МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ



МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ, ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
ИНФЛЯЦИЯ
ДАЙЫНДАҒАН: ЖЫЛҚЫБАЕВ. С

Макроэкономика (грекше μακρός - ұзын, үлкен, οἶκος - үй және Nόμος - заң) -
экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Жұмыссыздық - бұл еңбекке қабілетті халықтың жұмыс істеуді қалайтын, бірақ уақытша немесе мүлдем жұмысынан айырылған бөлігінің жұмыспен қамтылмауы көрінісі.

Жұмыссыздық - бұл еңбекке қабілетті адамның жұмыссыз қалуы. Ал, жұмыссыз қалу адамдардың тұрмыстық жағдайын нашарлатып ғана қоймайды, сонымен қатар бұл жағдайда адамдар моральдық тұрғыдан да күйзеліске ұшырайды. Өйткені, бір жағынан жалақы басым көпшіліктің бірден-бір табыс көзі болып табылса, екінші жағынан жұмыссыз қалған жан өзін қоғамға қажетсіз сезінуі мүмкін.

ОББ есептері бойынша әлемдегі 2006 жылғы жұмыссыздық деңгейі

құрылымдық жұмыссыздық;
Жұмыссыздықты қалыптасу сипаттарымен байланысты негізінен үш түрге жіктеуге болады:
уақытша (фрикциондық) жұмыссыздық;
циклдік жұмыссыздық.

Уақытша жұмыссыздық - бұл өздерінің біліктілігіне және жеке қалауларына сәйкес келетін жұмысты іздеп жүрген немесе күтіп отырған жұмыс күшінің бір бөлігі.

Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күшіне сұраныстың құрылымын өзгертетін өнеркәсіптегі технологиялық ілгерілеушілікпен байланысты туындайтын, жұмыссыздықтың бір түрі.
Яғни, құрылымдық жұмыссыздар - олар ғылыми-технологиялық ілгерлеушілік нәтижесінде мамандықтары аса қажетсіз немесе мүлдем жарамсыз болуы себепті жұмыс таба алмай жүрген тұлғалар.

Жұмысқа жарамсыздар немесе жұмыс күшіне жатпайтындар:
кәмелеттік жасқа
толмағандар
зейнеткерлер
үй шаруасындағылар
оқушылар
күндізгі оқу бөлімінің
студенттері
психиатриялық ауруханаларда
ұзақ уақыт бойы емделіп
жатқандар
арнайы мекемелерде бас
бостандығынан
айырылып қамауда отырған

Жұмыссыздықтың ұлғаюы экономикалық, әлеуметтік, тіптен саяси салдарға әкеліп соғады. Нақтырақ айтқанда, жұмыссыздықтың салдарынан:
ұлттық экономика өзінің экономикалық әлуетін толық пайдалана алмайды. Мысалы, ЖІӨ-нің жоғалтылуы;
жұмысын жоғалтқан адамдар уақыт өте келе өздерінің кәсіби біліктіліктерін де жоғалтады;
қоғамда әлеуметтік және саяси мәселелер бой көрсетеді, бұл тіптен әлеуметтік-саяси жанжалдарға әкелуі мүмкін және т. б.

Қорыта айтқанда, жұмыссыздық қоғам үшін өте ауыр, тиімсіз құбылыс болып табылады. Әсіресе, жұмыссыздықтың деңгейі 5-7 %-дан неғұрлым үлкен болған сайын, оның қоғамға әкелетін зардаптары ауырлай түседі.

Жұмыссыздық аса күрделі мәселе болып табылатындықтан, оның алдын алу және онымен күресу мемлекеттік деңгейде дұрыс саясат жүргізу арқылы ғана оң нәтижеге әкеледі. Жұмыссыздықпен күрес сұранысқа сәйкес кадрлар даярлау, елдің демографиялық жағдайына, экономикалық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күшін оңтайлы орналастыру, жалақы деңгейін реттеу секілді алуан түрлі іс-шаралар негізінде жүргізіледі.

Инфляция (inflatio) - бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін.
Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі - инфляция.
Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) - орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

1775-1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқты. Францияда 1784-1794 жылдары революция кезінде өндірілген қағаз ассигнаттар бір жылда 883 есе құнсызданды. Еркін бәсеке кезіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстан, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айрбасталуының тоқтауы кезінде пайда болды.

2010 жылғы Әлемдегі инфляция деңгейі

Инфляция - бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
Ақша айналысының
факторлары
Ақшалай емес факторларға

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
алтынға;
тауар;
шетел
валютасына.

Инфляцияның жылдық орташа мөлшері, %-бен
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамдарға сай болып келеді.

2009 жылғы қараша айындағы азық-түлік емес тауарларға деген бағаның өсуі 2008 жылдың желтоксан айына қатысты алғанда 8, 3% және ақылы қызметтер бойынша - 7, 2%-ға өскен. Ал азықтүлік тауарларына бағаның есуі 2, 6%-ды құрады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz