Биологиялық активті заттар



ҚР Білім және Ғылым Министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы: Биологиялық активті заттар
Орындаған:Орынбасар. Ж
ТФП-34тобы.
Тексерген:Құдайберген. Г
Қарағанды-2019ж.

Жоспар:
1. Кіріспе.
2. Микроорганизмдер- биологиялық активті заттар түзушілер.
2. 1. Амин қышқылдарының түзілуі. Белокты молайтудағы микроорганизмдерді пайдасы.
2. 2. Витаминдерді өндірістік жолмен алу.
2. 3. Микроорганизмдерден ферменттер өндіру.
Қорытынды. Антибиотиктерді ауыл шаруашылығында қолдану.

Микроорганизмдердің амин қышқылдарын, витаминдерді, антибиотиктерді, ферменттерді, гибберреллинді, гормондарды және т. б бағалы биологиялық активті заттарды түзетіні белгілі. Сонғы уақытта белок синтезіне қажетті амин қышқылдарын өндіруге назар аударылуда.

Амин қышқылдарының ішінде ең алғаш өндірілгені- глютамин. Жапон ғалымы Киносита табиғаттан Micrococcus glutamicus микробын тауып, осы қышқылды өндірді. Қазір Жапонияда, АҚШ-та арнаулы заводтарда жылына жүздеген мың тоннадай өндіреді. Глютамин қышқылы - тірі организмдегі протеиндер, әсіресе, қарапайым молекулалы заттар (глутатион, фолий қышқылы т. б. ) құрамына кіреді және бос түрінде де кездеседі. Ол организмдегі азоттык, алмасуда атап айтқанда, амин тобы тасымалдауда және зиянды аммиакты бейтараптандыруда маңызды рөл атқарады. Глютамин қышқылын кейбір ауруларды, әсіресе нервтік ауруларды емдеуде және тамақ өнімдерін дайындауда татымдық қосымша ретіндеде пайдаланады.
Micrococcus glutamicus

Белок молекуласындағы маңызды амин қышқылдардың бірі - лизин. 2, 1кг жасанды лизинді бір тонна азыққа қосып шошқаны жемдегенде ол орта есеппен 13, 6% салмақ қосып, протеин шығынының 20-25%-ке дейін кемітеді. Лизин рационның ең құнды, қажетті құрам бөлігі болып табылады. Нанның құнарлығын арттырады. Егер ультракүлгін сәулемен әсер етсе, микрококкус глютамикус едәуір мөлшерде лизин түзе алады. Bact. aerogenes, Bact. proyeus, Bacillus subtillys, Torula utilis-тен лизин өндіреді. Арменияда жылына 1000т кристалл лизин өндіретін завод іске қосылды.

Candida туысына жататын ашытқы саңырауқұлақтар сыйымдылығы 300 м куб ыдыста 1 т-ға дейін сіңімді белок жинай алады. Ал осындай протеинді өндіру үшін белокты өсімдіктерді 3000 га жерге өсіруге тура келеді. Мал азығына осындай микробтар белогын қосқанда олардың өнімділігі артады.

Көптеген микроорганизмдер өздеріне қажетті витаминдерді синтездей алады, ал қалғандары қоректік ортада қажетті витаминдер болмаса мүлде тіршілік ете алмайды.
Микроорганизмдер
Белгілі бір витаминді қажет ететін-ауксотрофты
Витаминдерге мұқтаж емес-ауксоавтотрофты

Витаминдер
Тиаминді(В1) ашытқы санырауқұлақтары көп мөлшерде бөле алады. Кейбір микроорганизмдер, сүт қышқылы бактериялары В2-рибофлавин витаминіне тым мұқтаж. Ал Eremothecium ashbye, cl. acetibutilucum және Candida мен Myxobacterium микроорганизмдерінің бірқатары осы витаминді мол түзеді. Соңғы жылдары дүние жүзі мемлекеттерінде В12 витаминін өндіру қолға алынып отыр. Ол іс жүзінде жоғары сатыдағы өсімдіктерде кездеспейді, оны тек микроорганизмдер ғана түзе алады. Медицинада, мал шаруашылығында кеңінен қолданады. В12 витаминін қоректік ортада Act. olibatus, Act. griseus бактериялардан Bac. meghaterium, L. casei және пропион қышқылы бактерилары Propionibacterium shermanii көптеп түзе алады.
Адам мен жануарларға аса қажетті витаминдердің біріне А витамині жатады. Өндірістік жағдайда блаксела саңырауқұлағын қолданады.

Биологиялық активті заттарды микроорганизмдердің басқа топтары да түзе алады. Микробтар түзетін заттардың ішіндегі маңыздыларының біріне гетероауксин жатады. Ол алғаш рет ризофус деген саңырауқұлақтан алынды. Сонымен бірге, ол жоғары сатыдағы өсімдіктердің де клеткаларында кездесетіні анықталды. 1950 жылдарда өсімдіктердің өсуімен дамуына зор әсер ететін физиологиялық активті зат - гиберелинге көп назар аударылды. Оны өсімдікті зақымдайтын саңырауқұлақ гиберелла фуфикори түзеді. Оны алғаш рет зерттеген жапония ғалымы Куросава. Ол күріш өсімдігінің осы саңырауқұлақтың әсерінен ауыратынын анықтады. Күріштің сабағы шамадан тыс үзарып, сарғайыіп, ақыр аяғында, оның елетінін байқады. Осы кезде гиберелинді микроорганизмдерден алуға болатыны анықталды.
гетероауксин
гибберрелин

. Қазір халық шаруашылығында микробтардан өндірілетін басқа да бағалы заттар - ферменттерді колдану етөк алып отыр. Бүл үшін Aspergillis, Penicillum микроскоптық саңыраукұлактары қолданылады. Олар ағаш үгінділерінде жақсы өседі. Бүл үшін ағаш үгіндісіне қоректік заттар қосып зарарсыздандырады да, оған жоғарыдағы саңырауқүлақтарды егеді. Осы ортада саңырауқүлақтар біраз мәлшерде ферменттер түзеді. Ферменттерді таза күйінде арнаулы технологияны қолдану арқылы бөліп алады. Осындай әдіопен инвертаза, авоморин, оризин ферменттерін ендіреді. Соңғы жылдары ферменттерді бактериялардан да алуға болатыны анықталды. Оған бациллус субтилистен алынатын субтлин жатады.

Осындай әдіспен инвертаза, оризин, пектиназа ферменттерін өндіреді. Соңғы жылдары ферменттерді бактериялардан да алуға болатыны анықталды. Оған Bacillus Subtilis алынатын субтилин жатады.

Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. ) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді.
Мал азықтық антибиотиктерге бацитрацин жатады. Бацитрацин - бактериялар түзетін антибиотиктер тобына жататын антибиотик. Бұл антибиотиктің продуценті шөп бацилласының тобына жатады. Грам əдісімен оңға боялатын бактерияларға бактериостатикалық және бактерицидтік əсер етеді. Бацитрацин əсер ету спекторы бойынша пенициллинге жақындайды. Оны Bac. Subtilis және Bac. licheniformes алады.
Str. aureverticillatus микробының түзетін витамицин организмде А витаминінің жетіспеушілігін толықтыруға көмектеседі.

Практикада кең қолданысқа ие антибиотиктер актиномицеттердің метаболиттері болып саналады. Актиномицетті шығу тегіне ие ең бірінші антибиотиктердің бірі - мицетин, ол 1939 жылы совет ғалымдары Красильников және Коренякомен ашылды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz