Қабылдаудың тұтастығы




Презентация қосу
ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ҰҒЫМ

Орындаған: 1 курс студенті
Қабыл Альбина
Жоспар:
1) Қабылдау туралы жалпы ұғым
2) Қабылдаудыың негізгі ерешіліктері
3) Қабылдаудың тұтастығы
4) Қабылдаудың мағыналылығы
5) Қабылдаудың таңдамалылығы
6) Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы)
7) Қабылдаудағы иллюзия
8) Апперцепция
9)Байқау және байқағыштық
10)Кеңістік пен уақытты бақылау
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен
құбы-лыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса,
қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып
табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың
түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т. б.
қасиеттері түтас күйінде бейнеленеді.

Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің
анализаторларымызға оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті
дәмі т. б. осындай қасиеттері бір мезгілде эсер етеді
де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше
маңыз алады. Сыртқы ортадан дамылсыз ақпарат келіп отырады.
Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе
үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезды көрмесе, оны бірден
жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен
құбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді қабылдау дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Қабылдау — ми қабығының күрделі
анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық
негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында
пайда болатын уақытша жүйке
байланыстары жатады. Мүны И. П. Павлов
қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен,
анализаторында осындай қатынас
рефлексінің жасалуы (яғни
тітіркендіргіштердін бір-бірімен байланысы)
заттың түрі түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның
тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қабылдау — түйсіктегідей бір
анализатордың қызметі емес, бірнеше
анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің
нәтижесі. Мәселен, киноны екі
анализатордың (көру, есту) өзара
байланысып жүмыс істеуінен болады.
Қабылдаудың тұтастығы
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке
қасиеттерден, жеке бөліктерден тұрғанымен,
біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде
ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері,
шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз
бүларды түтас зат форма-сында қабылдаймыз.
Егер "Дударай" операсындағы Мариям әнінің
басталуын қүлағымыз шалса, осы әннің
мазмүнын түтастай қабылдайтын боламыз.
Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат
ретінде кабылдамайды. Мүны үш бүрыштың
түтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені,
қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп,
түтас нәрсенің бейнесін қүрайды.
Қабылдаудың мағыналылыгы
Бүл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашылығын жақсы
көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі түжырымдар
мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық қабылданбайды.
Қабылдауда объектінің аты сөзбен (екінші сигнал жүйесі) берілсе, қандай нәрсе
болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген
сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы
қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен оларды
толық қабылдай алады.
Заттар мен қүбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі — тану. Нәрсені
танымайынша, оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану
болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, солай тану.
Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді.
Объектілерді даралап тану арқылы оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады.
Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз
пальтоңды бірден тану оп-оңай.
Қабылдаудың таңдамалылығы
Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын)
қабылдаудың таңдамалылыгы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы бірер сөз
қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Егер кітапта "университет" деген
соз "унверситет" деп қате жазылса да, біз оны "университет" деп дұрыс оқимыз. Кітап
оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл болінетіндіктен, мұндай қателер көзге түспей
қалады. Ал жеке сөздерге, жеке әріптерге шұқшия көз салған жағдайда (мәселен,
корректорлар) текстің мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып қоятын кездері болады.
Қабылдауда зейін аударып, талғаудың зор маңызы бар. Мүндай жағдайда объектінің
назар аударылған белгілерін, қасиеттерін, керек жақтарын қабылдаймыз. Біздің назар
аударатынымыздың ішіндегі ең бастылары, қазірде істепжатқан әрекетімізге қажет
қызықтыратын, қажетімізге жарайтын нәрселер болып табылады.
Қабылдаудың таңдамалылыгы әр түрлі объективтік (объктілердің ерекшеліктеріне —
күші, қозгалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субъективтік (адамның қабылданатын
затқа қызығуы, оны қажетсінуі, сол кездегі психикалық коңіл-күйі т.б.) себептерге де
байланысты болып келеді.
Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылыгы)
Қабылдаудың константтылыгы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне
қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бір қалыпты болып қабылдануын
айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф баларының бір-бірінен
қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәулеленбейді. Сонда да біз олардың
шамасын бір-біріне тең деп қабылдаймыз. Өйткені олардың шындықтағы қалпы
осындай. Осы заңдылықты түсіндіретін мысалдар толып жатыр. Мәселен, ақ қағаз
жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де
бәрібір ақ болып қабылдана береді. Жарықтың түрлі інен көмір: бірде қара, бірде
сүрғылт болып қабылданады. Мұның бәрі анализаторында түрліше бейнеленеді.
Осы заңдылық түрмыста, еңбек процесінде түрлі заттарды тез, оңай тануға
мүмкіндік береді. Қабылдаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың
арасында қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен
төжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол қалпында
сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция — сөз. Әрбір
заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір түрақты түрге енгізеді.
Қабылдаудагы иллюзия
Әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа қабылдау сәйкес келе
бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бүрмалап, теріс
қабылдайтын кездер де болады.

Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды
иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда
болады. Мысалы, шай құйылған стақанға салынған қасықтың "сынған"
құсап тұруы физикалық қасиеттерімен түсіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі
жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшеліктеріне байланысты.
Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі де толық зерттелмеген.
Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде қабылдауында иллюзиялар жиі
кездеседі. Бүл көбінесе заттардың кеңістікке орналасу жағдайын адамның
жөнді білмеуінен туады. Көру (оптика) иллюзияларына: контраст,
перспектива, қашықтық, заттың жоғары жағын артык бағалау, түзу кесіндінің
ығысу иллюзиясы т. б. жатады. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық.
Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп түрған кезінде
олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты болып көрінеді. Мүның себебі —
нәрсе алыстаған сайын онын бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінен
кішкентай нәрсенің қасында тұрса — үлкейіп, үлкен ңәрсемен қатар түрса —
кішірейіп көрінеді. Осы мысалдағы ортадағы дөңгелектер, шынында, өзара
тең, бірақ көзге әр түрлі болып көрінеді, өйткені бірі — үлкен
дөңгелектердің, екіншісі — кішкентай дөңгелектердің қоршауында тұр.
Тәжірибе арқылы тексеріп — қабылдаудың дұрыстығының бірден-бір
өлшемі. Мәселен, стақандағы шайдан қасықты алып, оның сынбағандығын
байқау — осындай тәжірибенің қарапайым түрі. Иллюзияның
зандылыктарын дүрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор
Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінде, әскери маскировкада,
баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияның
заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі.
Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты туатын
заттардың жалған, теріс бейнелері — галлюцинацияларда ажырату қажет.
Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі
шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей,
денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей корінеді. Бүл көбінесе
шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл
аурулардан психиатр-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында
процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай (бүл
жүйкенің патологиясы) галлюцинациялық бейнелер пайда болады.
Апперцепция
Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына
байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге
бөлінеді. Түрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына
байланысты болып отырады. Мәселен, "түбір" деген сөзді эр адам түрліше қабылдауы мүмкін.
Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса,
шөптің түбірін, математик санның түбүрін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі
жағынан багалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше қөзқарасын білдіре алуы.
Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның
мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай тугызады.
Адам есейген сайын оның білімі, тәжірибесі молая түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бүл
оның апперцепциясының өзгеруіне эсер етеді. Балалардың оқу материалын жақсы қабылдай
алуы олардың апперцепциясына (яғни түсінік қорына) байланысты болып отырады. Оқушыны
жаңа сабаққа даярлау бүл, бір жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру деген сөз.

Әр түрлі иллюзиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болады, мүны уақытша апперцепция
дейді. Аппер-цепцияның уақытша түріне А. С. Пушкиннің "Вурдалак" деген өлеңі жақсы мысал
бола алады. Осы өлеңінде Ваня деген корқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол
қорыққанынан қара терге түседі, сүйек кеміріп жатқан итті қабырдан шыққан өлікке балайды.
Өйткені оның өзі осындай кереметтердің "болатындығына" сенетін.
М. Әуезов "Қыр әңгімелерінде" Жортар қарттың басынан
кешкен бір оқиганы былайша суреттейді: "Бейіттің іші әлгіден
де жарық болып кетіп, артынан бәсеңдегендей болды... қүдай
көрсетпесін — өзіме өзінің бұрын түсін көрмеген, атын
естімеген бір пәле көрінді.
Алғашқы көрген кезде "жалмауыз" дедім. Нобайы
үқсамайды. Қап-қара, тырдай жалаңаш. Бойы еңгезердей,
үлкен, биіктігі кісі бойы — қол сүғымдай шашы бүрқырап түр.
Козіме түскен, әсіресе, қорқынышты жері — аузы. Ырсиып, от
болып, тістері ақсиып сойдиып түр екен. Аузынан кәдімгідей от
бүркіп түр... озге еш жері корінбейді. Қараңғы бүрышта қып-
қызыл от болып жанып түрған ырсиған ауыз, ақсиған тіс қана
корінгендей болды... түрайын десем, буынымды баса алатың
емеспін,.. қозгаларға шамам жоқ... қүр сүлдем отыр... Бір
мезгілде... ақырып келіп, иығымнан бас салды...
Жын-шайтан, пері, албасты дейтін үгымдарға қаттьі
сенетін бейіт ішінде осындай "керемет" коріністерді туғызған
жауыннан паналап жүрген екінші бір адамның әлсін-әлі жағып
жүрген сіріңкесі екен. "Қорыққанға қос корінеді" деген мәтел
осындай адамдардың психологиясын оте жақсы керсетеді.

Ұқсас жұмыстар
Қабылдау және оның балалық кездегі дамуы
Кеңістікті қабылдау
Қабылдаудағы иллюзия және галлюцинация және оның тұлғааралық коммуникацияға әсері
Қабылдау - сыртқы дүниенің сезім мүшелеріне әсерінен туған заттың тұтас бейнесі
Қабылдау қасиеттері
Қабылдаудың жалпы ұғымы
Уақытша қабылдау
ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ҚАБЫЛДАУ ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС
Қабылдау - ақиқат дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі
Пәндер