Тұрмыстық қолданыстағы сөздер



Тұрмыстық қолданыстағы сөздер

Бүгінгі лингвистикада әбден зерттелген, бір жүйеге түскен деп жүрген лексика саласының ішінде де шешімін таппай жүрген жайлар аз емес. Олардың қатарында диалектілік лексика мен кәсіби сөздердің межесі, тілдегі жаргон сөздердің жайы, тіліміздегі термин сөздердің жайы секілді бірқатар жайларды атауға болады. Осындай күрделі мәселенің бірі - тіліміздегі тұрмыстық лексика мәселесі деуге болады.

Алдымен, тұрмыстық лексика дегеніміздің өзі не, нақты қандай ұғымды білдіреді, көлемі мен шегі бар ма, т. б. күңгірт қалған тұстары әлі де айқындап алуды қажет етеді.

Тұрмыстық лексика жайлы екінші бір түсінік оның қолданыс аясына байланысты. Бұл жерде тұрмыстық лексика күнделікті сөйлеу тілі лексикасына байланысты қарастырылады. Бұл жайлы Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлының еңбектерінен кездестіреміз. Күнделікті сөйлеуде қолданылатын лексиканы тұрмыстық лексикаға жатқызудың да айқындап көрсете түсетін жақтары бар. Ол - тұрмыстық қатынаста қолданылатын лексикалық бірліктер. Осы тұрғыдан алғанда ауызекі сөйлеу түрінің барлығы, онда қолданылатын лексикалық бірліктердің барлығы тұрмыстық лексикаға жатпайды. Сөйлеу тілі лексикасындағы күнделікті үйде, туыстармен, достармен сөйлесу барысында тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты сөйлеуде қолданылатын лексиканы жатқызады

«Тұрмыстық ұғым - өз ішіне күнделікті тіршіліктің, белгілі бір ұжым қабылдаған қоршаған заттар мен құбылыстардың, олардың елеулі белгілерін бейнелей бермейтін түсінігі» деп жазады А. Гундавичюс

Ә. Хасенов еңбегінде тұрмыстық лексика жайлы: «Тұрмыстық лексика - күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-ақ халықтың тұрмыс жайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір тіршілігіне қатысты сөздер. Бұлар, негізінен, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліне тән жалпылама лексикамен астасып жатады. Тұрмыстық лексика - халық өмірінің айнасы есепті», - деп анықтама бере келіп, оларды былайша топтастырады: үй-баспанаға байланысты сөздер: жаппа, жеркепе, кереге, уық т. б. ; құрал-сайман атаулары: ағаш, қамшы, жүген, құрық т. б. ; киім-кешек аттары: саптама етік, кәмшат бөрік, түлкі тымақ, күпі т. б. ; ыдыс-аяқ аттары: таба, табақ, жанан, тостаған, қазан т. б. …

Тұрмыстық лексикаға жататын сөздердің бұлай топтастырылуы ауызекі сөйлеу тілінде қолданылатын тұрмыстық қатынасқа қатысты қолданылатын сөздер деп тұрмыстық лексиканы түсінуімізді, оған берілген түсініктемені нақтылай түседі.
«Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» (авторы Ғ. Қалиев) қарастырып отырған мәселе - тұрмыстық сөздер деп беріліп, былайша түсіндіріледі: «күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер. Мысалы: төсек, ас, нан, тұз, шам, терезе, сағат, бос белбеу, бетім-ай, жолың болғыр, о тоба, тілеуің берсін т. б. »
Жұмыста біз қолданған термин халық өмірінің рухани айнасы іспетті мәдени, рухани және материалдық заттарының атауларын түсінеміз. Сондай-ақ бұл термин «этномәдени» және «этнографиялық» атауларымен синонимдес.

Тұрмыстық лексика жайлы деректерді А. Төлегеновтің «Түркістан уалаяты» газетінің лексикасы атты мақаласынан кездестіреміз. Аталған мақалада зерттеуші газет тілінде кездесетін тұрмыстық лексика тобына жататын сөздерді шығу тегі мен тұрмыста атқаратын қызметтеріне қарай былайша топтастырған:

а) үй жиһаздары, тағам атаулары, ыдыс-аяқ: үй, ағаш үй, киіз үй, шатыр, жүк, орындық, сандық, ошақ, қазан, темір қазан, мыс қазан, шойын құман, күбі, саба, қонақ асы, ет, сорпа, сүр, қалжа, көже, тоқаш.
ә) киім, мата және матадан жасалған материалдар: ішік, тон, шапан, етік, бөрік, жейде, кебін, жіп, жібек, жүк, шыт, көк шыт, бөз, дәке, шұға, кебін, кенеп, кендір, тері былғары, қызыл былғары, қара сүрік былғары, елтірі, шылбыр, арқан, кендір арқан т. б.
б) мал атаулары: түйе, бура, нар, інген, жылқы, айғыр, бие, құлын, ат, сиыр, бұзау, тоқты, қозы т. б. …

Бұдан кейінгі зертттеулерден Ж. Досқараевтың «Үй және там туралы, олардың диалектілік мағынасы мен басқа түркі тілдеріндегі қолданысы» туралы мақаласынан, Б. Сүлейменованың «шана» сөзінің тарихи қалыптасуына байланысты мақалаларынан кездестіруге болады. Сондай-ақ Ә. Байжоловтың «Қостанай облысы қазақтарының тілдік ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертациясында Торғай, Тобыл қазақтарының говорларында қолданылатын тұрмыстық лексикаға қатысты сөздер «заттар мен құбылыстардың аттары» деп топтастырылып, үй шаруашылығына байланысты сөздер мен ыдыс-аяқ аттарына қатысты - 12, азық-түлік, тағамға байланысты - 11, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ойын-сауықпен байланысты жұмсалатын - 8, ер-тұрман және транспорт жабдықтарына жұмсалатын - 17, еңбек құралдарына және жабдықтарына байланысты - 13, киім-кешек, мата, сәндік бұйымдарға қатысты - 16 сөздің мағыналары, олардың жергілікті қолданылу ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданып, сөз етіледі

Қазақ тіл біліміндегі бұл саладағы ең іргелі еңбек - Б. Абдығалиеваның «Бытовая лексика казахского языка» деп аталатын зерттеу жұмысы. Бұл жұмыста халықтың күнделікті өмірінде жиі қолданылатын заттар атауларына талдау жасалынады. Олар төмендегідей топтарға жіктелінеді:


Тұрмыстық лексика жайлы құнды деректерді Ж. А. Манкеева еңбектерінен кездестіреміз. Ғалым тұрмыстық лексикаға былайша баға береді:
«Сонымен, көне тамырлы этнолексика халықтың этномәдени тарихы және тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес «ақпарат» көзі болып табылады. Оның негізін құрайтын тұрмыстық лексиканың дені - ұлттық материалдық мәдениеттің реликті, әрі рухани байлығымыздың түбірі. Себебі, бұл жүйедегі сөздер тек атауыштық қана қызмет атқармайды. Қазақ тіліндегі заттық мәдениетке қатысты атаулар немесе тұрмыстық лексика қазақ халқының материалдық өндірісінің деңгейін, сипатын, түрлерін және шаруашылық пен тұрғын үй мүліктері, киім мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қажет мұқтаждықты қамтамасыз етуге бағытталған қазақтың халықтық қолөнер бұйымдарын бейнелейді. Ал олар - қазақ халқының материалдық қана емес, рухани да байлығының көрсеткіші»
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz