Витаминдер туралы жалпы түсінік




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Тақырыбы: К дәрумені

Қабылдаған: Кажмуратова А.Т.
Орындаған: Раманқұл Лаура
Топ: ТФП-34
ЖОСПАР
Кіріспе
Витаминдер туралы жалпы түсінік

Негізгі бөлім

К витамині.

Құрылысы.Тағам көздері.Биологиялық маңызы

Қорытынды
ВИТАМИНДЕРДІҢ АШЫЛУ
ТАРИХЫНАН...

1881жылы орыс дәрігері Н.И.Лунин өз
эксперименттері негізінде тамақ
құрамындағы қандайда бір ерекше
заттардың болмауынан ауруға ұшырауын
анықтады.

1911жылы поляк ғалымы К.Функ
тазартылмаған күрішпен қоректенген
көгершіндерді сал(паралич) ауруынан емдеген
затты күріш кебегінен алды. Ол бұл затты
витамин(лат.vita-тіршілік)деп атады.
Витаминдер
Витаминдер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық
- түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне
қажетті дәрумендерді алып отырады. Күнделікті ішіп
отыратын тағамдарымыздың кейбіреулерінің құрамында
адам организміне аса қажетті дәрумендер жетіспейді. Демек,
тағамда дәрумендер жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға
жиі шалдығады. Соған қарағанда «Ас дәмімен тәтті» немесе
« Ас жүрген жерде ауру тұрмайды» деп жұрт бекерге
айтпаған. Дәрумендер адам өмірінің арқауы, онсыз адамның
денсаулығы ойдағыдай болмайды, тіпті адам тіршілік ете
алуы да мүмкін емес. Олай болса дәрумендерді қарапайым
тілмен айтқанда тіршілік нәрі, өмір серігі деуге болады.
ВИТАМИНДЕР
Суда еритіндер Майда еритіндер

Н В
А

В D
С

В 6 Е
В 1 К
К ВИТАМИНІ
К дәруменi (филлохинон) қанның ұю процестеріне
қатысады. Өсімдіктердің көктеп енетін
бөліктерінде (жасыл жапырақты саумалдық, түбірлі
және жапырақты қырықжапырақ, қалақай және т.
б.), сондай-ақ сәбіз және томат құрамында болады.
Малдан алынатын өнімдердің ішінде бауырдан
басқа да К дәрумен жоқ.
- 1935 жылы дат биохимигі Хенрик Дам
анықтады,
1943жылы осы еңбнгі үшін Нобель сыйлығына ие К авитаминозы
болды;

-Салат жапырағында, бауырда көп кездеседі;

-Қан ұюына ,ішекте органикалық заттардың
сіңірілуіне қатысады;

-К витамині жетіспеушілігі өте сирек кездеседі,
себебі ішек қабырғасында жеткілікті мөлшерде
түзіледі.
К ВИТАМИНІ
антигемморрагиялықвитамин. К
дәрумені күнделікті пайдаланатын
барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті
ішектегі кейбір бактериялардың
әсерімен жаңадан пайда болып
отырады. Сондықтан бұл дәруменнің
жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың
салдарынан деп түсіну керек. К
дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы
зор. Ғалымдардың ұйғаруынша,
тәулігіне адамға 0,2-0,3 мг К дәрумені
қажет.Химиялық құрылысы.Филохинон
2-метил -1,4-нафтахинон туындысы.Бұл
филохинондар мен менахинондардың
үлкен тобына жатады.1929 жылы
даниялық ғалым Г.Дам
антигеморрагиялық фактор ретінде
шөжектерден бөліп алды.
БИОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Адам үшін К1-және К2 витаминдері ең алдымен,қан
ұю процесін жылдамдату үшін немесе қалпына
келтіру үшін қажет.Бұл витамин тікелей қанның ұю
процесіне және тромбиннің түзілуіне қатыспайды.К
витамині протромбиндердің түзілуіне және осы
күрделі жүйедегі II,VII,IX,және X-ыншы
факторлардың түзілуіне қатысады.Дәлірек
айтсақ,глутамин қышқылы қалдығын ГАММА –
карбоксилдендендіру арқылы,ГАММА –
карбоксижүйелерін түзуге қатысады.ГАММА-
карбоксижүйелері кальций иондарын байланыстыру
үшін қажет.
Сонымен қатар,менохинондар фотосинтез,тотығудан
фосфорлану немесе дегидроорот қышқылының
оротатқа тотығуы сияқты,кейбір биохимиялық
тотығу-тотықсыздану реакцияларының медиаторы
болып табылады.Табиғи К1 және К2 витаминдерінен
басқа,бұлардың көптеген синтетикалық аналогтары
белгілі.Көбінесе,олардың биологиялық активтілігі
жоғары болады.Мысалы,менадион(витаминК3)
,организмде алкилденіп,менахинон 4-ке (К2(20))
айналады және басқа К витаминдері метаболизмінде
аралық өнім болып табылады.
АВИТАМИНОЗЫ
ТАБИҒАТТА ТАРАЛУЫ
К витаминімен, әсіресе өсімдіктердің жасыл бөлігі бай келкді
және ішектің микрофлорасы К витаминінің жеткілікті мөлшерде
синтездейді.Сондықтан, бұл витаминге тапшылық тек қана,жаңа
туған нәрестелерде байқалуы мүмкін.Ересек адамдарда К
витаминінің жетіспеуі,сульфаниламидтердің немесе
антибиотиктердің әсерінен ішектің микробтары жойылғанда
байқалады және эмульгатор болып табылатын өттің жеткіліксіз
түзілуіне байланысты витамин К-нің нашар сіңірілуінен
болады.Кейбір ауруларда (миокард инфаркті,тромбофлебит
т.б.)қанның ұюы күшейгенде,қан тамырларында тромбның
түзілуі артқанда,оларды қалпына келтіру үшін К2 витаминінің
антивитаминдерін (антикоагулянт)қабылдау қажет
болады.Бұларға дикумарол,оның аналогтары мен туындылары
және фенилин жатады
ҚОРЫТЫНДЫ
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше
ағзалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне
қатысады. Дәрумендер тағам құрамында аз мөлшерде
болғанымен, ағза үшін өте қажетті заттар. Дәруменсіз ағзаның
өсуі, дамуы мен тіршілік жалғастыруы мүмкін емес.
Сондықтан витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін
қажетті зат деп аталуы маңызы зор. Дәрумендер ағзадағы зат
алмасу үдерісінде қарқынды әсер етеді. Қазіргі кезде
дәрумендердің 30-ға жуық түрлері бар. Дәрумендер әсіресе
балалар мен жасөспірімдер үшін дұрыс өсуі, дамуы үшін өте
қажет. Ағзаның түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін
арттырады.


Ұқсас жұмыстар
Мал организмінде майда еритін витаминдердің биомедициналық қасиеттері
Витаминдер және олардың маңызы жайлы
Витаминдер
Суда еритіндер Майда еритіндер
Токоферолдар - сарғыштау келген май
Витаминдердің фармакологиялық үйлесімсіздігі
Фолациндер алмасу коферменті
Дәрумендер туралы жалпы түсінік
Суда еритін витамин
Дәрумендер тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше ағзалық қосылыстар
Пәндер