Алтын Орда дәуір әдебиеті


Slide 1

Дүрбектің «Жүсіп-Зылиxа» дастанының сюжеттік ерекшеліктері

Slide 2

Алтын Орда дәуір әдебиеті

Алтын Орда дәуірінің әдебиеті - 13 ғасырдың 2-ші жартысынан 15 ғасырдың соңына дейін өмір сүрген Алтын Орда мемлекетінің әдебиеті. Алтын Орда 13-14 ғасырларды күшті мемлекет болып тұрды. Бұл тұста оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен қарым-қатысы нығайды, шаруашылығы, мәдениеті өркен жайды.

Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген ақын-жазушылардың, жасалған жазба нұсқалардың, әдеби шығармалардың көбі ұмытылып, жоғалып кеткен.

Аттары (кейде тек лақап есімдері) бірді-екілі шығармалары сақталған ақын-жазушылар:

Рабғұзи

Әли

Сайф Сарайи

Хорезми

Сайдахмет

Хусам

Қатиб Құтб

Дүрбек

Сақақи т. б.

Slide 3

Дүрбектің «Жүсіп-Зылиxасы»

Дүрбек (14-15 ғ. ) мұсылман елдерінің бұрын-соңды өткен ақындары жырлаған "Жүсіп-Зылиқа" аңызын түркі тіліне дастан еткен. "Осы тамаша аңызды өз тілімізде дастан етіп жазуды мақұл көремін"- деді ақын. Оны 1409 ж. аяқтағанын аңғартады. Дүрбек жайында басқа мәлімет жоқ.

Slide 4

«Жүсіп - Зылиханың» ең көне нұсқасының бірі - Фирдоуси жазған дастан. Парсы әдебиетінің жетік маманы, Фирдоуси шығармаларын, өмірін зерттеушілердің бірі Е. Э. Бертельс Фирдоусидің бұл поэмасына Библиядағы Иосиф Прекрасный мен оның әйелі Пентефрия жайлы аңыз, Құрандағы Жүсіп оқиғасы, осы аңыздың кейбір кітаптардағы апокрифтік версиялары негіз болды, оқиғасын солардан алды деп көрсетеді.

Slide 5

Дастанның идеясы

Жүсіп - Зылиха - ғашықтық дастан. Негізінен Інжіл мен Құрандағы Жүсіп пайғамбар туралы оқиғаға құрылған. Сюжеті Шығыстың көп ақындарының шығармаларына өзек болған. Оның ауызша нұсқаларымен бірге жазба нұсқалары да бар. Дастанның көне қолжазбалары Британия мұражайында және Будлин кітапханасында сақталған. Қазақ халқы арасына “Жүсіп - Зылиха” жыры ерте кезден-ақ кең тараған. Мыс., Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі Дүрбек ақын да оғыз-қыпшақ тілінде “Жүсіп - Зылиха” (1409) дастанын жазған. Дастанның 1516 ж. көшірілген ең көне нұсқасы Түркияның Топқани кітапханасында, ал 1563 ж. көшірілген 2-нұсқасы Париж ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.

Slide 6

Дүрбек дастанға Алтын Орда мен Мауераннаһрда 14 - 15 ғ-ларда болған кейбір тарихи оқиғаларды өзек еткен. Дастанның негізгі идеясы - ел билеушілер арасындағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын көрсету. “Жүсіп - Зылиха” дастанының сюжетін өзге ақындар да нәзира үлгісімен қайта жырлаған. Мыс., қазақ ақыны Ж. Шайхысыламұлы да осы сюжетті арқау еткен “Жүсіп - Зылиха” қиссасын жазып, оны Қазан баспаларынан бірнеше рет (1898. 1901, 1913) бастырып шығарған

Slide 7

«Жүсіп-Зылиха » дастанының идеясы

Ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.

Дүрбектің жазған тілі

Түркі (шағатай) тілі

Негізгі кейіпкерлері

Жүсіп, оның он бір бауыры, Зылиха, Жүсіптің әкесі Жақып, Мағриб елінің патшасы Таймус, Мысыр патшасы Райян.

Көркемдік ерекшеліктері

Теңеу, эпитет, метафора, қайталау, әсірелеу және т. б.

«Жүсіп-Зылиха » дастанының зерттелуі

Бертельс, С. Хайдаров, В. Валихожаев

Монография

Ұстаз-ғалым Алма Қыраубайқызы өзінің «Шығыстық қисса -дастандар» атты монографиясының ауқымды бөлігін Əлидің «Қисса Жүсібі» мен Ж. Шайхулисламовтың «Жүсіп-Зылиха” дастанының көркемдік ерекшеліктерін анықтауға арнады.

Slide 8

Мұнда да оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісі, шарықтау шегі, шешімі сияқты композициялық бүтіндік беріп тұрған элементтерді табуға болады. Оқиғаның басы Жақыптан, оның балаларымен, Жүсіппен таныстырумен басталады.

Сюжеттің байланысы - Жүсіптің түс көруі, ағаларының күншілдікпен құдыққа тастайтын жерінен оқиға шиеленіседі. Онан Жүсіптің құлдыққа сатылуы Зылиханың ғашық болып, өзіне көндірмекші болуынан оқиға дамып, Зылиханың Жүсіпті зынданға салдырған тұсында шарықтау шегіне жетеді. Шешімі Жүсіптің атасымен, ағаларымен қосылуы, Зылихамен некелесуі.

Slide 9

«Жүсіп-Зылиха» поэмасында екі бірдей көркемдік-идеялық желі анық бой көрсетеді.

ежелгі аңыздардың мазмұнымен ұштасатын болса

екіншісі ақын өмір сүрген уақыттың саяси-әлеуметтік мәселелеріне бағышталады.

Slide 10

Біздің қолымызда «Жүсіп-Зылиха» поэмасының авторына қатысты ғұмырбаяндық мәліметтер жоқ, әрине. Алайда Дүрбектің поэмаға кіріспе сөзінде өз туындысын Балх қамалы қамауда тұрған кезде жазғанын дәлелдейтін жолдар кездеседі

Көп адамға сын болған сол күндерде,

Қала қалды қамауда жау келгенде.

Қорқынышты күн туды, тамұқ басып,

Шаhардан пана тапты жұмыр пенде.

Шарасыз жұрт қалдырып бау-бақшасын,

Қыл үстінде күн кешті, қорғап басын.

Қамаудағы қаламыз-тозақ оты,

Ал сыртында гүл-шешек жұмақ-бағың.

. . . Үш ай бойы тас қорғанда қамалдым,

Арып-ашып мен құсадан жарадым.

Көппен бірге тұтқын болып шаhарда,

Адамзаттың құпиясын ақтардым.

Slide 11

Көркемдік ерекшеліктері

Slide 12

Эпитет

Раст сез (рас сөз),

мазлум жаман (жәбірлі жүз),

қары көңіл (кәрі көңіл),

адал құл, ұлығ мәртаба,

керіклік йікіт, керіклік йуз,

үсрүк саба (үскірік жел),

қара қас, алтын таж,

мурассағ кәмар (сәнді кемер - сәнді белбеу),

өлік йер (өлі жер),

йат көз (жат көз) . . . т. б.

Нәртек ғарзыға йашлары інжутек йұмаланып түша башлады - Нарттай бетіне көз жасы інжудей домалап түсе бастады;

Көбәлактек езін отқа атты . . . - Көбелектей өзін отқа атты;

Айтек чәчаклар - Айдай гүлдер.

Теңеу

Slide 13

Метафора - жазба ескерткіштегі құбылтып айтудың жиі кездесетін құралы. Мысалы:

Slide 14

Айды: Менің күзүм йарұғы сенің дидарың тұрұр -

Айтты: «Менің көзімнің жарығы - сенің дидарың»

Көзлары - йүлдұз, көзі - күн, алыны - көк айдын -

Көздері - жұлдыз, көзі - күн, маңдайы - көк айдын.

Мен Иүсфсіз сусыз балықмын,

бір сағат Иүсфні көрмасам чалықмын.

Мен Жүсіпсіз - сусыз балықпын,

бір сағат Жүсіпті көрмесем шалықпын (есімнен айрыламын) .

Slide 15

Қайталау әдісі қиссада қимылдың бір сәтте, бір уақытта болғанын көрсету үшін немесе бір жайды ерекше баса айту керек болғанда алынады.

Мысалы:

Slide 16

Злиха қумаққа мыл қылды.

Иүсф қашмақға мыл қылды.

Зылиха қумаққа амал қылды.

Жүсіп қашпаққа амал қылды.

Slide 17

Қара сөздің өзін ұйқастыра, құлпыртып айту кездеседі. Мұндайда антоним сөздер де қолданылады.

Хәзинасын алғыл, өзгаларын отқа салғыл -

Қазынасын ал, өзгелерін отқа сал.

Slide 18

Бұл еңбектен психологиялық параллелизмді де байқауға болады. Әсіресе, өлеңде көктемнің әсем көрінісін келістіре суреттей келіп, оны адамның ішкі сезіміне орайластыруы өте әдемі.

Slide 19

Саба ыснайұрда йыгач баң салұр,

Бұлұт йыглайұрда чечаклар күләр.

Бустан ічінда кіріб дайым

Сенің бірла көңлүм ойнау тіләр.


Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда дәуірі әдебиеті
Ислам дәуірі әдебиеті
Х­ХХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы
Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңдері және даму тарихы
ЕДІГЕ БАТЫР ЖЫРЫ
Лұқман хакім әңгімелерінен үзінді айт
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
Қазақ философиясының төл тарихы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz