Тіл мәдениетін жетілдіру
Презентация қосу
Қазақстан
ҚазақстанРеспубликасында
Республикасында
тiлдердi
тiлдердiдамыту дамытумен менқолданудың
қолданудың
2011
2011--2020 2020жылдарға
жылдарғаарналған арналған
мемлекеттiк
мемлекеттiкбағдарламасы бағдарламасыжәне және
оның
оның 1-ші
1-ші кезеңі
кезеңі
Орындаған: Токшалова Амина, Киюбаева Салия, Зейнуллова Аскен
Искендирова Айкен, Кайдарова Амина, Аширбаева Умитай, Ахтанова
Диана
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның
қорытындысы
Қол жеткізілді:
-Білім сапасын бағалаудың Ұлттық
жүйесі құрылды Өзекті мәселелер:
-Білім саласының барлық деңгейлері
-Білім мекемелерінің
сәйкес мекемелер желісімен
қамтамасыз етілді құрылысы
-Міндетті мектепке дайындық енгізілді
-Мектепке дейінгі тәрбие
-TIMSS,PISA халықаралық
зерттеулеріне Қазақстандық
мен білім беру жүйесі
оқушылардың қатысуы бойынша түзету
-Техникалық және кәсіптік білім қайта кабинеттерін ашу
құрылды
-Мамандарды дайындаудың үш -12 жылдық білім беруге
деңгейлік жүйесі енгізілді: бакалавр – көшу
магистр – доктор PhD
Бағдарламаның басты мақсаты - Қазақстанда тұратын барлық
этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса
маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды
қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты.
Бағдарламалық мақсаттар:
1) мемлекеттiк тiл - ұлт бiрлiгiнiң басты факторы;
2) мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу;
3) дамыған тiл мәдениетi - зиялы ұлттың әлеуетi;
4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
Бірінші бағыт – мемлекеттік тілді
Бағдарламаның негізгі
меңгеру
Екінші бағыт – мемлекеттік тілді
бағыттары
көпшіліктің қолдануына қол
жеткізу және оның пайдаланылу
аясын кеңейту
Үшінші бағыт –
қазақстандықтардың тіл
мәдениетінің деңгейін арттыру
Төртінші бағыт – лингвистикалық
капиталды дамыту үшін қолайлы
жағдайлар жасау
Бірінші бағыт – мемлекеттік тілді меңгеру
Мақсаты: «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы»
Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының
мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл
жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар –
1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және
олардың біліктілігін арттыру - құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады.
2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту
Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру
қызметіне міндетті талаптарды енгізуді көздейді.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау
жүйесін енгізу қарастырылады.
3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемлекеттік тілді оқыту
процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады.
Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету
көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан
білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-
жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған.
Екінші бағыт – мемлекеттік тілді көпшіліктің қолдануына
қол жеткізу және оның пайдаланылу аясын кеңейту
Мақсаты: «Мемлекеттік тілдің көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу»
1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру
Бұл міндетті іске асыруға қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің беделді
бейнесін қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткізіледі.
2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру
Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші міндеті мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тіршілігінің барлық саласына кіріктіру болып табылады.
Осы бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру
арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейтуге ерекше назар
аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгізу арқылы
айрықша мүмкіндіктер ашылады.
Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тіліндегі контингентті кеңейту,
арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсіру арқылы мемлекеттік тілді оқыту
процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалану көзделеді.
Сонымен бірге, аталған бағытта мемлекеттік тілді ғылым, заңнамалық актілер және
жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту шаралары көзделеді.
Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшілік шараларды өткізген кезде мемлекеттік
тілді кеңінен қолдану сөзсіз қажеттілікке айналуға тиіс.
Үшінші бағыт – қазақстандықтардың тіл
мәдениетінің деңгейін арттыру
Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті»
1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу
Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге
келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.
Терминологиялық лексиканы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте
өзекті болып саналады.
Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған
жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болуға тиіс.
Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін
жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.
2. Тіл мәдениетін жетілдіру
Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін
дамыту болуға тиіс.
Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар
кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады.
Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне
айналып отырғанына дау жоқ.
Төртінші бағыт – лингвистикалық капиталды
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау
Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту»
1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі
Төртінші бағытты іске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс
тілінің қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді.
Мұның аясында орыс тілін оқыту жүйесін оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан одан әрі
қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсіптік тұрғыдан оқыту жөніндегі жұмыс
жалғасатын болады.
2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау
Осы міндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің ана тілдерін
оқытуға жағдай жасау көзделеді. Бұл үшін жексенбілік мектептерге оқу-әдістемелік көмек көрсету,
сондай-ақ ана тілдерін оқыту кезінде тілді білетін тәжірибелі педагог мамандарды тарту және
халықаралық тәжірибені, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады.
3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі іскерлік және
халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі шет тілдері болып табылады.
Осы міндеттің аясында шет тілдерін оқыту процесінің ауқымды білім беру кеңістігін сақтау
көзделіп отыр.
Шет тілдік мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты
кеңейту арқылы үкіметаралық келісімдер аясындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар – Шет
мемлекеттердің мәдениет күндерін, көрмелер өткізу, көркем және деректі фильмдерді түпнұсқа тілінде
көрсету көзделеді.
Іске асыру мерзімі
бірінші екінші үшінші
2011 – 2020 кезең: кезең: кезең:
жылдар 2011-2013 2014-2016 2017-2020
жылдар жылдар жылдар
Бiрiншi кезең
Бiрiншi кезеңде (2011 - 2013 жылдар) тiлдердi одан әрi дамыту мен қолданудың
нормативтiк-құқықтық және әдiснамалық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi
шаралар өткiзу көзделедi.
Мәселен, бiрiншi кезеңнiң аясында мемлекеттiк тiлдi оқыту стандарттарын жетiлдiру,
қазақ тiлiн оқыту орталықтарын аккредиттеудiң және олардың қызметiн рейтингтiк
бағалау iсiнiң құқықтық негiзiн әзiрлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады.
Бұған қоса, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауларын жүйелеудi қамтамасыз ету
мәселесi бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы бiрiздендiру
мәселесi бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар
мен көрнекi ақпаратты сәйкестендiрудi жүзеге асыру мәселесi бойынша антропонимика
саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi.
Сонымен қатар, құқықтық ол қылықтарды жою мен тiл туралы заңнаманың
бұзылғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiру көзделедi.
Осы кезеңде мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзетiн,
Қазақстанда тұратын этностардың тiлдерiн сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы
жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенi, сондай-ақ
нәтижелердiң тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу жүйесiн енгiзу көзделедi.
Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік
бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды.
2011-2014 жылдары:
1) 168 баспа жобасы, оның ішінде 48 оқу-әдістемелік құрал, балаларға арналған 35 кітап, 36 салалық
сөздік және танымдық, ғылыми, публицистикалық 49 кітап жарық көрді. "Қазақ сөздігі" қазақ тілінің
біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі, инновациялық негізде әзірленген "Даналық әліппесі" оқыту кешені
жарық көрді;
2) ІЕLТS (Ұлыбритания) және ТОЕҒL (Америка Құрама Штаттары) жүйелері бойынша тілді білуді
бағалаудың көпдеңгейлі жүйесі негізінде "Қазтест" жүйесі әзірленді;
3) шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдеріне ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық
қолдауды ұйымдастыру жүйелі түрде жүргізіліп отыр. Шетелде тұратын отандастарды қолдау мақсатында
тұрақты түрде Еуропа қазақтарының дәстүрлі кіші құрылтайы мен өнер фестивалі, сонымен қатар шетелде
тұратын отандастарымыздың өмірлік іс-әрекетінің мәселелері бойынша әлеуметтанушылық және талдамалық
зерттеулер жүргізіледі;
4) мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-
портал (сервистің 20-дан астам түрі) құрылып, үнемі жаңартылып тұрады;
5) қазақтілді интернет-ресурстарды, контенттерді дамыту мақсатында тілді қашықтықтан оқыту
курстарының саны ұлғайды;
6) мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда (мемлекеттік бұқаралық ақпарат
құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) контентінде электрондық БАҚ-та қазақ тілінде хабар тарату көлемі, сондай-
ақ баспа БАҚ-тағы мемлекеттік тілдің үлесі 50 %-дан жоғары).
7) шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөніндегі жұмыстар
жоспарлы түрде жүргізілуде;
8) "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
және бірқатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылданды;
9) Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды.
Бағдарламаға қайшы келетін
проблемалар
Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалы
аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандарттарының,
қазақ тілі оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейінің төмендігімен,
қазақ тілін оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының
болмауымен, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және
мониторинг жасау жүйесінің болмауымен тікелей байланысты.
Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің
жеткіліксіз енгізілуі. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен,
халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында
мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның
және жаңа технологиялардың тілі ретінде дамытуға байланысты болып отыр.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру, оны отбасы
құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңызды тізбесі проблемалы
болып табылады, сондай-ақ тіл саласындағы кейбір келеңсіз дақпырттар мен
таптаурын пікірлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.
Қазақстан қоғамындағы тіл мәдениетінің төмендеуі. Көрсетілген аспектіде
терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар,
сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ үйлесімді тілдік орта құру
қажеттілігі лингвистикалық кеңістікті одан әрі өрістетуде айтарлықтай қиындықтар
тудырып отыр.
Осы ретте тіл мәдениеті нормаларының сақталуы бойынша шаралар
ұйымдастыру көзделеді.
Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту
қажеттілігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде
орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын
қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және
халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын және басқа да шет
тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар.
Осы проблемаларды шешудің және нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің
басым қажеттілігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттерді көздейді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz