АХАТ органдарында некені бұзу
Презентация қосу
Ажырасу және оның
себептері
Ажырасу, талақ айту – некенің бұзылуы.
Шариғат заңы бойынша некенің бұзылуына “талақ” деп үш рет айтса, жеткілікті болған.
Егер талақ деп екі рет айтылып келесі некеге дейінгі күтетін мерзімі (ол идда деп аталады
әлбетте төрт ай он күн) өтсе, онда қайтадан некесін қиған. Ажырасу кезінде әйелі
төркінінен әкелген жасауына (маһрына) өзі иелік етіп, күйеуі идда мерзімі біткенше оны
асырап-бағуға міндетті болған. Бұл мерзім ішінде ерлі-зайыпты татуласса, онда ажырасу
заңсыз болып саналады. Талақ екі рет айтылып, идда мерзімі өтсе, онда қайтадан неке
қиылады, ал үш рет айтылса, онда әйелі басқа ерге некелесіп, одан ажырап, тек содан
кейін ғана өз күйеуімен некелесе алады. Ажырасқанда кәмелетке жасы жетпеген балалар
анасына қалдырылады.
Күйеуінің өз әйелін соққыға жығып, бір мүшесін мертіктіріп, басын жарып, көзін шығарса,
зақым болған мүшесінің құнын (саусақ құны, көз құны және т.б.) төлеткен. Бұл жайт
ажырасуға себеп болуы мүмкін. Ал, әйелдің туыстарын балағаттап, намысына тигендігі
дәлелденген жағдайда, сүйек сындырған құны, өнерлі әйелдің өнеріне нұқсан келтірген
жағдайда, өнер құны тәрізді мәселелер арнайы қарастырылады . Бірақ, бұл ажырасуға
себеп бола алмайды[1].
Ертедегі қазақ қоғамындағы неке бұзу
Дәстүрлі қазақ қоғамында ажырасу өте сирек кездескен. Себебі, әмеңгерлік институтының болуы, “әйел ерден
кетсе де, елден кетпейді” деген дәстүрлі құқықтық сананың ырқы орынсыз неке бұзылуына, жетім-жесірлердің
көбеюіне жол бермеген. Шариғатта да ажырасуды қолдамайды.
Қазақы ортада әдет-ғұрыпқа сай ажырасуға себеп болатын жағдайлар күйеуіне қатысты жағдайлардан туындауы
мүмкін: егер күйеужігіт бірге тұруға жарамаса; ол қылмыс жасап, ұзақ уақытқа қамалса; басқа дінді қабылдаса;
ұзақ уақыт (3-4 ай) бойы хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен кезде әйелдің ажырасу талабын қоя алатын құқы болды.
Бұл жағдайлар созылып кетуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдет-ғұрыптық құқықтың нормалары бойынша немесе
Шариғат жолымен ажырасу мәселесі қарастырылады. Мұндай жағдайлардағы қолданылатын ұстанымдар бір-бірін
толықтырып отырады. Негізінде, ажырасу әйелдің төркіні тарапынан жасалған талаптарға байланысты немесе
әйелдің өзінің ауыл ақсақалдары мен ықпалды адамдарға немесе билерге шағымдануы негізінде қаралады. Егер
әйелі күйеуінің бірге тұруға жарамайды деген шағымы болса, көп жағдайда еріне емделуге, қаралуға үш ай уақыт
мұрсат беріледі. Егер ажырасу туралы шағымына себепкер әйелдің мінезі арқау болса, ол шағымды
қарастырушылар тарапынан көбіне қабылданбайды, дәлірегі әйелдің «Құдай берген мінезі» ажырасуға себеп бола
алмайды[2]
Ішінара әйелдердің ерлерінен қашып кетуі некен-саяқ болса да, кездескен. Қалыптасқан үрдіс бойынша, ажырасу
үшін алдымен, әйелі күйеуінен үш рет қашып шығуы тиіс. Үшінші рет қашып шыққаннан кейін, егер ел әйелдің
күйеуінен жәбір көргенін растайтын болса не¬месе куәгерлер ері әйелін үйден қуып жіберіп, бірнеше жыл
қарамағанын дәлелдейтін болса ғана ажырасуға рұқсат берілді.
Қазақ арасындағы ұстаным бойынша, шариғат ережелеріне сай ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде әйел ажырасуға
себеп емес. Қазақы түсінік бойынша, әйел кінәсіз болған жағдайда, оның пайдасына (ортақ) мал мүлкінен арнайы
үлес бөлініп берілді. Оған қоса әйелдің күнделікті өмірде пайдаланған тұрмыстық заттары қоса берілген.
Ажырасқан кезде кінәсіз деп танылған әйелге тиетін мұндай үлесті ақымар деп атаған. Ақымар малдай,
жылжымайтын мүліктей немесе ақшалай да берілген.
Некені тоқтату және оның негізі]
Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда
айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен
тоқтатылады.
Некені тоқтататын окиғалар қатарына мысалар жатады:
ерінің қайтыс болуы;
соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
некенің бұзылуы (ажырасу).
Некені тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады.
Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер
артында қалган адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгендігі туралы АХАТ органдары берген
куәлікті көрсетсе де жеткілікті.
Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірі) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбарға ғана негізделеді. Ол адамның
өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31- бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол
туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім кауігі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай мерзім ішінде
жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың
арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін.
Ресейде бұлай деп жариялау үшін азаматтың тұрақты тұратын жерінде бес жыл бойы хабар-ошарсыз кеткені ғана ескеріледі.
Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сөттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі.
Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп
жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот өлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді.
Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру
туралы етініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа
жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бурынғы неке қалпына келтіріле алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі
мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Некені бұзу, ажырас
Ерлі-зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана токтатьшады.
Әр түрлі дөуірде ажырасу туралы түсінік те елеулі өзгеріске ұшырап отырды. Ежелгі Римде
неке арнаулы рәсімді қажет етпейтін қарапайым азаматтық мәміле деп есептелді. Ажырасу
еркін болды және оған ерлі-зайыптылардың екеуінің немесе біреуінің некелік тұрмыстан
бас тартатындығы жөніндегі өтініштерімен жол берілді. Орта ғасырлардағы Еуропада
некеге қағидалық түсініктерге шек қойылған негізде және шіркеу билігінің шешімімен жол
берілетін. Еуропада қағидалық нормалар, зайырлы зандармен алмастырылғаннан кейінгі
қазіргі кезде де ажырасу сирек, әсіресе дін ықпалы күшті елдерде (мысалы, Италия). Ислам
шариғаты ажырасуды мейлінше азайтуға мүмкіндік беретін көптеген шектеулер қойған.
Қазақстан заңнамасы да ажырасуды оңша қолдамайды. Әрбір мемлекет неке мен
отбасының сақталуына мүдделі, бірақ, өкінішке орай, біздің елімізде соңғы онжылдықта
ажырасудың тұракты өсіп отырғандығы байқалады.
Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген
төртіп бойынша іске асырылуы мүмкін.
АХАТ органдарында некені бұзу
Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда —
жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі-зайыптылардың екеуінің бірлескен,
сондай-ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді.
Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарына ерлі-зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
көмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жәніндегі өтініш
берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі-зайыптыларға қабылданған шешім
туралы тағы да әбден ойланып-толғану үпгін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы,
некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартылмайды.
Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің
өтініші бойынша некені бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді.
Мысалы, жүйке ауруының салдарынан іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайлардын біреуінен некені бұзу
жөнінде оның келісімін алу мүмкін емес. Заң осыған байланысты іс-әрекетке кабілетті жұбайына некені сақтау не
бұзу жөнінде екеуінің атынан шешім қабылдауға құқық береді.
Ерлі-зайыптылардың біреуінің қылмыс жасағаны үшін кем дегенде үш жыл бас бостандығынан айырылып,
сотталып кетуі де некені біржақты бұзуға негіз бола алады. Сотталған жұбайы психологиялық еркін жоғалтпайды,
сондықтан некеге өз көзқарасын дербес білдіруге қақы бар. Заң оны некені бұзу туралы құқығынан айырмайды,
бірақ жалпы жағдайда ғана.
Сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған адамнан ажырасуға келісім алуға болмайды. Хабар-ошарсыз жоғалып кету
фактісінің өзі-ақ некелік қатынастарды сақтау қажеттілігіне күмән туғызады.
АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі-зайыптыларға
татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.
Некені тоқтатудың құқықтық салдары
Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кездегі
жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге түруы, ортақ бірлескен меншік,
өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады
да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеде тұрған кезінде бірлесіл жиған мүліктері бөлінген
жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен
меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен-өзі жұбайлардың
ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге
жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы — асыраушысының өліміне
байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады.
Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге түру құқығын туғызады.
Неке бұзылғаннан кейін тек таңдау мәселесі жиі шешіледі: бұрынғы жұбайынын тегін қалдыра
ма, не некеге тұрғанға дейінгі тегіне көше ме? Некеде тұрған кездегі тегін сақтау толығымен
басқа текті қабылдаған жұбайының қалауына байланысты. Оның бұл қалауына ешкім де, тіпті
некені бұзғаннан кейін кімнің тегін қалдыруды қалайтын жұбайы да, ықпал ете алмайды.
Некенің бұзылуымен байланысты, әдетте, ерлі-зайыптылардың бірін-бірі материалдық қолдау
жөніндегі міндеттерге де тоқтайды. Бірақ бұл жағдайда, сот арқылы бұрынғы жұбайының
еңбекке жарамсыздығы және мұқтаждығы анықталған болса, онда оның өзінің бұрынғы
жұбайынан алимент алуға қақысы бар.
Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата-аналарының балаларына қатысты құқықтары мен
міндеттерін тоқтата алмайды.
Ажырасу жолымен некенің тоқтатылуы занда белгіленген тәртіп бойынша АХАТ органдарында
немесе сотта іске асырылады.
Жылдың алғашқы алты айында Қазақстанда 63 917 неке қиылып, 29073
ажырасу тіркелген. Яғни, некелескендердің 45,5 пайызы қайта
айырылысқан. Осы жағымсыз тенденциямен күресу үшін маусым
айында отбасылық соттар жанынан «Бақытты отбасы» ілкі жобасы қолға
алынған. Мұндай орталықтарда психолог, заңгер, әлеуметтік
қызметкердің кеңесін тегін алуға болады. «Аталған кезеңде отбасын
ресурстық қолдау орталықтарының көмегіне 600-ден астам адам
жүгініп, 250-ге жуық жұп татуласуға келісті. Арасында 21 жастағы жас
та, 62 жастағы жасамыс та бар. Өтініш берушілер арасында неке де
тұрғандары 10 жылға жетпегенде саны – 345, 20 жылға дейінгілер саны
– 124, 20 жылдан асқандар – 27. Яғни, Қазақстанда ажырасу жас
талғамайтын болған», - дейді Дағдарыс орталықтары одағының басқарма
төрағасы Зульфия Байсақова.
Назарларыңызға рахмет!
Орындаған: Захариянова Айгерім
Айдынқызы
Тексерген: Сарсенова А.Б
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz