Өзін-өзі тәрбиелеу: теориясы, әдістері және педагогикалық маңызы


Slide 1

тұлғаның өзін өзі тәрбиелеу үрдісін

ұйымдастыру және оның

негізгі әдіс-тәсілдері

Slide 2

Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әр-бір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.

Slide 3

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы Абай тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.

Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Өзіңнің жан дүниеңе терең үңіліп, дұрыс-бұрыстың аражігін ажыратудың өзі, меніңше, үлкен өнер. Сол өнерді игеріп, ерекше табандылық, шыдамдылық пен төзімділік таныта білген адамдар тарихта да көптеп кездеседі: ескі заманның аты шулы шешені Демосфен, америкалық соқыр, мылқау, керең Эллен Келлер, француз суретшісі Анри Ренуар, атақты композитор Бетховен, украин жазушысы Леся Украинка, керең, соқыр, мылқау ғалым Олеся Скороходова. . тізе берсең мұндай тұлғалар жетерлік.

Slide 4

Әр адамның жан дүниесі - ерекше сырлы, жұмбақ әлем. Біздің рухани байлығымызды жетілдіріп, бойымыздағы кемшіліктерден арылтатын ең күшті қару да тек адамның өз ерік-жігері екені сөзсіз.

Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілер - бойындағы тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Бұл тізімді жалғастыра берсек, шегіне жетуіміз екіталай сияқты.

Өзіңді тәрбиелеу үшін алдымен мақсат қойып, күш-жігер жұмсап, өзіңді-өзің бақылап, өз ісімізге талдау жасап отырғанымыз абзал. Ал психолог мамандар өз кезегінде өзін-өзі тәрбиелеудің бірнеше әдістерін көрсеткен. Олар - өзін-өзі сендіру, тексеру, жазалау. Осы мәселе төңірегінде М. Жұмабаев: «Адамның өзін-өзі тексеруі оның

Slide 5

Сухомлинский: «Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру - ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы», - деген екен. Ал біз қазіргі қоғамда сол бұлақтың тамшысынан қаншалықты нәр алудамыз?!

Slide 6

1. Жеке міндеттеме - белгілі мерзім

аралығында өзі атқаратын мінде-

ттерді таңдап алып, есеп ұқсас

өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз

кемшілігін жою үшін қолданады.

2. Өз іс-қылығына талдау жасау -

өзінің кейбір қылықтарына сын

көзбен

қарап, себебін білгісі келуі,

оны жоюға тырысуы.

3. Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұ -

мысты атқару, баланың өз

іс-қылығына жауаптылығы, жол -

дастарымен тәжірибе алмасуы.

4. • Өзін-өзі бақылау - кемшіл -

іктерін болдырмау үшін

жағымды мінез-құлықтарын

дамыту мақсатында күнделік

жүргізу.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері

Slide 7

Өзін-өзі тәрбиелеудің қосымша әдістері: ►Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Темекі тартуды қойғысы келетін адам "Мен енді темекі тартпаймын" - деп, өзіне-өзі сенімді түрде әркез айтуы тиіс. ► Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өз тарапынан мұның мәдениетсіздік, жексұрындық екенін, тәрбиелі адамның ондай іс істемейтінін, әбден өзі арылғанша қайталап айтумен болады. ► Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орнына қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар. ► Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау. Мысалы, 9-сынып оқушысы қызықты киноға баруға билет алады. Алдында сабағына шала әзірленіп, екі алып қала жаздағаны ойына оралып, келесі сабаққа жөнді әзірленбегені есіне түсіп кинодан бас тартады.


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеудің теориясы, әдістері және педагогикалық тәсілдері
Өзін-өзі тәрбиелеу: тұжырымдама, қағидаттары және педагогикалық әдістері
Психикалық өзін-өзі реттеу: теориясы, түрлері және педагогикалық әдістері
Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі білімдендіру арқылы кәсіби дамуды жоспарлау
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытудағы педагогикалық қолдаудың принциптері
Өзін-өзі тану: ұғымдық негіздері мен педагогикалық-тәрбиелік маңызы
Ұлы педагогтардың өзін-өзі тәрбиелеу идеялары және болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау тәсілдері
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың психолого-педагогикалық шарттары
Педагогикалық менеджмент: ұғымдар, функциялар және оқушының өзін-өзі басқаруы
Педагогтың өзін-өзі кәсіби және шығармашылық дамыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz