САНИТАРЛЫҚ - ҚОРҒАУ АЙМАҒЫ
Презентация қосу
САНИТАРЛЫҚ-ҚОРҒАУ
АЙМАҒЫ
Орындаған: Кудаев Заурби
Санитарлық-қорғау аймағы дегеніміз не?
Санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) – бұл өндірістік ластанулар көздерін
тұрмыстық және қоғамдық орындардан тұрғындарды өндірістің зиянды факторлары
әсерінен қорғау үшін қолданылатын кеңістіктті айтады. Бұл аймақ көлемі 50 м-ден
1000 м-ге дейін өндірістің қауіпті класына, ластану зияндылығына және атмосфераға
шығарылатын зиянды заттар мөлшеріне байланысты болады. Осы СҚА-ның
сыртында үйі орналасқан адамдар өзінің конституциялық құқығын пайдалана
отырып, кәсіпорыннның экологиялық қауіпті әсерін не тоқтатуға не өзін кәсіпорын
есебінен басқа жерге орын ауыстыруға талап етуге құқылы.
Санитарлық-қорғау аймағының мақсаты
СҚА халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді, оның
көлемі гигиеналық нормативтермен бекітілген мағыналарға дейін, ал қауіптің I және
II класстағы кәсіпорындары үшін – гигиеналық нормативтермен белгіленген
мағыналарға дейін, сондай-ақ халықтың денсаулығы үшін қолайлы тәуекел
мөлшеріне дейін де атмосфералық (химиялық, биологиялық, физикалық) ауаға
ластану әсерін азайтуын қамтамасыз етеді. СҚА өз міндеттік мақсаты бойынша штат
режимінде объектіні пайдалану кезінде халықтың қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз
ететін қорғау барьері болып табылады.
Технологиялық процестері мен жабдықтары бар объектілер, олардың жеке ғимараттары
мен ғимараттары үшін, қуаттылығына, эксплуатациялау жағдайына қоршаған ортаға бөлетін
зиянды заттардың сипаты мен мөлшеріне байланысты шудың, вибрацияның және басқа
зиянды физикалық факторлардың, сонымен қатар адамның денсаулығы мен мекен-жайының
қолайсыз әсерін азайту шараларын ескере отырып, санитарлық қорғау зоналарының
төмендегі өлшемдері белгіленеді:
1) І-ші кластағы объект - 1000 м;
2) ІІ-ші кластағы объект - 500 м;
3) ІІІ-ші кластағы объект - 300 м;
4) ІV-ші кластағы объект - 100 м;
5) V-ші кластағы объект - 50 м.
І-ші, ІІ-ші және ІІІ-ші кластағы объектілердің санитарлық-қорғау зонасының минималды
өлшемдерінен асқан объектілерді (қоршаған ортаға әсер ететін зиянды өндірістік
факторларды ескере отырып) селитебті территорияға орналастыруға болмайды.
Теміржолдың кіріс жолы және жүк автотранспортының интенсивті қозғалысын талап
етпейтін ІV-ші және V-ші кластағы селитебті ауданның шетінде орналастыруға рұқсат
етіледі.
Санитарлық-қорғау зонасының өлшемдері:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен І-ші және ІІ-ші класты
объектілер үшін;
2) облыстың (Астана және Алматы қалалары үшін) Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің шешімімен ІІІ-ші,
ІV-ші және V-ші класты объектілер үшін өзгертілуі мүмкін.
Автомагистралдер, теміржол транспорты линиялары мен метрополитен үшін санитарлық ажырау белгіленеді.
Зиянды әсер ету көзінен тұрғын құрылыстың, ландшафты-рекреациялық зонаның, демалыс зонасының, курорттың
шекарасына дейінгі минималды қашықтықпен санитарлық ажырау анықталады. Санитарлық ажыраудағы СҚЗ-ның
тәртібі бар, бірақ та ол ұйымдастыру жобасын жасауды қажет етпейді. Физикалық факторлардың (шу, вибрация,
электромагниттік өріс, иондаушы сәулелену) мен атмосфералық ауа ластауыштарының таралуын есептеу негізінде
әр нақтылы жағдайда ажыраудың шамасы белгіленуі керек.
Көмірсутекті шикізаттың магистралды құбырлары, компрессорлы қондырғылар үшін санитарлық ажырауы
(шеттетудің санитарлық жолақтары) жасалады. Апат жағдайындағы жарылу мен өрт қауіптілігінің деңгейін
минималды қашықтықтар ескереді және құбырдың диаметрін ескере отырып қоныстың түріне, ғимараттың түріне,
объектінің тағайындалуына байланысты дифференцирленеді.
Авиациялық әдіспен пестицидтермен және агрохимикаттармен өңделетін елді мекеннен ауылшаруашылығының
егіс даласына дейінгі санитарлық ажыраудың шамасы 2000 м-ден кем болмауы керек.
Барынша көп жобалық немесе фактілі жеткізілген оның қуаттылығы үшін СҚЗ-ның қабылданған шамасын қайта
қарауға өндірістің көлемін уақытша қысқарту негіз болып табылмайды.
Санитарлық жіктелуге қосылмаған, сонымен бірге жаңа, жеткіліксіз зерттелген технологиялармен немесе
елімізде аналогы жоқ объектілер үшін СҚЗ-ның кеңдігі белгіленеді.
Санитарлық-қорғау зонасын белгілегенде физикалық факторларды ескеру
Қолайсыз физикалық факторлардың шығу көзі болып табылатын өндірістік, коммуналдық, энергетикалық
объектілердің, транспорт, станция және автомобиль, теміржол, су және әуе транспортының және басқа
объектілердің құралдарына қызмет көрсететін, сонымен бірге метроның, трамвай жолдарының,
тоннельдердің СҚЗ-ның өлшемдері шығу көзінің орналасуын және олар шығаратын шудың,
инфрадыбыстың және басқа физикалық факторлардың сипатын ескере отырып, есептеу жолымен
белгіленеді.
Тұрғын бөлмелер мен тұрғын құрылыс территориясындағы шудың, инфрадыбыстың және басқа физикалық
факторлардың деңгейінің мүмкіндік шегінің күші бар НҚА-не сәйкес СҚЗ-ның өлшемдері анықтайды.
Электр берілісінің әуе линиялары (ӘЛ) шығаратын электр өрісінің әсерінен тұрғындарды қорғау
мақсатында санитарлық ажырау белгіленеді. Жоғары вольтты трассаның бойындағы территорияға ӘЛ-ның
санитарлық ажырауы белгіленеді, ондағы электр өрісінің кедергісі метріне 1 кВ-тан асады.
ӘЛ-на перпендикулярлы бағыттағы шеткі фазалық сым жердегі проекциясынан келесі қашықтықтағы,
оның екі жағындағы электр өрісінің кедергісін төмендету құралдарынсыз және сымның горизонталды
орналасуымен ӘЛ-ы трассаның бойындағы санитарлық ажырау шекараларын жаңадан жобаланатын ӘЛ-на,
сонымен бірге ғимараттар мен имараттарға қабылдауға болады:
330 кВ кедергідегі ӘЛ үшін 20 м;
500 кВ кедергідегі ӘЛ үшін 30 м;
750 кВ кедергідегі ӘЛ үшін 40 м;
1150 кВ кедергідегі ӘЛ үшін 55 м.
СҚЗ-ның өлшемдер келесі шарттарды сақтағанда кішірейтілуі
мүмкін:
ауаның ластану деңгейіне жүйелі түрдегі (жылдықтан кем емес) лабораториялық бақылау
материалдары бойынша объективті дәлелдеменің болуы, нормативте белгіленген шамадан
төмен және оның шегінде және СҚЗ-ның шекарасында техногенді әсердің тұрақты
деңгейіне жету;
шудың және басқа физикалық факторлардың фактілі деңгейінің тұрғын құрылыстың шегін
нормативтен төмендігін өлшеммен дәлелдеу
объектінің қуаттылығы азайғанда, құрамы өзгергенде, профилі өзгергенде және осыған
байланысты қауіптілік класы өзгергенде СҚЗ-ның өлшемі азаюы мүмкін. Тек есептеу
жолымен алынған мәліметтер негізінде әрекеттегі объектінің СҚЗ-ның өлшемін азайтуға
рұқсат етілмейді.
өзінің құрамында шеберханасы, өндірістік, жартылай өндірістік және эксперименталдық
қондырғылары бар ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар және басқа
объектілер үшін СҚЗ-ның санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда, осы
санитарлық ережелердің талаптарын ескере отырып белгіленеді.
Санитарлық-қорғау зонасының шекарасында орналастыруға
болады:
• тағам өнімдерін өндіруге қолданбайтын техникалық дақылдарды өсіруге арналған
ауылшаруашылығына пайдаланатын жерді;
• негізгі өндіріске қарағанда зияндылығы аз кластағы объектіні, оның жеке ғимараттары мен
имараттарын СҚЗ-сында орналастыратын объектіде, негізгі өндіріспен құрамы ұқсас бөлінетін зиянды
зат болса, СҚЗ-ның шекарасында және одан тыс жерде оның қосындысының гигиеналық
нормативтерден аспауын міндетті түрде шектеу қажет;
• осы объектіде қызмет көрсететін өрт сөндіру депосын, моншаны, кір жуатын жерді, сауда және
қоғамдық тамақтандыру объектілерін, гараждарды, қоғамдық және жеке транспортты сақтауға арналған
алаңдар мен имараттарды, автомобильге жанармай құятын станцияларды, қоғамдық және әкімшілік
ғимараттарды, конструкторлық бюроларды, оқу орындарын, емханаларды, ғылыми-зерттеу
лабораторияларын, спорт сауықтыру имараттарын;
• кезекшілік апат персоналына арналған және вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорынды қорғайтын
персоналға тұрғын емес бөлме;
• техникалық сумен қамтамасыз етуге жергілікті және транзиттік коммуникацияларды, электр берілу
линия (әрі қарай - ЭБЛ), мұнай және газ құбырларын, артезиан скважиналарын, техникалық суды
даярлайтын суды салқындататын имараттарды, канализациялық насос станцияларын, айналма сумен
қамтамасыз ету имараттарын, объектінің санитарлық-қорғау зоналары мен өндірістік алаңды
көгалдандыруға арналған өсімдіктің питомниктерін орналастыруға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Санитарлық-қорғау аймақтары кері әсер деңгейін осы уақыт мерзім ішінде
анықталған санитарлық-эпидемиологиялы талаптар мен гигиеналық
нормативтерге дейін азайту жолымен атмосфералық ауаны ластаушылардан
сүзу, экрандау, ассимилляциялау қызметін атқарады.
Санитарлық-қорғау аймағы қоршаған орта мен адам денсаулығына
химиялық, биологиялық немесе физикалық әсер етудің қайнар көзі болып
табылатын кез келген өнеркәсіптік объектінің міндетті элементінің бірі болып
табылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz