Саяси лидерлік



Саяси лидерлік
Орындағандар: Дадабек Дастан
Есқуатова Нейля
Тексерген:

Жоспары:
1) Кіріспе
2) Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапасы
3) Лидер, Лидерге тән қасиеттер
4) Саяси лидер
5) Қазақстандағы лидерлік
6) Қорытынды
7) Пайдалынылған әдебиеттер

1) Кіріспе
Жалпы лидерлік саяси салада саяси басқару негізінде түсініледі. Қайырымды халықтың басшысы болу үшін тек лидерлік қасиет қана емес, мемлекет те көшбасшылық қасиет танытуы тиіс. Мемлекет, ұлттың лидерлігі қазіргі теорияда жеке қарастыратын нысан болып табылмайды. Осы түсінікке сипаттама беруде лидерлікті ұстап қалу және иеленудегі заңдылықтарды айқындаймыз. Ал жалпы мемлекет лидерлігін зерттеуде әлемдік ұйымдастырушылық-қызмет құрылымын, оның тенденцияларын, әлемдік қауымдастықтың тұрақты дамуына қатер туғызатын жағдайларын қарастырамыз.

2) Саяси лидерлік және оның типтері, қасиеттері, қызметтері, белгісі мен сапасы
2. 1 Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.

2. 2 Саяси лидерліктің - табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-ойшылдардың консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Лидерліктің саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т. б. жасаған. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.

3) Лидер, лидерге тән қасиеттер
3. 1 Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) -сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам.

3. 2 Лидерге тән қасиеттер:
1. Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
2. Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
3. Бастамашылдығы;
4. Өзіне-өзінің сенімділігі;
5. Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
6. Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
7. Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

4) Саяси лидер
4. 1 «Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Саяси лидерлік -ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі лидер әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады.

4. 2 Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.

4. 3 Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша:
1. Мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;
2. Қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;
3. Лидер -биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.

4. 4 Саяси лидерлік -өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.

4. 5 Саяси лидердің негізгі қызметі 6 олар:
- интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау - алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;
- билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;
- бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;
- прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

4. 6 Лидердің мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:
1. биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.
2. психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.
3. әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т. б. байланысты.
4. саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.
5. әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.

5) Қазақстандағы лидерлік
Қазіргі замандық Қазақстан жағдайында саяси лидерлік түрлі деңгейде, яғни лидерлік белгілі бір жергілікті жерде немесе топта, сондай-ақ саяси қозғалыс немесе партия шегінде жүзеге асатын жалпы мемлекеттік, аймақтық және жергілікті жер деңгейінде болады. Қазақстандағы лидерлікті түсіну үшін елдің Президенті болып табылатын мемлекет басшысы туралы әңгіме болған кезде, оны жалпы мемлекеттік деңгейде зерттепбілу шешуші маңызға ие болады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz