймауытұлы «Комплекспен оқыту жолдары», Қазақ баспасы, 1929 ж. 34-35 бет
Талантты мұғалім

... Одан да зор шарт мұғалім басында. Мұғалім кез келген
мәселеге бүгілмей суырып салғандай мағлұмытты, комплекс
тақырыбын табиғат таңдауға үйлестіруге, байластыруға,
икемді, тапқыш, көпті көрген көне, жырынды тәжірибелі
ойдан шығарғыш, зерек, іс бастағыш көсем, түбірлегіш,
талантты болу керек.
Бұл айтылғандар қай мұғалімге болсын керек сипат. «Бірден
мұндай шарттар табылмайды, әуре болмайық», деп қорқу
керек емес. Ізденсе, талаптанса, қолдан жасалмайтын шарт
жоқ.
Аймауытұлы «Комплекспен оқыту жолдары», Қазақ баспасы, 1929 ж.
34-35 бет
Пәнаралық байланыс

... Тақырып қолма-қол мағлұмат беріп, баланың білімін іске
орайын арттырғандай болу керек. ... Нәрсенің соқа басын
ғана емес, өмірдегі нәрселердің түйдегін толық зерттеу керек.
Бір, екінші кішкене тақырыптарға қайраңдап, оқудың
көлемін тарылту баланың табиғатына да қиын соғады.
Тұсаулы малдай, баланың қол-аяғы бір уыс боп, тыпырлап,
тырбаңдап қалады.
Аймауытұлы «Комплекспен оқыту жолдары», Қазақ баспасы, 1929 ж.
34-35 бет
Сабақ жоспарлау
... Тақырып барлық баланы жұмысқа ептеп жұмылдырғандай, бәріне қызық,
бәріне де қызмет табылғандай болсын. Дайын мағлұматты мұғалім айтып беріп,
балалар жадағай отырып, таңдағандай болмасын, мұғалімнің жәрдемімен өмір
мәселесін бала өздігінен ойлап, ізденіп шешкендей болсын.
Әрбір тақырып өзге тақырыптар қатарынан оғаш, шешек шыққан үйдей оңаша
тұрмасын. Барлық тақырып көгеннің бұршағындай тізіліп, ол тізілісте белгілі
тетелестік болсын.
Бір тақырыпқа керекті, керексіз көп деректерді шоқпыттап тығып, тақырыптың
басынан асырып тұншықтырмасын. Басы тақырыптан, кіндік пікірден алыстап,
қияға шығып кетпесін, артығының бәрі қырналып, алып тасталсын.
Аймауытұлы «Комплекспен оқыту жолдары», Қазақ баспасы, 1929 ж. 34-35
бет
Сараланған оқуды ұйымдастыру
Сабақ жоспарлау

Оқулық, оқу бағдарламасы, оқу жоспары, КТЖ-мен жұмыс
істеу

Пән бойынша оқу мақсаттарына сәйкес әр түрлі деңгейлі
тапсырмалар дайындау
Тыңдаушылар пәннің оқу жоспарындағы (орта мерзімді жоспар)
жаттығулар стратегиялар мен тапсырмалардың көмегімен
саралауды қалай қамтамасыз ететінін қарастырады.
Ұсынылған тапсырмаларда:
-сыныптағы көпшілік оқушылардың оқу мақсатына қол
жеткізудегі прогресін көрсетуге мүмкіндік беретін жаттығуды
қалай жоспарлауға болатынын;
-көбірек қолдауға мұқтаж оқушыларға арнап жаттығуды қалай
бейімдеуге болатынын;
-анағұрлым күрделі тапсырмалары орындайтын оқушыларға арнап
жаттығуды қалай бейімдеуге болатынын қарастырады.
Сабақ жоспарын бағалау кезінде нені ескеру керек?

сабақ мақсатының, тілдік мақсаттардың дұрыс анықталуы;
бағалау критерийлерінің белгіленуі;
оқыту әдістерінің тиімді таңдалуы;
оқушылардың сабақта жұмыс істеу түрі, оқыту үлгілерінің (жеке,
жұптық, топтық, бүкіл сыныптық) үйлесімділігі;
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың тиімді
таңдалуы;
тапсырмаларға сәйкес дескрипторлардың анықталуы;
үйге берілетін тапсырмалардың дайындалуы;
саралау тапсырмаларының дайындалуы;
бақылау, бағалау түрлерінің анықтығы;
сабақты қорытындылауға қажетті сұрақтардың дайындалуы;
сабақтың ресурстармен жабдықталуы (қосымша оқу материалдары,
т.б.)
Өзін-өзі бағамдау
Рефлексиялық күнделік:
Табысты сабақ
жоспарлау

Пәндердің оқу жоспарының
құрылымы мен мазмұнын талқылау
Қысқа мерзімді жоспарлаудың
ерекшеліктерін бағамдау.

Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған бағдарлама
Шет тілі
Құрастыру Қорытынды аттестаттау тапсырмаларына қойылатын талаптар
МҰҒАЛІМНІҢ САБАҚҚА
БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Геометрия бөлімінің бөлімшелері
Мұғалім - Сынып журналы
Жаңартылған білім беру бағдаралмасы
Орта мерзімді жоспар
Орта мерзімді жоспар және Smart мақсаттары
Пәндер