Цемент туралы




Презентация қосу
«Цемент туралы»

Орындаған:Батпай І.Б.
Қабылдаған:Дадиева М.К.
Цемент туралы мағлұмат
Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас) —
гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы; негізгі құрылыс
материалдарының бірі; органикалық емес материалдың майда ұнтағы;
гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобының жалпы атауы.
Цeмент сумен араласқанда қатаятын қасиеті бар (яғни қамыр тәрізді пластик.
күйден қатты күйге ауысатын) кальций силикаты мен кальций алюминатынан
құралады. Цeмент тің кейбір түрі ауада қатаяды. Ал, енді бір түрлері тек тұздардың,
қышқылдардың судағы ерітіндісімен араластырғанда ғана байланыстырғыштық
қасиетке ие болады. Оның портландцемент, қожды және пуццолан Цeмент деп
аталатын түрлері бар.
Цементтің маркалары: 200, 300, 400, 500, 600.
Сонымен бірге Цeменттің тез бірігуі мен қатаюы, майдалығы, т.б. белгілі бір
стандартқа сәйкес болуы шарт. Цeмент құрылыста біртұтас және құрама бетон мен
темір-бетон дайындауда пайдаланылады.
Шығу тарихы
1756 жылы ағылшын инженері Джон Цмитон цементті ойлап тапты. Цементтің
бірігуі мен қатаюы, майдалығы жағынан оған жетер құрылыс материалы әлі
тапқырланған жоқ. Бүгінгі өнеркәсіптену мен қалалану үрдісі жоғары қарқында
жүріп жатқан кезеңде оның алатын орны ерекше болмақ.
Адамдар ерте тарихта әктасын өртеп збош жасап, құрылыс материалы
ретінде пайдаланған. Збошқа су құйған соң химиялық реакциясы жүріліп біткен
соң, ол піскен збошқа айналады. Сумен илеген соң, тас немесе кірпіштің бетіне
жаққанда біріктіру рөлін атқарады. Міне, бұл – ертедегі цемент.
1756 жылы ағылшын бұғазындағы сол кездегі Англия бойынша үшінші орында
тұратын Эдисон маяк мұнарасы өртеніп, құлайды. Ол арадан өткен кемелер
бағдар сілтегішінен айрылып, Англияның теңіз тасымал ісіне үлкен ықпал
жасайды. Сонымен Англия үкіметі Джон Цмитонға жаңа маяк мұнарасын салу
міндетін бұйырады. Дауыл соғып, толық ұрған теңізде құрылыс салу үшін, сөз
жоқ құрылыстың беріктігіне кепілдік ету керек. Джон Цмитон сол кездегі ең
сапалы Италия әктасын өртеп збош жасамақ болады. Алайда, түрлі себептермен
алыстан алдырған әктастар сапасыз болып, құрылыс жұмыстарын бастауға аз
ғана уақыт қалғандықтан, Цмитон қайтадан әктасын әкелуге үлгермейді де,
жұмысшыларға қолда бар әктастарды өртеп, құрылысты бастай бермек болады.
Ойламаған жерден, осы сапасыз деген әктасынан өртеп алынған збоштың сапасы
сапалы ақ әктастан әлдеқайда жақсы болып шығады. Онымен араластырылған
цемент (Рим құрылысшылары өртелген әктасты істеткенде оған құм қосып
илейтін, осындай түр сол дәуірде цемент деп аталған) қатқан соң, оны шой
балғаның өзі шаға алмайтын болған. Цмитон салыстыра зерттеу арқылы, осы
қара әктастың ақ әктасқа қарағанда құрамындағы сағыз топырақ құрамы 6-20%
артық екенін, мұның берік болуы сол сағыз топырақтың қызметі екенін біледі.
Сонымен, сағыз топырақ қосып өртелген збош құрылысқа кеңінен қолданылады.
Осы материалмен салынған Эдисон маяк мұнарасы боран-шашында жүзнеше
жыл бой созып тұрды.
Құрылыс біткен соң, Цмитон цементке тынбай зерттеу жүргізіп,
цементтің сапасы барған сайын жақсарып, ол цемент өнертабысының
іргетасын қалаушы болып танылды. Цемент өндірістің
өнеркәсіптенуіне ілесе жарыққа шығып, бүкіл дүниеге жалпыласты.
Цемент пен болат материалдарынан жасалған сіріңке қорабы тәрізді
ғимараттар мен зауыт цехтары, тұңғыш рет әртүрлі ұлттардың дәстүр
шектемесіндегі әлемді бұзып, дүниежүзілік сипаттағы құрылыс
формасын өмірге әкелді. Болатты бетонның тапқырлануына ілесе
басқа да құрылыс материалдары, құрылыс машиналары өндіріліп,
құрылыс кәсібі бұдан былай қарапайым өнеркәсіптік ірі өндіріс
болып қана қалмастан, қайта біздің күнделікті тұрмысымызбен тығыз
қатысы бар көркемөнерге айналды.
1848 жылы цементке деген күн сайын арта түскен қажеттілікті
қанағаттандыру үшін Англияның Кент штатында дүниедегі тұңғыш
цемент құмданын құрды. Кейін, ағылшын инженері Фридих Рансон
айналмалы құмданды тапқырлап, цемент өндірісі сапалы, әрі, жоғары
өнімділікке жетіп, цемент өндірісі ірі өнеркәсіптік өндіріске қадам
басты. 2003 жылы бүкіл әлемде жылдық цемент өндіру мөлшері бір
миллиард тоннадан асты. Жапондар 1963 жылы Батыс Германияда
тапқырлаған көп мөлшердегі жылуды үнемдей алатын қалқымалы
жылытқыш арқылы кептіру өнерін өндіріске енгізіп, цемент өндірудегі
сарып болатын энергияның жартысын үнемдеп, өнім мөлшерін зор
дәрежеде жоғарылатып, әрбір цемент жұмысшысы жылына өндіретін
цементі 32400 тоннаға жетіп, ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында
Жапония дүниедегі цемент өндіретін ірі елдер қатарына енді.
Ал, Қазақ елінде цемент өндірісі Қазан төңкерісіне дейін жалғыз
Шу цемент зауытында ғана болды. Кейін Састөбе (1952, Оңтүстік
Қазақстан облысы), Қарағанды (1953), Шымкент (1958), Семей
(1958) және Өскемен (1961) цемент зауыттары іске қосылды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалғыз Шу цемент з-ты ғана
болды. Кейін Састөбе (1952 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы),
Қарағанды (1953 жыл), Шымкент (1958 жыл), Семей (1958 жыл)
және Өскемен (1961 жыл) цемент зауыттары іске қосылды. Цемент
өндірісін дамыту және қолдану мәселелерін шешуде қазақстандық
ғалымдар: Г. Аяпов, Б.Пәрімбетов, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Батырбаев,
М.П.Сытин, И.Г. Лугин, т.б. көп еңбек сіңірді.
Қазақстандағы цемент өнеркәсібі
Қазақстанда Ұлы Отан соғысынан кейінгі бесжылдықтарда қалыптасты. Қазақстандағы
жылдық қуаты 70 мың Вольт болатын тұңғыш Шымкент облысында орналасқан Састөбе
цемент зауыты 1952 жылы өз жұмысын бастады. Қазақстан цемент өндіру көлемі
жағынан Украинадан кейінгі жетекші орындарды алады. Цемент өндірісінің бұлай өсу
көлеміне қарай оның түрлері де елімізде көбейе бастаған. Цементтің құрылыс өндірісінің
арнайы талаптарына сәйкес келетін бірқатар жаңа түрлері өндіріле бастады. Соның
ішінде Портландцемент өндіру және оның жаңа технологиясы танымал болды.
Портдландцемент гидротехникалық және жерасты құрылыстарына арналған, сульфатқа
төзімді жоғары сапалы цемент және тез қатады.
Цeменттің көп тараған түрінің бірі — портландцемент.
Ол негізінен жоғары негізді кальций силикатынан тұрады. Төменгі негізді кальций
алюминатынан алюминатты Цeмент өндіріледі. Цементтің шикізат клинкері мен
домналық қождан қожпортландцемент, пуццолан Цeмент, т.б. дайындалады. Цeментті
пайдалану үшін, оны алдымен сумен араластырып, цементтік қамыр (ерітінді)
дайындайды. Цементтік қамырды құммен, т.б. араластырып, құрылыстық ерітінділер, ал
оған қиыршық және уақ тас, т.б. қосу арқылы бетон дайындалады. Кейде асбест қосып
асбест цементті бұйым, ағаш жаңқаларын қосу арқылы фибролит жасалады. Арнаулы
зауыттарда минералды шикізатты ұсату, араластыру, майдалау, күйдіру арқылы
цементтік клинкер алынады. Цeменттің сапасы маркамен сипатталады.

Ұқсас жұмыстар
Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі. Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу
ЦЕМЕНТ
Екі сатылы кеңейтілген бетонның құрылымы мен қасиеттері
Химиялық қоспа қосылған бетондар
Түбір белгісі
Кремний қышқылы және силикаттар
БЕТОНДАР ЖƏНЕ БЕТОНТАНУ
Металдар өндірісі
ҚҰРЫЛЫС ЕРІТІНДІЛЕРІ
БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БҰЙЫМДАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Пәндер