Қазақстандағы жылқы тұқымдары


Slide 1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті «Технология және Биоресурстар» факультеті Кафедра:Мал шаруашылығы және балық шаруашылығын өңдеу технологиясы Тақырыбы:Жылқы малы, жылқы шаруашылығы Тобы : «Ветеринарлық медицина» 203 топ Орындаған:Дуйсенбекова Айжан. Тексерген:Ғабитқызы Гүлзат.

Slide 2

Жоспары:

Жылқы шаруашылығы

Қазақ жылқыларының ерекшелігі

Жылқы шаруашылықта бөлінуі

Жылқы жасы, тұқымдары

Өмір сүру кезеңдері

Жылқы малының ерекшелігі

Жылқы өнімдері

Қазақстандағы жылқы тұқымдары

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының жылқы өсіретін саласы. Жылқы шаруашылығы бағалы азық-түліктік ет пен сүт өңдірумен қатар өнеркәсіпке - тері, қыл, ауыл шаруашылығы жұмыстарына - күш-көлік береді, жылқы қанынан емдік вакцина, сарысу, гамма-глобулин жөне қой мен сиырдың төлділігін арттыратын буаз бие қанының сарысуын дайындайды. Кең байтақ жайылымы бар Қазақстанның көптеген аудандарында жылқы шаруашылығымен айналысу тиімді.

Slide 4

Қазақ жылқыларының ерекшеліктері - бастары үлкен, маңдайы ойыстау, қалың жақты, дөнес мұрынды, мойыны шомбалдау, қысқа, көздері мен құлақтары кішкентай. Шоқтығы биік, шабы қысқа, кең сауырлы, қылқұйрығы төмендеу орналасқан. Қазақ жылқысының бойы аласалау көрінгенмен, дене мүшелері кішкентай емес, арқасы қысқа да қайратты, бұлшық еттері тығыз.

Қазақ жылқылары ауа райының құбылмалы жағдайына төзімді, жем - шөпті талғамайды, үнемі далада жайылымда жүріп күнелтеді.

Slide 5

Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты. Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.

Slide 6 Slide 7

Халқымыз жылқыны жасына қарай:сақа ат,

сақа айғыр, бесті, дөнен, құнан, сәуірік, сетер, қулық, тай, жабағы, құлын т. б. деп бөледі. Ал жынысына қарай: ат, бие, айғыр, азбан деп ажыратады. Жылқылар онға бөлінеді:

Жабағы,

Адайдың жылқысы

Қостанай жылқысы

Буденый жылқысы

Көшім жылқысы

Салт мініс жылқысы

Желісті жылқы

Қазақ желістісі жылқысы

Орыс желістісі жылқысы

Ахалтеке жылқысы

Жылқы жасы. Тұқымдары

Slide 8

Алтай тұқымы

Қостанай тұқымы.

Буденный тұқымы

Қазақ тұқымы

Украинаның ұлттық тұқымы

Ахалтеке тұқымы

Slide 9

Жылқының өмір сүру кезеңдері

Жылқы орташа есеппен 25 - 30 жыл жасайды. Жылқы төлдері:

Құлын (биенің төлі)

Жабағы (6 айдан асқан құлын)

Тай (1 жастан асқаны)

Ұрғашы жылқыны (байталды)

Құнажын байтал (2 жастан асқан)

Дөнежін шығар (3 жастағы)

Дөнежін байтал (3 жастан асқан)

Бесті бие (4 жастан асқаны)

Қасбалы бие (7-8 жастағы бие)

Кәртамыс бие (11-14 жастағы)

Жасаған бие (20 жастан асқан бие) т. б.

Slide 10

Жылқының қасиеті

Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал - жылқы. Оның тазалығы соншалық - суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы-жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Slide 11

Жылқы өнімі

Еті мен сүтінің адам ағзасына пайдасы

Қазақ халқыүшін жылқы қасиетті мал. Оның еті мен сүті өте шипалы. Еті жесең қорытуға жеңіл, сіңуі тез, өте пайдалы. Жылқы етінің басты қасиеті : жүрек, қан, тамыр ауруларына, бүйрек жұмысын жақсартуға, буын сүйектерді жібітуге т. б. қолданылады. Сондай ақ ірі қара малдың асқазаны ауырғанда, балапандар мен тауықтардың ащы шегінде қабыну белгілері байқалғанда қолдануға болады. Міне бұл кеңестерді үнемі жаныңызға жинап, қажетіңізге жаратуға болады. Биенің сүтінен қымыз ашытады. Қымыз ауырған адамға ем, ал сау адамға қуат береді. Бие сүтінде қант көп болады. Жаңа сауған сүтттің дәмін татып көрсеңіз байқайсыз. Құрамында «С» дәрумені көп болады. Қымыздың емдік қасиеттері әсіресе туберкулез ауруын емдеу үшін пайдалы. Қымыз қазақ халқының сүйіп ішетін сусыны. Биеден күніне 10-12, кейбіреулерінен 15-17 литрге дейін сүт сауылады. Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-қүйрық көбінесе арқан-жіп есуге, сүзгі тоқуға, тұзақ есуге, жұмсалады. Жылқы қылын терімен қаптап көпшік, жастың, бөстек жасауға, қобызға тағуға пайдаланған

Slide 12

Жылқы өсіру бағыты

Slide 13

Қазақстанда жылқы шаруашылығы асыл тұқымды жылқы өсіру, ет, сүт өндіру, спортта пайдалану бағыттарында дамуда. Сонымен қатар жылқыны кез келген шаруашылықтың күнделікті қажетін өтеу үшін салт мінуге, жүк тасуға т. б. жұмыстарды аткаруға пайдаланады. Асыл тұқымды жылқы өсірумен арнайы мемлекеттік жылқы зауыттарымен қатар, соңғы уақытта жеке азаматтар мен шаруашылықтар да айналысады. Қазақстан жағдайында табиғи жайылым отын мейлінше толық пайдалануға негізделген ет, сүт өндіру бағытындағы жылқы шаруашылығын дамыту мүмкіншілігі зор. Осы ретте жекелеген аймақтардың табиғи жақсы бейімделген етті-сүтті бағытағы көшім, мүғалжар атты жаңа жылқы тұқымдары мен қазақы жылқының таза етті бағыттағы жабы атты жаңа түрі шығарылды. Соңғы кезде жылқы саны Қазақстанда қайтадан көбеюде

Асыл тұқымдандыру

Slide 14

Жылқы тұқымының Қазақстандағы түрлері

Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар

Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады

Slide 15

Адай жылқысы - салт мінілетін қазақ жылқысының бір тұқымы. Бұл жылқының эвол. даму жолы өте күрделі. Мініске шыдамдылық, желігіштік және бірқатарының теңбіл көк түсті болып келуі араб тұқымды жылқыларға ұқсастығын, ал қарабайыр, қазанат - жүрдектігі жағынан Түрікмен жылқысы - Ахалтекенің белгілері бар екенін көрсетеді. Суық пен ыстыққа төзімді, қысы-жазы жайылымда жүріп, күтім талғамайды. Адай жылқысының мойны қысқа омыраулы, арқасы түзу, сауыры солыңқы, жуан жіліншігі етсіз, мықты құйма тұяқты болып келеді. Шоқтығының биікт. 140, 3 см, тұрқы 142, 7 см, кеуде орамы 163, 3 см, жіліншіктің орамы 17, 6 см. Еті жоғары сапалы, еттүсімі - 52 - 58%. Тәулігіне орта есеппен 8 - 11 л сүт сауылады. Жүйріктері ұзаққа шабады, 40 - 50 км-ге шаршамай еркін жетеді. Адай жылқысы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында өсірілед

Slide 16

Араб жылқысы (араб. : الحصان العربي ‎ Үлгі:IPA-ar, DMG ḥiṣān ʿarabī) - ертеден белгілі жылқы тұқымының бірі. Оны қазақтар «араби жылқы» деп атаған. Араб жылқысы 7 ғ-дан белгілі. Ол 15 ғ-дан бастап Еуропада көптеген жаңа жылқы тұқымдарының (таза мініс жылқысы, тракенеп, венгр жылқысы, орлов желгіші, т. б. ) өсірілуіне себеп болды. Оның айғырларын қазақ халқы өзінің жылқы тұқымдарын жақсартуға пайдаланды. Араб жылқысы ірі емес, шоқтығына дейінгі биікт. 151, 9 см, тұрқы 149, 3 см, кеуде орамы 175 см, жіліншігінің орамы 19, 2 см. Тұяғы берік, өте сымбатты, ұзақ жүріске төзімді әрі жүрдек келеді. Араб жылқысының тірідей салмағы 420 кг, сойғанда 54 - 56% таза ет береді, биелерінен 11 - 15 л сүт сауылады. Шөлге шыдамды, күтім таңдамайды. Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді. Түпкі нәсіліне тән қасиеттерін сақтаған Араб жылқысы Каспий теңізі өңіріндегі елді мекендерде кездесед

Slide 17

Ақалтеке жылқысы- түрікмен халқының арғымақ түрі.

Шыққан жері - Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин. 22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 - 157 см, тұрқы 154 - 158 см, кеуде орамы 167 - 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см. Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т. б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Оңтүстік Қазақстан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсен

Slide 18

Будённый жылқысы - салт мінілетін жылқы тұқымы. 1921 - 48 жылы Ресейдің Ростов облысының С. М. Буденный атындағы және 1-атты Армия атындағы жылқы зауыттарында таза тұқымды Дон мініс жылқысы мен Қара теңіз жағалауының жылқыларын будандастыру арқылы шығарылған. Буденный жылқысы ірі, дене бітісі мығым келеді. Басы етсіз, қаз мойын, шоқтығы биік, аяғы сіңірлі, тұяғы берік. Шоқтығына дейінгі орташа биікт. 163 - 166 см, кеуде орамы 190 - 195 см; жіліншік орамы 20-21 см. Айғырының салм. 550 кг, биесінікі - 500 кг. Жаңа туған құлынының салм. 50 кг. Буденный жылқысының ұшқырлығы 1200 м-де 1 мин 16 с; 2000 м-де 2 мин 36 с; 3600 м-де - 3 мин 29 с. Қазақстанда Буденный жылқысын жетілдірумен Алматы облысындағы Қызылағаш жылқы зауыты шұғылданады

Slide 19

Дон жылқысы - жылқы тұқымы. 15 - 19 ғ-ларда Дон казактарының жергілікті орыс жылқыларын жорықтардан әкелген парсы, қарабах, араб, түрікмен жылқыларымен ұзақ жыл будандастыруы арқылы шығарылған; кейін орыстың орлов-ростопчин, стрелец және ағылшынның таза текті жылқыларымен будандастыру арқылы асылдандырылған. Дон жылқысының сүйегі ірі, шоқтығына дейінгі биіктігі 160 - 163 см, қиғаш өлшегендегі тұрқы 162 - 165 см, кеуде орамы 195 - 198 см, жіліншік орамы 20 - 21 см. Айғырының орташа салмағы 570 кг, биесі 550 кг. Сауыры жалпақ, түсі жирен, көбінесе күрең болады. Дон жылқысы төзімді, аса күтім талғамайды, шаруашылыққа қолайлы, ауа райының ыстық-суығына көнбіс. Сауын маусымында әр биеден 3000 кг сүт саууға болады. Жарыстарда 200 км-ді 16 сағатта 304 км-ді 24 сағатта, бәйгеалаңда (ипподромда) 1200 м - 1 мин 20 с, 1600 м - 1 мин 47 с, 2000 м - 2 мин 15, 5 с, 3000 м - 3 мин 28 с-та шауып өткен.

Slide 20

Жабы жылқысы - байырғы қазақ жылқысының бір түрі. Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді. Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11 - 15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабыдан 230 - 250 кг таза ет түседі. Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 144, 8 см; тұрқы 150, 8 см, кеуде орамы 179, 1 см; жіліншік орамы 19 см; жайып семірткендегі орташа салмағы 470 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріле

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мал шаруашылығының дамуы
Орлов желісті жылқысы
Жылқы тұқымдары туралы
Жылқы. Жылқы тұқымдарының шығу тегі мен шығару жолдары
Жылқының тұқымдары
Қазақстандағы мал шаруашылығы
Дон жылқысы
Жылқылар үшін жем
Жылқы тұқымдары
Бұдан басқа, мал шаруашылығы жергілікті халықтың атадан келе жатқан дәстүрлі кәсібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz