Химиялық формулалар


Slide 1

Химиялық формулалар. Валенттілік. Салыстырмалы молекулалық масса

Slide 2

Бүгінгі сабақта:

Валентілік бойынша бинарлы қосылыстардың химиялық формуласын құрастырамыз.

Химиялық қосылыстың формуласы бойынша оның салыстырмалы малекулалық массасын есептеуді үйренеміз.

Slide 3

Тірек сөздер

Химиялық формула

Индекс

Коэффицент

Салыстырмалы молекулалық масса

Валеттілік

Бинарлы косылыстар

Slide 4

Химиялық формула-заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер арқылы шартты түрде жазу. Химиялық элмент таңбасы оның бір атомын көрсетеді.

Ал индекс молекуладағы химиялық элемент атомының санын көрсетеді . Ол химиялық элемент таңбасының оң жағынан төменірек жазылады.

Молекулалары екі атомнан тұратын заттарды еске түсіріңдер. оларды жаттап алыңдар:H2, N2, O2, F 2, CL2, Br2, I2.

Slide 5

Химиялық формула заттың сапалық және сандық құрамын көрсетеді. Атомдардың немесе молекулардың санын көрсету үшін коэффициент пайдаланылады. Коэффицент химиялық элемент таңбасының немесе химиялық формуланың алдына жазылады

Химиялық формулаларды заттың құрамы туралы мәліметтерге сүйеніп табады. Дегенмен химиялық формула құрғанда көбінесе химиялық элементтердің валенттілігі ескеріледі.

Slide 6 Slide 7

Валенттілік

Валеттілік-бұл химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомының блгілі санын қосып алу қабілеті.

Валенттілік сутек атомының валенттілігімен анықтау енгізілген. Берілген элемент атмы сутектің бір атомын қосып алса, бір валентті, екеуін қосып алса, екі валетті т. с. с. Мысалы:HCl, H2S, NH3, CH4.

Валенттіліктің мәні рим цифрымен элемент таңбасының үстіне жазылады . Іс жүзінде кейбір элементтердің суекті қосылыстары белгісіз. Бірақ элементтердің барлығы дерлік оттекпен қосылыстар түзеді. Оттек тұрақты II валентті . Сондықтан элементтердің валенттілігі оттек бойынша да анықтайды.

Мысалы:MgO, CaO оксидтерінде Mg мен Ca атомдары оттектің бір атомымен қосылған. Демек, кальций мен магний екі валентті.

Көптеген химиялық элементтер қосылыстарында тұрақты валенттілік көрсетеді. Бірақ кейбір элементтердің валенттіліктері ауыспалы болады. Күкірт SO2 қосылы. сында төрт валентті, ал SO3 қосылысында алты валентті

Slide 8 Slide 9

Валенттілік бойынша формула құрастыру.

Екі элементтен тұратын қосылыстар бинарлы қосылыстар деп аталады. Мысалы:оксидтер бинарлы қосылыстарға жатады.

Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру ушін берілген қосылыстардың құрамына кіретін элементтердің валенттіліктерін білу керек.

Slide 10

Формуланы құрастыру алгоритмі:

1) Химиялық элементтердің таңбаларын қатарластырып жазамыз: NaO, AlO, PO

2) Химиялық элементер таңбаларының үстіне валенттіліктерін рим цифрларымен жазамыз:

I II III II V II

NaO, AlO, PO

3) Екі элемент валенттіліктерінің ең кіші ортақ еселігін табамыз:

2 6 10

I II III II V II

NaO, AlO, PO

4) Ең кіші ортақ еселіктің мәнін әрбір элементтің валенттіліктеріне бөліп, атомдардың индекстерін анықтаймыз (1деген индекс жазылмайды) : N 2O, Al2O 3, P 2O5

Егер элемент ауыспалы валенттілік көрсететін болса, оның валеттілігі жақшаға жазылады. Мысалы: FeO-темір (II) оксиді ал Fe2O3-темір (III) оксиді

Slide 11

Салыстырмалы молекулалық масса

Массаның атомдық бірлігі арқылы өрнектелген малекуланың массасы берілген заттың малекулалық деп аталады.

Көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен берілген молекула массасы неше есе ауыр екенін көрсететін шама салыстырмалы молекулалық масса (Mr) деп аталады. Мысалы:сутек молекуласы массасының атомдық бірлігінен 2есе ауыр.

Салыстырмалы молекулалық масса-өлшемсіз шама. Өйткені молекула құрамына кіретін атомдардың массасы да өлшемсіз шама.

Химиялық формулалар мен салыстырмалы атомдық массалар арқылы заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеуге болады. Ол үшін әр элементтің салыстырмалы атомдық массасы атом санына көбейтіліп, алынған шамалар қосылады.

Slide 12 Slide 13

Химиялық формулалар бізге қандай мәліметтер беретінін су және магний сульфиді мысалында қарастырайық

Slide 14

1-есеп. Магний карбонатындағы MgCO3 элементтердің массалық қатынастарын есептеңдер.

Шешуі. Химиялық қосылыс құрамындағы элеметтердің салыстырмалы атомдық массасы мен атом сандарын біле отырып, осы элементтердің массалық қатынастарын есептеуге болады:

m(Mg) :m(C) :m(O) =24:12:48=2:1:4, 2+1+4=7

Магний карбонатының 7массалық бөлігіне 2массалық бөлік магний, 1массалық бөлік көміртек және4 массалық бөлік отток сәйкес келеді, массалық бөлікті кез келген өлшем бірлігімен (г, кг, т) есептеуге болады. 7г магний карбонатында 2 г магний, 1 г көміртек және 4 г оттек бар.

Slide 15

Білімінді тексер

Білімінді тексер

1. Заттың химиялық формуласы нені көрсетеді?

2. Химиялық формуладағы коэффицент пен индекс нені көрсетеді?

3. Химиялық таңбалар, индекстер және коэфиценттерді пайдаланып, заттардың формулаларын жаз және салыстырмалы молекулалық массаларын есепте.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы
«Модельдерді зерттеу» практикаум
Ақпараттық модельдеу
Модельдеу нәтижесін талдау
Арнайы модельдер ақпараттық модель
МЕНІҢ ЖОБАМ
Химиялық элементтердің периодтық жүйесін ұсынған ғалым
Органикалық қосылыстардың кеңістіктегі құрылысы
Физикалық қасиеті
Ерітіндінің нормальді концентрациясын есептеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz