Белсенді оқушы



Тиімді оқыту және оқу
Тиімді оқыту және оқу тәсілдері. Белсенді оқу әдістерін қолдану. Диалогтік оқыту
Сын турғысынан ойлауға үйрету. Тиімді сұрақтар. Ойлау дағдысының деңгейлері, Блум таксономиясы
Notes: 1-күнді түйіндеу

Жұптық жұмыс XXI ғасыр дағдылары және оқу ортасының ерекшеліктері қандай? Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері қандай?
Тәсілдер туралы идеяларды талқылау;
Тәсілдерді сынып суреттерімен салыстыру;
Өз сыныбында қолданылатын тәсілдердің мысалдары туралы ойлану.

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіз.
Б
Ә
A
В

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Жұпта жұмыс істей отырып, мына суреттермен үлестірме материалда келтірілген тәсілдерді сәйкестендіріңіздер.
G
Ғ
Г
Д
Е

1. Белсенді оқу
Өз тәжірибесінің негізінде үйрену:
оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді;
жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады;
қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады;
нәтижесі - терең білім;
көзқарасты өзгертеді.
F суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Құрылымдалған топтық жұмыс:
тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді;
ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді;
тиімді дербестікті дамытады - «біз бірлесіп табысқа жетеміз»;
оқушылар арасындағы тосқауылдарды жояды.
2. Бірлескен оқу
Ә суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Әр оқушының оқудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру:
түсінік пен дағдылар тереңдейді;
өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады;
оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады;
барлық оқушылар үшін тиімді;
барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады.
3. Саралау
Е суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
4. Пәнаралық байланыс
Пәндердің арасында байланыс орнату:
білім беру бағдарламасының аясын кеңейтіп, теңестіреді;
тереңірек білім алуға мүмкіндік береді;
көптеген дағдыларды қалыптастырады;
түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе алады;
оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі;
оқуға деген уәжді арттыра алады.
Б суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады;
оқыту үдерісіне бағыт береді;
оқушылардың өз жұмысын жақсартуына мүмкіндік береді;
оқушылардың барынша тиімді оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі
5. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру
A суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Оқушылардың тапсырмаларды өзара талқылауы:
оқушылардың көбірек үлес қосуына мүмкіндік береді;
оқушылардың бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелейді;
тақырыпты терең түсінуіне жол ашады;
оқушылардың өз үлгерімі туралы ойланып, әрі қарай не істеу керектігі туралы шешім қабылдауына мүмкіндік береді;
тапсырманы күрделендіріп, оқушылардың уәжін арттырады.
6. Оқу әңгімелері
В суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
Технологияларды пайдалану:
белсенді оқудың қызықты тәсілдерін ұсына алады;
уәжді арттыра алады;
зерттеу жүргізу, қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады;
оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді;
сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді.
7. Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Д суреті

Тиімді оқу мен оқытудың кейбір тәсілдері
8. Модельдеу
Іске асып жатқан ойлау үдерістерін түсіндіре отырып мысал ұсыну:
оқушыларды бір мезгілде пән мазмұны туралы ойлануға және сарапшы ретінде әрекет етуге жетелейді;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне көбірек мүмкіндік беріп, тапсырманы кезеңдерге бөледі;
үдеріс туралы ойланып, рефлексия жасауға ынталандырады.
Г суреті

Ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс
Бала әлеумет мүшесі. Бөле, жеке өмір сүрмек емес, олай болса мектеп баланы жолдастырымен, үй-іші адамдарымен, ауыл-аймағымен жақсы араласқандай, ымыраласқандай, икемді, үйірсек қылып тәрбиелесін. Мектеп балаға өмір сүруді үйренуге бірігіп жұмыс қылуды үйретпек қой. Бұл әсте естен шықпасын.
Ж. Аймауытұлы

Топтық жұмысты пайдалану себептері

Топтық жұмыс арқылы дамытылатын тұлғааралық іскерлік

Топтағы жұмысқа арналған ережелер

Белсенді оқу әдістері
Белсенді оқу үдерісіне қатысу;
Белсенді оқудың не екенін түсіну;
Өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу;
Оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін түсіну.
Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды.
Ж. Аймауытұлы.

Түрлі оқу стратегиялары = оқушылардың білімдерін, дағдыларын және түсініктерін дамытуға арналған орта
Мен естимін, бірақ Мен ұмытамын!
Мен көремін және Мен есімде сақтаймын
Мен өзім істеймін, сондықтан Мен түсінемін!
Белсенді оқу дегеніміз не?

Іс-әрекет арқылы оқу
КӨҢІЛМЕН оқу!
Белсенді оқу дегеніміз…

Құлақ
Көз
Дауыс
Тері арқылы сезіну
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
X
Ақпарат алу
Оқуда қолдану
Сезім органдарын оқу үшін пайдалану
Notes: ОҚУ ПИРАМИДАСЫ
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің орташа көрсеткіштері.
ЛЕКЦИЯ, ОҚУ, АУДИО-ВИЗУАЛЬДЫ АҚПАРАТ, КӨРСЕТУ, ТАЛҚЫЛАУ, ПРАКТИКА, БАСҚАЛАРДЫ ОҚЫТУ.
Құлақ, көз, дауыс, түйсіктер.
Оқуды қолдану. Ақпарат алу.

Топтық пікірталас
Белсенді оқушы қандай болады?
Белсенді оқушыға тән негізгі қасиеттер мен сипаттамаларды көрсетіңіз.
Бүкіл топқа таныстыру
Белсенді оқушы

Белсенді мұғалім қандай болады?
Белсенді мұғалім

Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (1)
Алға ілгерілеуді жандандыру:
Оқу мақсаттарын қайталау;
Әртүрлі жаттығуларды ұсыну;
Дағдыларды шынықтыру;
Бұған дейінгі біліміне негіздеу.

Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (2)
Оқуды қолдау:
Білімге құштарлықты
ояту;
Сұрақ қою;
Эксперимент жасау;
Ұсыныс жасау;
Ойлап шығару;
Оқу стильдерін үйрету.

Ресурстарға келесі сипаттар тән екеніне көз жеткізіңіз:
Ұйымдастырылған;
Қолжетімді;
Бірлесіп қолдануға қолайлы;
Бәріне таныс;
Әзірленген;
Жүйелі қолданылады;
Уақыт өте келе күрделенеді;
Сапасы жақсы.
Белсенді мұғалім: Белсенді оқу қағидаттары (3)

Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану
Өзінің педагогикалық тәжірибесіне белсенді оқу қағидаттарын енгізу;
Оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін түсіну.
Жеке жұмыс
Сіз өзіңіз өткізген табысты жаттығу туралы ойлаңыз.
Шағын топтардағы жұмыс
Өз жаттығуыңыз туралы айтып беріңіз. Белсенді оқу аспектілерін жазыңыздар.
Бүкіл топпен жұмыс
Белсенді оқудың үздік үлгілерімен алмасу.
Оларды табысты оқуға айналдыратын не?

Біз қалай оқытамыз?
Диалогтік оқыту дегеніміз не?
Диалогтік оқыту қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?
Сыныптағы диалогті қалай ұйымдастыруға болады?
Жұптық/топтық жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруа болады?
Топтық жұмыстың тиімділігін қалай бағалауға болады?
Диалогтік оқытуды қолдануда сіздің тәжірибеңізде қандай қиындықтар туындауы мүмкін?
Диалогтік оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Сыныптағы диалогтің маңызы

Оқушылар ерте жастан өзіндік реттелуге бейім. Өзін реттеу арқылы оқуда оқушының тапсырманы өздігінен орындауы, өзіне мақсат қоя білуі, оқушының өздігінен проблемаларды белгілеп, оның мақсатын анықтай білуі, проблеманы шешу және мақсатқа жету үшін тиімді тәсілді өз бетінше таңдауы маңызды.
С. С. Выготскийдің ЖАДА теориясы бойынша даму және іздену үшін балаға өзі өз бетінше толық орындай алмайтын күрделі тапсырмалар беру керек, бұл жағдайда олар үлкендердің көмегіне жүгінеді. Педагог оқушы кез болған қиындықтың табиғаты мен себебін түсініп, оның әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс: баланың өзекті даму аймағына тиісті тапсырмаларды оның өз бетінше орындауына бағыт беріп, өздігінен орындай алмайтын мәселелер бойынша көмек көрсетуі керек. Мұғалім оқушының жақын арадығы аймағын анықтап, қиын тапсырмаларды орындауға қолдау көрсетеді, оқушының өздігінен білім алу қабілетін дамытады.
Қорытындылау
Notes: 1-күнді түйіндеу

Тиімді оқытудың жеті қағидаты
Оқытуды оқушыға бағыттаңыз, олардың өзін оқушы ретінде сезініп, оқуға деген құлшынысын арттыруға жағдай жасаңыз.
Оқытудың әлеуметтік сипатын түсініп, оқушылардың бірлесіп білім алуын қамтамасыз етіңіз.
Оқушылардың ішкі уәжі мен эмоциясына мән беріп, дамытыңыз.
Әр баланың жеке ерекшелігін ескеріп, оқушылардың барлығын бір өлшемге салудан алыс болыңыз.
Оқушыларды жалықтырмай, барлық оқушыларды оқу үдерісіне тартыңыз.
Оқу мақсаттарына сәйкес бағалауды қолданыңыз, кері байланысты тиімді пайдаланыңыз.
Білім салалары мен оқу орталарының және жұртшылықпен арадағы байланыстың болуына қолдау көрсетіңіз.
Adapted from: “The Nature of Learning: Using Research to Inspire Practice, ” OECD, 2012, www. oecd. org/edu/ceri/. htm
«Жоқтан өзгеге, ұзын құлаққа, ырым-жырымға, ескі әдетке оп-оңай нана қоймайтын, естіген білгенінің бәрін ақылына салып, сынататын, сонсоң барып асықпай қорытынды шығыратын оқушыны қалыптастыру маңызды» (Ж. Аймауытұлы) .
Notes: 1-күнді түйіндеу

Ықтимал себептері
Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
Бағалау үшін;
Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
Тақырыпты қайта қарау үшін;
Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
Күрделендіру үшін;
Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
Түсінуге көмектесу үшін;
Бағамдау үшін.
Біз не үшін сұрақ қоямыз?

Жабық сұрақтар “иә”/“жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жақсы сұрақ дегеніміз не?

Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
Біз … қалай істей аламыз?
Сен қалай …?
Егер …, не болады?
Маған … туралы айтып бере аласың ба?
Сен … туралы не ойлайсың?
Сыныпта сұрақ қою үшін осы сөйлем құрылымдарын пайдалануға болады.

Сұрақты теріс айналдырыңыз.
Нақты қайталауды талап ететін сұрақты қоюдың орнына, оны теріс айналдырыңыз, мысалы:
Мыс металл ма?
деген сұрақ
Неліктен мыс металл болып табылады?
… деген сұраққа айналады…
Тиімді сұрақтар қандай болады?
?

X және Y
Оқушылардан неліктен X Y-ке мысал бола алатынын сұраңыз, мысалы,
Неліктен алма жеміс болып табылады?
Неліктен түлкі сүтқоректі болып табылады?
Мұндай сұрақтар нақты қайталаудан гөрі кеңірек білімді қажет етеді - олар себебін түсіндіруді талап етеді.
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Notes: .

Оқушылар сұрақ қояды
Оқушыларға сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз:
Мұғалімнен сұрауға;
Бір-бірінен сұрауға;
Жазбаша сұрақтарға арналған «сұрақ құрылымы» оқушыларға сұрақтарды әртүрлі тәсілдермен қоюға мүмкіндік береді.
Сұрақтарды кім қояды?

Мына сұраққа қараңыздар:
Басқалар (ның) идеясы туралы не ойлайды?
Сұрақты сыныпқа ‘шашып жіберіңіз’ …
Сендер мәселені барынша жан-жақты қамту үшін (ның) жауабын қалай толықтыра аласыңдар?
Содан кейін барынша тиянақты жауап берген оқушыдан сұраңыз…
Сен естігеннің барлығын бір ғана жауапқа қалай сыйдыра аласың?
Сіз сұрақ қоюға, жауап беруге барлық оқушыларды қалай жұмылдырасыз?

Қате жауаптар
Мәселені талқылау үшін қате жауаптарды пайдаланыңыз.
Бұл сыныпта қате жауап беруге қорықпайтын, сондай-ақ «алға ілгерілеуге» талпыныс жасалатын ахуал орнатуға көмектеседі.
Оқушыларды сұрақ қоюға және жауап беруге қалай ынталандыруға болады?
Бұл онша дұрыс емес… Қане, осы туралы сөйлесіп көрейікші…

Ойлануға уақыт беру
Оқушыларға ойлануға уақыт беріңіз:
Мұғалім сұрақ қояды да, оқушының жауабын күтеді.
Оқушылар айтып болған соң, мұғалім жауап бермес бұрын сәл кідіріс жасайды.
Бұл оқушыларға барынша дұрыс жауап беруге немесе басқа оқушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік береді.
Кем дегенде 5 секунд беріңіз
Оқушыларды сұрақ қоюға және жауап беруге қалай ынталандыруға болады?

Сұрақтарды алдын ала жоспарлаңыз - бұл оларды барынша күрделендіре түседі.
Дұрыс қойылған бірнеше ашық сұраққа баса назар аударыңыз.
Сұрақтарды бір-бірден қойыңыз.
Ойлануға уақыт беріңіз.
Сұрақ қою әдісіңізді өзгертіп отырыңыз.
Барлық оқушылардың жауап беруіне мүмкіндік берілгеніне көз жеткізіңіз.
Сіз өз сұрағыңызды қалай тиімді сұраққа айналдыра аласыз?
Notes: Осы слайдты бүкіл сабаққа арналған түйіндеме ретінде пайдаланыңыздар

Кейс-стади әдісі
Ықшамсабақ жаттығуын жоспарлау |
Қызыл түсті асық |
Сапаға жол |
Оқыту үшін бағалау |
Жаңа форматтағы мұғалім |
Оқыту кезеңі |
Кейбір оқушылар |
Кері байланыс мұғалім оқушы |
Мақсатты анықтау |
Диалогтік оқыту жолдары |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz