Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық - гигиеналық нормалары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау санитарлық-
гигиеналық нормалары

Тексерген:Қойгельдинова.А.С
Орындаған: Әділханова.Д.С
Тобы: ВС-503
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Құс шаруашылық кәсіпорындарын жобалау
2. Санитарлық-гигиеналық нормалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды
дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық
сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс
Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері
қалыптаса бастады.
Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа
өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі
Зерттеу нысаны мен әдістері:
Зерттеу нысандары және объектілеріне етті
бағыттағы кросстар (гибридтер), құс қоралардың
экологиялық жағдайы, атап айтқанда, құс
қораларының микроклиматы, санитарлық-
гигиеналық жағдайы, балапандарды өсіру
технологиясы қамтылып, олар экологиялық және
зооинженерлік әдістемелерге негізделеді.
Құс кәсіпорындарының
жобаларында құсқа қажетті
микроклимат жасау, еңбекті
көп керек ететін процестерді
механикаландыру көзделеді.
Жұмыс көлемінің
жобалануы, оларды жүзеге
асыру прогресті әрі тиімді
жүргізілуі керек. Белгілі бір
фермаға арналған жобаны
таңдауда олардың жергілікті
жердің жағдайына сай келу
жағын ескеру керек.
Құс қораларын жобалау, салыну кезіндегі
ерешеліктері:

Ересек құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде
бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды
шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандарды топтастырылған,
емесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Ересек құстарды және
балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді.
Құстың түріне, жасына және жергілікті жағдайға байланысты
бағып-күту тәсілін біріктіре жүргізуге де болады. Ересек құстардың
барлық түрлерінің мекиендерін еркін серуен жағдайда бағып-күтеді.
Экстенсивті

Интенсивті
Құс
шаруашылығында
үш түрлі ұстау
жүйелері:

Жартылай
интенсивті және
аралас
Экстенсивті жүйе – көбінесе кіші құс
фермаларында белгілі бір мезгілдерде ет
және жұмыртқа өнімдерін алуға
бағытталған. Мұндай фермаларда
құстарды едендерде ұстап, табиғи
жарықтандыруды, ауаны желдетуді және
мезгілді серуендетуді пайдаланады да,
ондай кездерде фермадағы ауыр
жұмыстарды (азық тарату, көң тазалау
т.б.) механикаландырудан гөрі қол
жұмыстарының бөлігі жоғары болады.
Интенсивті жүйе – жыл бойына
жоспарлы түрде біркелкі сапалы, мол
өнім алу үшін жоғарғы өнімді құстарды
клеткаларда және едендерде ұстап,
технологиялық процесстерді
(вентиляция, канализация,
жарықтандыру, азықтандыру т.б.)
механикаландырып, автоматтандырып
және арнайы зауаттарда дайындалған
құнарлы құрама жемдерді пайдаланып,
серуенсіз ұстайды.
Аралас немесе жартылай интенсивті жүйе – құстарды
технологиялық процесстері автоматтандырылған және
механикаландырылған қораларда ұстап, бірақ шектеулі
серуендетуді пайдаланып (қаздар, үйрету фермаларында)
немесе құстар жылдың бір мезгілінде экстенсивті, ал
басқа уақытында – интенсивті жүйеде ұсталады.
Санитарлық-гигиеналық орналастыру
нормасы

Құстарды орналастыру кезінде олардың орнының тығыздық нормасы, құс
қораларының әр бөлмелерінің рұқсат етілген сиымдылығы, азық және суару
орындарының ені ескеріледі.
Құс орындарын тарылту олардың өнімін төмендетіп, ауру шығуын арттырады.
Бірақ, нормадан кем мөлшерде орналасса, өндірістегі құс саны азайып, өнімінің
шығымы төмендейді.
Құстарды едендерде ұстау тәсілі қаралса құс қораларының сиымдылығы құс
түріне, жасына, жынысына және бағытына байланысты әртүрлі болып 12-5 мың
басқа дейін өзгерісте болады.
Құс шаруашылықтарында сонымен қатар бройлерлердің азығының
сапасына мал дәрігерінің санитариялық бақылауды азық қорын сырттай
қарап көру немесе кез-келген мал дәрігерлік лабораторияда санитариялық-
гигиеналық және химико-таксикологиялық зерттеу жолымен жүзеге
асырылады. Құс шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы санитариялық
киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім бұл жұмысшыларды
физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын
құрал.
Құс кәсіпорындары салынатын жерлерді таңдап алудың зор
маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол
бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге,
мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ
орналасуына – құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының
өркендеуі тікелей байланысты болады.
Бройлер балапандарына арналған қораларында таза ауаны
механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды
желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін
ауаның мөлшері құстың тірілей салмағының 1 кг-на балапандар
үшін 1,2-1,5 м болуы тиіс, ал ересек құстарға – 5 м, ет үшін
бордақыланатын құстарға - 5 м жазда, қыста - 1,5-2 м көлемде
болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы
желдетіледі, яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа
кіріп тұрады, мұнда өкпек жел болмауы тиіс.
Қорытынды

Жалпы құстардың азғана жерде көптеп орналасқан жағдайында оларды әртүрлі
аурулардан сақтандыру тек қана ветеринариялық санитарлық ережелерді
орындап, гигиеналық талаптарға сай жұмыс істегенде ғана болады.
Құс қораларындағы қалыпты микроклиматты (оптималды) қамтамасыз ету үшін
таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған ауаны төменнен шығарып
отыратын тиімді ауа алмастыру жүйелерін, көбінесе механикалық түрлерін
пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Садуақасов М.С. Ветеринариялық – санитариялық гигиена. - Алматы,
2008 ж
2. 4Садуақасов М.С. Ауыл шаруашылық малдары мен құстардың
гигиенасы. ІІ-кітап. - Алматы, 2010 жыл
3. Интернет желісі.http://kaz2.docdat.com/docs/index-122498.html?page=3

Ұқсас жұмыстар
ӘР МАЛ ТҮРЛЕРІНЕ МИКРОКЛИМАТ ЖАСАУ ШАРАЛАРЫ
Жобалардың түрлері
Мал қораларын дезинфекциялау
Су факторторларымен байланысты аурулардын алдын алу жөніндегі шаралар
Қала аумағын функционалдық аймақтау және қаланың жоспарлық құрылымы
Санитарлық –гигиеналық нормативтертердің ғылыми негіздеу
Қорғаныс ғимараттарын толтыру және оған келіп - кету тәртібі
Ақпараттық ресурстар
Плимутрок тауығы
Санитарлық қорғау аймақтарын талдау
Пәндер