ЛИМФА ТАМЫРЛАРЫ


Slide 1

Тақырып:Мойын лимфа тамырлары жəне кеуде лимфа түтігінің мойын бөлігінің клиникалық анатомиясы

Семей-2016

Slide 2

жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Лимфа жүйесінің құрамы

Лимфа түйіндері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Лимфа жүйесі, systema lympaticum, қан тамырлар жүйесінің бөлігі болып саналып, веналық жүйенің қызметін толықтырады.

Лимфа жүйесі организмнің зат алмасуына қатысып, тіндер мен жасушалардан зат алмасу қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды (бактерияларды) шығарады.

Лимфа жүйесінің құрамы: ағзалар мен тіндерге тарамданған лимфа капиллярлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері, веналар жүйесіне барып құятын ірі лимфа тамырлары (сабаулар мен түтіктер)

Slide 4

Лимфа жүйесінің негізгі қызметі - лимфаны тіндерден вена арнасына өткізу (тасымалдық, резорбциялық және дренаждық қызметтер), сондай-ақ иммундық реакцияларға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу (лимфопоэз) және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды және т. б. залалсыздандыру (тосқауылдық қызмет) . Түзілістердің барлығы бір мезгілде тосқауыл қызметін де атқарады. Лимфа түйіндерінің болуы лимфа жүйесін вена жүйесінен өзгешелейді. Тағы бір айырмашылығы - веналық капилляр артериялық капиллярмен қатынасады, ал лимфа жүйесі бір ұшында (шеткі) тұйықталып, басқа ұшымен (орталық) вена арнасына ашылатын түтікшелер жүйесі болып табылады.

Slide 5

Лимфа - организмде қан плазмасының ұлпа аралық кеңістікке сүзіліп, одан әрі лимфа жүйесіне жиналуы нәтижесінде пайда болатын түссіз, сілтілі реакциялы (рН 7, 4-9, 0) сүйық. Ол ұлпа сүйығының лимфа капиллярына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің шын мәніндегі ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Лимфаның негізгі қызметі - белоктарды ұлпа аралық қуыстан қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорытуда, зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады. Лимфа - мөлдір, сарғыш түсті сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер және антиденелер кездеседі. Құрамы жағынан лимфа белоктары плазма белоктарына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз.

Slide 6

Лимфа жүйесінің құрамы

І. Лимфа өткізетін жолдар.

ІІ. Лимфоциттер дамитын жерлер.

Slide 7

І. Лимфа өткізетін жолдар:

Лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары, сабаулары және түтіктері.

ІІ. Лимфоциттер дамитын жерлер:

1) жілік майы (сүйек кемігі) және айырша без;

2) шырышты қабықтардағы лимфоидты түзілістер:

а) жекелеген лимфа түйіншелері, folliculi lymphatici solitarii;

ә) шоғырланған, folliculi lymphatici agregati;

б) бадамша түрінде лимфа тінінің түзілуі;

3) лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы;

4) көкбауыр ұлпасы;

5) лимфа түйіндері.

Slide 8

Лимфа капиллярлары

Лимфа тамырлары мен бездері

Лимфа тамырлары мен бездері

Лимфа тамырлары мен бездері

Оң бел

ағымы

сол бел

ағымы

Ішек ағымы

Оң жақ жүрекаралық

ағым

Оң жақ

мойын

ағымы

Оң жақ

бұғанаасты

ағым

сол жақ жүрекаралық

ағым

сол жақ

бұғанаасты

ағым

Кеуде түтігі

Оң жақ лимфа түтігі

Сол жақ

веноздық

бұрыш

Оң жақ

веноздық

бұрыш

Жоғарғы

Қуыс

вена

Оң жүрекше

Slide 9

Лимфа тамырлары

Лимфа капиллярларының қабырғасының құрылысы өзгеріп жуандайды да, лимфа тамырларына айналады. Лимфа тамырларында қақпақшалар (valvule lymphaticae) орналасады, олар лимфаның бір бағытта өткізуге көмектеседі. Ағзадан немесе дене бөлігінен түрлі лимфа түйіндеріне баратын әкетуші лимфа тамырлары шығады. Ағзадан лимфа алатын лимфа тамырларының жолындағы бірінші лимфа түйіндері аймақтық деп аталады. Қосалқы лимфа тамырларының қосылуынан пайда болған, артерия-венамен қосарлана жүретін басты лимфа тамырлары - коллекторлар деп аталады.

Slide 10

Бас пен мойынның лимфа бездері мен тамырлары: Бастың тамырлары беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Беткейдегіге желке және емізікше лимфа безедрі кіреді. Бастың тереңдегі лимфа бездеріне құлақ маңы, иек асты, төменгі жақ асты бездері кіреді. Мойынның лимфа бездері алдыңғы және латераль болып бөлінеді. Моыйннйң алдыңғы лимфа бездері мойынтұрық венаны бойлап орналасқан. Алдыңғы тереңдегі лимфа бездері аттас мүшеден лимфаны жинайды. Олар көмекей алды, қалқанша, кеңірдек лимфа бездері кіреді. Мойынның тереңдегі латераль лимфа бездеріне бұғана үсті, бұғана асты, жұтқыншақ асты лимфа бездері кіреді. Мойынның тереңдегі лимфа тамырлары мойынтұрық лимфа сабауын пайда етеді. Іштің лимфа тамырлары мен бездері: ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимфа бездері бел аймағында орналасып, бел лимфа ағымынан оң және сол жақ лимфа сабауы п. б.

Slide 11

Бас пен мойындағы түйіндер:

Шүйде түйіндері Nodii lymphatici occcipitales

Емізіктәрізді түйіндер Nodii lymphatici mastoidei

Шықшыт түйіндері Nodii lymphatici parotidei

Төменгі жақсүйекасты түйіндері Nodii lymphatici submandibulares

Бет түйіндері Nodii lymphatici faciales

Иекасты түйіндері Nodii lymphatici submentales

Slide 12

Кеуде түтігі

Ductus thoracicus, ең маңызды және негізгі лимфа тамыры болып табылады. Ол лимфаны аяқтардан, жамбас астауы іш қуысы және кеуде қуысының сол жағында орналасқан ағзаларды жанайды. Кеуде түтігінің басталу деңгейі XI кеуде және II бел омыртқасы арасында ауытқып отырады. Ол басталар жерінде оның буылтығы - цистернасы cisterna intestinalis болады. Кеуде түтігінің ұзындығы 30-41см. Оң және сол жақ бел сабауларының қосылуынан басталады. Кеуде түтігі кеуде қуысынан өтіп, омыртқа бағанасының алдымен жоғары қарай көтеріліп, қолқаның кеуде бөлігінің оң жағынан, өңештің артқы жағынан өтеді. Одан әрі қолқа доғасының артында орналасады. Қолқа доғасына жетіп, V және III кеуде омыртқалары деңгейінде солға қарай ығысады.

Slide 13

VII мойын омыртқасы деңгейінде кеуде түтігі мойнға шығып, доға түзе, сол жақ ішкі мойынырық венасына немесе оның сол жақ бұғанаасты венасымен қосылатын бұрышына құйылады.

Кеуде түтігі денеден келетін барлық лимфаның ¾бөлігін жинайды.

Slide 14

Оң жақ лимфа түтігі


Ұқсас жұмыстар
Лимфа бездері
Лимфаденит және лимфангит
Лимфаның химиялық құрамы
Қан айналым шеңбері
Қан түзетін ағзалар
Жүрек қан тамырлары жүйесі
Лимфа түйіні
Кілегелейлі қабықтармен лимфаның түйіндерін зерттеу. Малдың дене қызуын анықтау
Жүрек тамырлар
Лимфа айналымының бұзулуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz