Түйсік психологиясы
Презентация қосу
Түйсік психологиясы
Жоспар:
1. Түйсік туралы түсінік
2. Түйсінктің жіктелуі
3. Түйсінктің түрлері
4. Түйсінктің негізгі заңдылықтары
Түйсiк –материалдық дүние
заттары мен құбылыстарының,
сондай-ақ организмнiң iшкi
күйлерiнiң жеке қасиеттерiн
бейнелеуде көрiнетiн қарапайым
психикалық процесс.
Рецептор – бұл дененiң үстiнде
немесе оның iшiнде орналасатын және
табиғаты жағынан әр түрлi
тiтiркендiргiштердi - физикалық,
химиялық, механикалық және т.б. -
қабылдауға және оларды жүйкелiк
электр импульстарына түрлендiруге
арналған арнайы органикалық құрылғы.
Түйсiктiң жiктелуi
1898 жылы В. Вунд рецепторлардың адекватты
тiтiркендiргiштердiң энергиясына тәуелдiлiгі бойынша
классификациясын ұсынды.
механорецепторлар тәндердiң деформациясының,
жиырылуының немесе жылжуының механикалық
энергиясын қабылдайды.
хеморецепторлар –Химиялық заттарға сезгiштiк бiр
клеткалық организмдерде де болады. Құрлықтағы
жануарларда олар тұмсықтық және ауыздық қуыста
орналасқан. Хеморецепторлардың кейбiр ерекше түрлерi iшкi
мүшелерде де кездеседi.
фоторецепторлар жарықтық энергияны қабылдайды.
Жарықтық тiтiркендiргiштерге сезгiштiк филогенезде
прогрессивтi түрде дамыған. Оның эволюциясы көру мүшесi
– көздiң өзгеруiмен байланысты болды.
1906 жылы ағылшын физиологы. Ч. Шерингтон организмде орналасуы
мен атқаратын қызметi бойынша сенсорлық процестердiң жiктеуiн ұсынды.
Экстероцептивтi сыртқы тiтiркендiргiштердiң әсерлерiне сезгiштiк. Ол
бес 15 негiзгi модалдықтан тұрады – көру, есту,
сипап сезу,
иiс сезу және дәм сезу. Экстероцептор маңызды бағдарлаушы және
реттеушi қызмет атқарады. Объектiнiң рецепторға әсерi бойынша
экстероцепторлардың екi түрiн бөлiп көрсетедi: контакттық және дистакттық.
Контакттық рецепторларға дәм сезу, сипап сезу рецепторлары жатады.
Дистанттыққа көру, есту, иiс сезу рецепторлары кiредi.
Проприоцептивтi - дененiң немесе оның бөлiктерiнiң кеңiстiктегi
орналасуы мен қозғалысына сезiмталдық. Қозғалысты қабылдауға арналған
проприоцепцияның түрiн кинестезия деп атайды.
Интероцептивтi – организмнiң iшкi ортасында жүретiн алмасу
процестерiне сезгiштiк. Интероцепторлар барлық iшкi мүшелерде кездеседi
және сан-алуан органикалық процестерге - қанның химиялық құрамы мен
қысымының өзгеруiне, ткандердiң температурасының өзгеруiне, асқазанның
толуының және т.б. өзгеруiне жауап бередi. Интероцептивтi қызмет ету
көбiнесе санадан тыс жүзеге асады.
Есту түйсiнуi. Адамның есту түйсiнулерi сөйлеу мен музыканы
қабылдаумен байланысты.
Есту түйсiнулерi есту рецепторына әсер ететiн дыбыс шығарған
денемен тудырылатын және ауаның кезекпен шоғырланып, сиреуi
дыбыстық толқындарды бейнелеу болып табылады.
Есту адаптациясы - есту сезiмталдығының түрлi дыбыс күшiне
бейiмделуi.
Есту өткiрлiгi - сыбырлап айтылған сөздi құлақтың ұзақтан анық
есту қабiлетi.
Көру түйсiнуi. Көру түйсiнуi адамға өте бай әрi нәзiк ажыратылатын
кең көлемдi мәлiметтердi бередi.
Көру түйсiнуi көзге жарық сәулесiнiң әсерi нәтижесiнде пайда
болады. Бiздiң көзiмiз жалпы түстердi емес, белгiлi бiр заттардың түсiн
қабылдайды. Заттар бiзден белгiлi бiр қашықтықта орналасып, түрлi
формада, көлемде және т.б. болады. Көру бiзге объективтiк шындықтың
барлық осы көптүрлi қасиеттерiн бейнелендiредi.
Иiс сезу түйсiнуi. Иiс сезу химиялық сезгiштiктiң
түрлерi болып табылады. Осы кезге дейiн иiс сезу адамда
маңызды рөл атқармайды деген пiкiр болды. Алайда иiс сезу
вегетативтiк жүйке жүйесiнiң қызметiне әсер етедi және
адамның көңiл-күйiнiң тонын анықтайтын жағымды немесе
жағымсыз эмоциялық фонды тудырады.
Дәм сезу түйсiнуi иiс сезу сияқты заттардың химиялық
қасиеттерiмен шартталады. Дәм сезетiн қасиеттердiң негiзгi
төрт түрiн бөлiп көрсетедi – тұзды, қышқыл, тәттi және ащы.
Дәм сезуде компенсация, яғни бiр дәм сезу түйсiнуiнiң
(тұзды) басқамен (қышқыл) басылып қалуы үлкен рөл
атқарады.
Дәм сезу түйсiнулерi вегетативтiк жүйке жүйесi арқылы
эмоциялық көңiл-күйге әсер етедi.
Сипап сезу түйсінулері
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын
түйсінулерінің бірі — сипай сезу (осязание) түйсінуі.
Сипай сезу түйсінулерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақ-
түйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол
еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау,
керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі
1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.-
М., 2009.
2. Жақыпов С.М. Жалпы психология негіздері: дәрістер
курсы. - Алматы, 2008.- 159.
3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы,
2013.
4. Жарықбаев, Қ. Жантануға кіріспе. - Алматы:
"ИНФОРМ - АРНА", 2009.- 187.
Zh-A-S
Zhanayev Ayat Sattakhanulu
Назарларыңызға рахмет
Дайындаған : Жанаев Аят
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz