Логистикалық жүйе
Презентация қосу
Логисти
ка
Орындаған:Кумісқалиев Б.Б
Тексерген:Егзалиева А.Б
Жоспар
1 Логистиканың тарихы,эволюциясы
Логистиканың концепциялары
2 ,логистикалық жүйе
Материалдық ағымдар,
3 сатып алу логистикасы
I.Логистиканың даму
тарихы
• Практикалық логистиканың пайда болу
және даму тарихы кӛне заманнан
басталады. Гамбург университетінің
профессоры Г.Павеллектің айтуынша, тіпті
Рим империясының кезеңінде "логистер"
немесе "логистиктер" деген мәртебесі бар
қызметкерлер болған. Олар азық-түлік
ӛнімдерін бӛлумен айналысқан. Біздің
дәуірдің бірінші мыңжылдығында бірқатар
елдердің әскери лексиконында
логистиканы қарулы күштерді материалды
ресурстармен қамтамасыз ету және
олардың қорларын сақтау бойынша
қызметпен байланыстырған. Мысалы,
византийлік патша VI Леон (б.з. 865-912 ж.
ж.) кезінде логистиканың міндеттеріне
әскерді қаруландыру, оларды әскери
мүлікпен қамтамасыз ету, олардың
қажеттіліктерін уактылы қарайластыру
• Логистикалық әдіс Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде, әсіресе
американдық әскерлерде кеңінен қолданылды. Әскери
ӛнеркәсіптің, тылдағы және соғыс алаңындағы жабдыктау
базалары мен кӛліктің нақгы бірлескен іс-әрекеті американдық
әскерді қажетті мӛлшерде қаружарақпен, жанар-жағар май
материалдарымен және азық-түлікпен уақтылы және жүйелі түрде
қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады
Логистика сөзінің мағынасы
• Философиялық энциклопедияда логистиканың
мынадай түсініктемесін табуға болады:
"Логистика гректің "1оgіstіke" сӛзінен алынған
— есептеу, пайымдау ӛнері. Ежелгі гректерде
есептеу және геометриялық ӛлшеу ӛнері, яғни
теориялық математикаға қарсы қойылатын
практикалық арифметика логистика деп
аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс
Европада XVII ғасырға дейін қолданылған.
Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі,
философы) логистиканы "саlculus гаtiосіnаtог"
(ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним
ретінде колданған. 1904 жылы Женевадағы
Халықаралық философиялық конгресте бұл
термин математикалық логиканы белгілеу үшін
ұсынылды"
Әскери
логистика
Логистика бойынша бірінші ғылыми
еңбектерді шығарушы ретінде XIX
ғасырдың басындағы француз
әскери маманы Джоминиді атауға
болады, ол логистикаға мынадай
анықтама берген: "логистика -
әскерлерді маневрлеудің
практикалық ӛнері". Ол логистикаға
тек тасымалдау ғана емес, сондай-
ақ жоспарлау, басқару және
жабдыктау мәселелері, әскерлерді
орналастыру жерлерін анықгау,
сонымен қатар кӛпір, жол және т.б.
салу мәселелері жатады деп
пайымдаған. Логистика әскери
ғылым ретінде тек XIX ғасырдьң
ортасында ғана қалыптасты
• Логистика дамуының тағы бір бағыты - экономикалық, мұнда логистика деп
шаруашылық жүргізудің ғылыми практикалык бағыты, яғни ӛндіріс және айналым
сфераларындағы материалды және олармен байланысты ақпараттық және қаржы
ағымдарын тиімді басқару түсіндіріледі. Экономикада логистиканың кең қолданылуы
60-70—ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы
жетістіктермен байланысты. Шикізат, бӛлшектер мен дайын ӛнімдердің қозғалысының
барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудын
дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді.
Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды
жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.
Логистика эволюциясы
• Логистика ғылым ретінде және азаматтык саладағы бизнес құралы ретінде ең
алдымен АКШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика
эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарыктық қатынастардың
тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі "логистика"
терминінің ӛзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай
қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы Батыста мамандар,
ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы және
мазмұны бойынша талкылаулар әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика
бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады: кӛптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып
әр түрлі терминдерді қолданады. "Логистика" терминінің ең кӛп кездесетін
синонимдерінің тізімі 1 кестеде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминнің
қолданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің
жеке жақтарына кӛңіл бӛлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда кӛрсетуге
болатыны "физикалық бӛлу" терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші
жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінін синонимі ретінде қолданылып
келді, ал казіргі уакытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін
білдіреді және "дистрибьюция" терминінің синонимі болып табылады.
Шетел әдебиеттерінде кеңінен
қолданылатын «логистика»терминінің
синонимдері
Термин атауы (ағылшын тілінде) Атаудың аудармасы
Physical distribution Физикалық бӛліну
Matketing logistics Маркетинг логистикасы
Materials management Материалды менеджмент
Logistics engineering Логистикалык ижинеринг
Industrial logistics Ӛнеркәсіптік логистика
Business logistics Бизнес логистика
Logistical management Логистикалык менеджмент
Integrated logistics management Біріккен логистикадағы
менеджмент
Supply management Жабдықтау менеджменті
Logistics pipeline management Логистикалык арна менеджменті
Distribution management Бӛлу менеджменті
Supply chain management Логистикалык тізбек
менеджмент
Time-based management Уақытқа негізделген менеджмен
Логистиканың даму тарихы
кестесі(орыс тілінде)
Логистикалық ренессанс
80 - 90 жылдары логистика бойынша ең белгілі ғалымдар мен
мамандарының бірі, АҚШ-тың Мичиган университетінің профессоры
Дональд Бауэрсонс "логистикалық ренессанс" кезеңі деп атады. Шынында
да, осы кезең ішінде логистика теориясы мен практикасы алдыңғы
онжылдықта жасалғаннан асып, алға қадам басты. Логистиканың тез
дамуының басты идеясы минималды шығындармен бизнестің соңғы
мақсатына жету үшін "сатып алулар — ӛндіріс - дистрибьюция — сатулар"
толық логистикалык торындағы фирманың логистикалық функциялары
мен оның логистикалық әріптестерін максималды интегралдау болды.
Қарастырылып отырған тарихи кезеңде логистикалық шарықтау
феноменін түсіндіретін әлемдік экономикада маңызды ӛзгерістер болды.
Олардың негізгілері мыналар: -ақпараттык технологиялардың
революциясы және персоналды компьютерлерді енгізу; - рыноктарды
ғаламдастыру; - экономика инфрақұрылымын мемлекеттік реттеудегі
ӛзгерістер; - ТQМ философиясын жан-жақты тарату; - серіктестіктің және
стратегиялық одақтардың ӛсуі; -бизнесті ұйымдастырудағы құрылымдық
ӛзгерістер.
Бизнестегі логистикалық концепцияны жетілдіруге тез дамушы
электронды байланыс рыногы да әсер етті, соның ішінде: ақпараттарды
хабарлау торлары, факсимильді байланыс, электронды пошта,
телеконференциялар, кӛпшілік пайдалануға болатын бағдарламалық
қамтамасыз етудің клирингхауздары және т.б. Логистикалық серіктестер
коммерциялық (Соmpu Serve, America Online), сонымен қатар
коммерциялық емес (Internet) жаппай ақпараттық қызмет кӛрсету
жүйелерінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана бастады.
II.Логистиканың
концепциялары,логистикалық
жүйе
Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсері. Шикізаттың
бірінші кӛзінен ӛндірістік, тасымалдау және делдалдық звено
тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды
ағымдардың құны ӛсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген
зерттеулер кӛрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен ӛнім
құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен,
ораумен және материалды, ағымдардың козғалысын
қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты
шығындар құрайды. Тауардың соңғы бағасында логистикаға
кеткен шығындар үлесінің кӛптігі материалды ағымдарды
басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу
субъектілерің экономикалық кӛрсеткіштерін жақсартудың қандай
резервтері бар екенің кӛрсетеді
Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының
бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық
ӛнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды
ағымдардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%-ға
қысқаруын қамтамасыз. Қорларды оңтайландырудың жоғары
маңыздылығы келесімен түсіндіріледі: - логистикаға кететін
шығындардың жалпы құрылымында қорларды ұстауға кететін шығындар
50%-ды құрайды, оның ішіне басқару аппаратына кететін шығындар,
сондай - ақ тауарлардың бұзылуынан немесе ұрлануынан болған
жоғалтулар кіреді; - кәсіпорынның айналым капиталының көп б ӛлігі
қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-нан 50%-ға
дейін);
- қорларды кұруға кететін ӛндірістегі шығындар, жалпы шығындар
кӛлемінің 25-30%-на дейін құрайды. Логистиканы пайдаланудағы
қорлардың қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс -
әрекеттерінің ӛзара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу
сенімділігінің жоғарылауы есебінен, қорларды дұрыс бӛлу есебінен,
сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі.
Логистикалық жүйелердің интегративті қасиеттері бұл жүйелердің
"логистиканың алты ережесі" деп аталатын соңғы максатты жүзеге асыру
қабілеттілігін білдіреді. Логистиканың алты ережесі:
ЖҮК - керекті тауар
САПА - қажетті сапада
САНЫ - қажетті көлемде
УАҚЫТ - қажетті уақытта
жеткізілуі тиіс
ОРЫН - керекті орынға
ШЫҒЫНДАР - минималды
шығындармен
Маркетинг және логистика
Маркетинг тауарлардың тиімді сатылуын қамтамасыз ету үшін ӛндірісті
рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін
білдіреді
Маркетинг логистикаға қарағанда тарихи ертерек пайда болды, себебі сол кездегі тауарларды
ӛткізу қиындықтарына байланысты практика жүзінде қажет етілген. XX ғасырдың ортасында
ӛндірісті рынокқа қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сұранысты зерттеуде, сұранысқа
әсер етуде маркетингтік әдістерді колдану бәсеке қабілеттілікті жоғарылататын шешуші
фактор болды. Материалды ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді құру
мәселесі ол кезде ӛзекті болмады, себебі біріншіден, экономикада мұндай жүйелерді құрудың
техникалық мүмкіндіктері жоқ еді, екіншіден, сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану
есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді. Бүгінгі жағдайларда тек қана маркетинтті пайдалану
негізінде "алға шығу" мүмкін емес. Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақтылы, тез және
дәл жеткізу арқылы қанағаттандырылуы тиіс ("тез жауап беру технологиясы"). Пайда болған
сұранысқа бұл "тез жауап" тек бір қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады. Тарихи
тұрғыдан алғанда, логистика экономикалық аренаға едәуір кеш шыққан, ол тұтынушыны, к ӛлікті
және жабдықтаушыны мобильді, техникалық-технологиялык және экономикалық үйлескен жүйеге
байланыстыру арқылы маркетингті толықтырып дамытады. Маркетинг пайда болған сұранысты
бақылайды және анықтайды, яғни тӛмендегідей сұрактарға жауап береді: қандай тауар, қандай
сапада, қандай кӛлемде, қашан және қайда қажет? Логистика қажет болған тауар массасының
тұтынушыға физикалық жылжуын қамтамасыз етеді. Логистикалық интеграция талап етілген
тауардың қажетті жерге, қажетті уақытта минималды шығындармен жеткізілуіне мүмкіндік береді.
Маркетинг тауар козғалысын ұйымдастыруға жүйелі тәсіл міндеттерін қояды: тауар қозғалысын
тиімді ұйымдастыру кезінде, бұл үрдістің әр сатысы жақсы құрылған жалпы жүйенің б ӛлінбес б ӛлігі
ретінде жоспарлануы тиіс. Дегенмен, тауар қозғалысы үрдісінің барлық қатысушыларының
техникалық - технологиялык интеграциясының
әдістері маркетингтің емес, логистиканың негізгі зерттеу п ӛні болып табылады. Маркетинг рынокты
зерттеуге, жарнамаға, сатып алушыға психологиялық әсер етуге және т.б. бағытталған. Ал
логистика, ең алдымен, тауар ӛтуші тізбектер бойынша материалдарды ӛткізудің техникалық -
технологиялық жүйелерін, сондай-ақ олардың ӛтуін бақылап отыратын жүйелерді кұруға
бағытталған
Концепция — кӛзқарастар жүйесі, құбылыстар мен үрдістерді ұғу, түрлі қызмет түрлерінің
конструкциялық қағидасы. Қағида - кез келген теорияның, оқудың, ғылымның негізгі, бастапқы,
жағдайы. Адамдар материалды ағымдарды басқару бойынша қызметті ӛндірістік, сауда және басқа
да шаруашылық қызмет түрлері сияқты, оның экономикалық дамуының ерте кезеңінен бастап
жүргізетін. Логистиканың жаңалығы, ең алдымен түрлі шаруашылық қызметтер арасыңдағы
артықшылықтың материалды ағымдарды басқару бойынша қызметтерге ауысуында. Кәсіпкерлер
тек жақында ғана экономикадағы шикізат, б ӛлшектер және дайын ӛнімнің қозғалуының барлық
сатыларын іштей бақылаудың тиімділікті жоғарылатуда қандай потенциалы бар екенін білді.
Логистиканың концепциясы материалды ағымдарды оңтайландыру арқылы шаруашылық
кызметтерді жетілдіруге тиісті кӛзқарастар жүйесі болып табылады. Материалды ағымдарды
басқару кұрылатын негізгі, конструктивті принцип жүйелілік принципі болып табылады. Ол
бірыңғай процесс үрдісі ретінде сатып алуларды жүргізу, ұйымдастыру, сақтау, ӛндіріс, ӛткізу
және тасымалдауды білдіреді. Экономикадағы материалды ағымдар к ӛптеген қатысушылардың
қызметтерінің нәтижесінде пайда болады, ол қатысушылардың әрқайсысының ӛз мақсаттары бар.
Егер катысушылар бірлесіп, баскару объектісін — іштей материалды ағымдарды —
рационализациялау мақсатында ӛз ісәрекеттерін келісіп жасаса, онда олардың барлығы маңызды
экономикалық пайда алады. Материалды ағымдарды рационализациялау тек бір кәсіпорын немесе
оның бӛлімшесінің шеңберінде ғана мүмкін болады. Бірақ максималды әсерді тек шикізаттың
алғашкы кӛзінен соңғы тұтынушыға дейінгі жолда, жиынтық материалды ағымдарды оңтайландыра
отырып немесе оның жеке маңызды учаскілерін оңтайландыра отырып алуға болады. Бірақ
материал ӛткізуші тізбектердің барлық звенолары, яғни макрологистикалық және
микрологистикалық жүйелердің барлық элементтері бірыңғай құрылған механизм ретінде жұмыс
істеуі қажет. Бұл мәселені шешу үшін техниканы таңдауға, материал жылжитын түрлі учаскілердегі
ӛзара үйлескен технологиялық үрдістерді жобалауға, қарамақайшы экономикалық мүдделердің
үйлесу мәселелеріне және де материалды ағымдарды ұйымдастыруға байланысты басқа
мәселелерге жүйелік тұрғыдан қарау қажет. Материалды ағымдарды басқаруға жүйелік тұрғыдан
қарау мәселелері толығынан тӛменде қарастырылады.
Логистиканың бастапқы жағдайына (припципіне) жүйелілікпен қатар мыналар жатады: кешендік, ғылыми,
нақтылық, конструктивтік,
сенімділік және варианттылық. Аталған логистика принциптерін қыскаша сипаттап ӛтейік:
1.кешендік: - нақгы жағдайларда ағымдардың қозғалысын жүргізу барлық қамтамасыз ету түрлерін
(дамыған инфрақұрылым) қалыпастыру; - ресурстар мен ӛнімдер козғалысының тікелей және оқшауланған
катысушылардың іс-әрекеттерін үйлестіру; - фирмалардың логистикалық құрылымының алдыңда тұрған
мәселелердің орындалуына орталықтан бақылауды жүргізу; - тауар тізбегі бойынша фирмалардың
сыртқы әріптестермен тығыз бірлесіп қызмет жасауға ұмтылуы және фирманың түрлі б ӛлімшелері арасында
және ішкі қызмет шеңберінде берік байланыс орнатуға ұмтылыс.
2.ғылыми негізделуі: - ағымды басқарудың барлық сатыларында, жоспарлаудан талдауға дейін, есептік
бастаманы күшейту, ағымдар қозғалысының траекториясының барлық параметрлерінің толық есебін жүргізу;
- білікті кадрлардың мәртебесін
фирманың логистикалық құрылымының ең маңызды ресурсы деп тану.
3. нақтылық: - техникалық, экономикалық және басқа да талаптарға сәйкес, ағымдар козғалысының мақсаты
ретінде нақты нәтижені дәл анықтау; - қозғалысты барлық ресурстардың ең аз шығындарымен жүргізу; - жұмыс
нәтижесі алынған пайдамен есептелетін, есептік калькуляциялық бӛлімшелер немесе кұрылымдық органдар
тарапынан логистиканы басқару.
4. конструктивтілік: - ағымды диспетчерлендіру, ағым объектісінің қозғалысын және ӛзгерісін үзіліссіз
бақылап отыру және оның қозғалысын тез арада дұрыстап отыру; тауарлардың тасымалдануының және
материалдытехникалық қамсыздануының барлык операцияларының бӛлшектерін аңыктау.
5. сенімділік: - қозғалыстың қауіпсіздігін және тоқтаусыздығын қамтамасыз ету, ағым қозғалысының
траекториясын қажет жағдайда ӛзгерту үшін байланыс пен техникалық құралдарды резервтеу; - қозғалысты
баскарудың және қозғалудың қазіргі техникалық құралдарын кеңінен пайдалану; ақпаратты тез алудың
жоғары жылдамдығы мен сапасы және оны ӛңдеудін жоғарғы технологиялары.
6. варианттылығы: - фирманың сұраныс ауытқуларына және басқа да сырткы ортаның әсеріне икемді
бейімделу мүмкіндігі;
- резервтік куаттардың мақсатын кұру, ол фирманың алдын - ала жасалған резервтік жоспарына сәйкес жүзеге
асырылады.
- Аталған принциптермен қатар, логистика концепциясы, сондай-ақ т ӛмендегідей жағдайлармен айқындалады: -
бүкіл логистикалық тізбек бойында логистикалық шығындарды есептеу, технологиялык үрдістерді
гуманизациялау, қазіргі еңбек жағдайларын кұру, логистикалық қызметті дамыту.
Логистикалық жүйе
Логистикалық жүйенің түсінігі логистиканың негізгі түсініктерінің бірі болып табылады.
Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін түрлі жүйелер бар. Бұл
кӛпшіліктің ішінен оларды талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді б ӛліп
қарастыру қажет
Логистикалық жүйе түсінігі жалпы жүйе түсінігіне қатысты жеке ұғым болып табылады.
Сондықтан да, ең алдымен, жалпы жүйе түсінігіне анықтама беріп, содан кейін қандай
жүйелер класы логистикалыққа жататынын анықтаймыз. Энциклопедиялық с ӛздікте "жүйе"
түсінігінің мынадай анықтамасы берілген: «жүйе» (грек с ӛзінен алынған б ӛліктерден
құралған біртұтас, бірігу деген мағынаны білдіреді) — бір - бірімен ӛзара байланысты
және қарым - қатынаста болатын, белгілі бір "тұтастықты, бірлікті құрайтын к ӛптеген
элементтер"
Объект жүйе болуы үшін, оның тӛрт қасиеті болуы тиіс.
Бірінші қасиеті - тұтастык және мүшелік. Жүйе дегеніміз бір бірімен ӛзара
әрекет ететін элементтердің тұтастық жиынтығы. Элементтер тек жүйеде
ғана болатынын ескеру қажет. Жүйеден тыс - бұл тек жүйе құраушы
потенциалды қабілеттілігі бар объектілер. Жүйе элементтері түрлі сапада
болуы мүмкін, бірақ олар бір уақытта үйлесімді болуы да мүмкін. Екінші
қасиеті - байланыстар. Жүйе элементтері арасында белгілі бір байланыс
бар, олар осы жүйенің интегративті сапасын заңды қажеттілікпен
анықтайды. Байланыстар заттай, ақпараттық, тура, кері және т.б. болуы
мүмкін. Жүйенің ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар, жеке
элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда күшті болуы тиіс,
әйтпесе кері жағдайда жүйе қалыптаса алмайды. Үшінші қасиеті —
ұйымдастыру. Жүйе элементтерінде жүйенің құрушы факторлардың болуы
тек оның құрылу мүмкіндігін кӛрсетеді. Жүйенің пайда болуы үшін реттелген
байланыстар қалыптастыру қажет, ягни жүйенің белгілі бір құрылымы,
ұйымдастырылуы. Тӛртінші қасиеті — интегративті қасиеттер. Жүйенің
интегративті қасиеттерінің болуы, яғни жалпы жүйеге тән, бірақ оның жеке
элементтеріне тән емес.
Логистикалық жүйенің
анықтамасы және мақсаты
Жалпы қабылданған логистикалық жүйенің анықтамасы
келесідей: логистикалық жүйе — логистикалық кызметтерді
атқаратын, кері байланысы бар бейімделгіш жүйе. Ол бірнеше
элементтерден тұрады және оның сыртқы ортамен дамыған
байланыстары бар. Логистикалық жүйе ретінде ӛнеркәсіптік
кәсіпорынды, территориалды - ӛндірістік кешенді, сауда
кәсіпорынын және т.б. қарастыруға болады. Логистикалық
жүйенің мақсаты — тауарлар мен бұйымдарды керекті жерге
қажетті мӛлшерде және ассортиментте, шығындардың белгілі
деңгейінде ӛндірістік немесе жеке тұтынуға дайындығы
максималды дәрежеде жеткізу
Логистикалық жүйенің түрлері
Логистикалық жүйелер, жоғарыда айтып кеткендей макро- және микрологистикалық болып
бӛлінеді. Макрологистикалык жүйе - елдің түрлі аймақтарында немесе түрлі елдерде
орналасқан, түрлі ведомстволардың ӛнеркәсіптік, делдалдық, сауда және тасымалдау
ұйымдары мен кәсіпорындарды қамтитын материалды ағымдарды басқаратын ірі жүйе.
Макрологистикалық жүйе аймақ, елдердің немесе елдер тобының экономикасының белгілі бір
инфрақұрылымын білдіреді. Түрлі елдерді қамтитын макрологистикалық жүйенің қалыптасуы
кезінде халықаралық экономикалық қатынастардың құқықтық және экономикалық
ерекшеліктерімен байланысты, елдердің кӛлік заңдылықтарының ерекшеліктерімен
байланысты қиындықтарды және сондай-ақ басқа кедергілерге т ӛзу қажет. Мемлекетаралық
бағдарламалардағы макрологистикалық жүйелердің қалыптасуы біртұтас экономикалық
кеңістік құрылуын, ішкі шекараларсыз тауарларды, капиталдарды, ақпараттарды, еңбек
ресурстарын тасымалдаудағы кедендік кедергілерсіз ортақ рыноктың құрылуын талап етеді.
Микрологистикалық жүйелер, макрологистикалық жүйелердің құрылымдық құрамдасы, б ӛлімі
болып табылады. Оларға түрлі ӛндірістік және сауда кәсіпорындары, территориалды -
ӛндірістік кешендер жатады. Микрологистикалық жүйелер ӛндірісішілік логистикалық жүйелер
класына жатады, олардың құрамына біртұтас инфрақұрьлыммен біріккен, технологиялық
байланысқан ӛндірістер кіреді. Макрологистика шеңберіндегі жеке микрологистикалық жүйелер
арасындағы байланыстар тауар - ақша катынастарының негізіңде бекітіледі.
Микрологистикалық жүйелер ішінде элементтер әрекет етеді. Дегенмен, олардың ӛзара
әрекетінің негізі тауарлы емес. Бұл - фирма, бірлестіктер немесе бір экономикалық нәтижеге
жұмыс істейтін басқа шаруашылық жүйе ішіндегі жеке б ӛлімшелер. Логистикалық жүйенің үш
түрі бар: тікелей байланысы бар, икемді және эшелонданған логистикалық жүйелер. Тікелей
байланысы бар логистикалық жүйелер. Бұл логистикалык жүйелерде материалды ағым ӛнім
ондірушіден тұтынушыға делдалсыз тікелей ӛтеді. Эшелонданған логистикалык жүйелер.
Мұндай жүйелерде материалды ағым жолында кем дегенде бір делдал бар. Икемді
логистикалық жүйелер. Мұнда материалды ағымның ӛнім ӛндірушіден тұтынушыға
қозғалысы тікелей, сондай-ақ делдалдар арқылы жүруі мүмкін
III.Материалдық ағымдар,сатып алу
логистикасы
Материалды ағым түсінігі логистикада негізгі болып табылады.
Материалды ағымдар шикізаттың алғашқы кӛзінен бастап
соңғы тұтынушыға дейін шикізаттарды, жартылай
фабрикаттарды және дайын бұйымдарды тасымалдау,
қоймалау және олармен басқа да материалды операциялар
жүргізу нәтижесінде пайда болады
Материалды ағымдар түрлі кәсіпорындар арасында немесе бір кәсіпорынның
ішінде жүруі мүмкін. Материалды ағымдар дегеніміз - логистикалық операцияларды
жүргізу барысында қарастырылатын және мерзімдік интервалға жатқызылатын
жүктер, бӛлшектер, тауарлы материалды құндылыктар. Жүктердің, бӛлшектердің,
тауарлы - материалды құндылықтардың тасымалдау, ӛндірістік, қоймалау
звенолары арқылы жылжу жолында барлық операцияларды бӛліп қарастыру
мынадай мүмкіндіктер береді: - ӛзгермелі ӛнімнің соңғы тұтынушыға жылжу үрдісін
кӛру; - бұл үрдісті рынок қажеттіліктерін ескере отырып жобалау. Материалды
ағым ӛлшемі бӛлшек түрінде беріледі, оның алымында жүктің ӛлшем бірлігі
кӛрсетіледі (дана, тонна және т. б.), ал бӛлімінде уақыттық ӛлшем бірлігі (тәулік, ай,
жыл және т, б.). Мысалы, материалды ағым ӛлшемі - тонна/ жыл Кейбір
логистикалық операцияларды жүргізуде материалды ағым берілген уақыт мезетінде
қарастырылуы мүмкін. Онда ол материалды қорға айналады. Мысалы, жүкті
тасымалдау операциясы темір жол кӛлігімен жүруі мүмкін. Жүк жолда болған кезде,
ол материалды қор болып табылады және "жолдағы қор" деп аталады.
Материалды ағымдар түрлі материалдық операциялар қосылған үрдісте
қарастырылатын жүктер ретінде анықталған. Жүктер мен логистикалық
операциялардың кӛп түрлілігі материалды ағымдарды зерттеуді және басқаруды
қиындатады. Нақты мәселені шеше отырып, кандай ағымдар зерттеліп отырғанын
дәл анықтау қажет. Бір мәселені зереттеген кезде зерттеу объектісі кӛп
операциялар тобы бар үрдісте карастырылатын жүк болуы мүмкін. Мысалы, тарату
торын жобалауда және қойма саны мен орналасуын анықтау кезінде. Басқа
мәселелерді шешуде - мысалы, қоймашілік логистикалық үрдісті үйымдастыруда әр
операция жеке-жеке зерттеледі
Материалды ағымдар тӛмендегідей негізгі белгілер бойынша б ӛлінеді:
- логистикалық жүйеге қатысы;
- - ағымның натуралды
- - заттай құрамы;
- - пайда болған зат ағымдарының саны;
- - пайда болған жүк ағымдарының үлес салмағы;
- - жүктердің үйлестірімділік дәрежесі;
- - жүктердің консистенциясы;
- - детерминациялау дәрежесі; - уақыт бойынша үзіліссіздігі
Материалды ағымдардың бөлінуі
Логистикалық жүйеге қатысы бойынша материалды ағымдар: сыртқы,
ішкі, кіретін және шығатын болуы мүмкін. Сыртқы материалды ағым
кәсіпорын үшін сыртқы ортада жүреді. Бұл категорияны кез - келген
кәсіпорыннан қозғалатын жүктер құрамайды, ал тек оның
ұйымдастыруына кәсіпорындардың қатысы бар жүктер құрайды. Ішкі
материалды ағым логистикалық жүйенің ішінде жүкпен логистикалық
операциялар жүргізу нәтижесінде пайда болады. Кіруші материалды ағым
логистикалық жүйеге сыртқы ортадан кіреді. Шығушы материалды ағым
логистикалық жүйеден сыртқы ортаға шығады. Кәсіпорындағы қорлар бір
деңгейде сақталған кезде кіруші материалды ағым шығушыға тең болады.
Материалды ағымдар натуралды - заттай құрамы бойынша бір
ассортиментті және кӛп ассортиментті болып бӛлінеді. Мұндай бӛліну
қажет, себебі ағымның ассортименті құрамы олармен жұмыс жасағанда
қамтылады. Мысалы, ет, балық, кӛкӛніс, жеміс сататын кӛтерме азықтүлік
базарындағы логистикалық үрдіс аттас жүкпен жұмыс жасайтын картоп
сақтау орнындағы логистикалық үрдістен ерекшеленеді
Жүктердің
консистенциясы
Жүктердің консистенциясы бойынша материалды ағымдар себілетін (үйілетін), тиелетін,
ыдысты - даналық және құйылатын жүктер болып б ӛлінеді. Себілетін (үйілетін)
жүктер (мысалы, астық) ыдыссыз тасымалданады. Олардың басты қасиеті -
себілетіндігі. Арнайы кӛлік құралдарымен тасымалдана алады: бункер, тіпті
вагондарда, ашық вагондарда, платформаларда, контейнерлерде, автомашиналарда.
Тиелетін жүктер (тұз, кӛмір, кен, құм және т.с.с.) — минералдар тектес. Ыдыссыз
тасымалданады, олардың кейбірелері мұздалуы, нығыздалуы, бірігулері мүмкін.
Алдыңғы топтай себілу касиеті бар. Ыдысты - даналық түрлі физикалық - химиялық
қасиеттері, үлес, кӛлемі бар. Олар контейнерлердегі, жәшіктердегі, қаптардағы жүктер,
ыдыссыз жүктер, ұзын ӛлшемді және шексіз жүктер болуы мүмкін. Құйылатын жүктер -
цистерналарда және танкерлерде тасылатын жүктер. Құйылатын жүктермен жұмыс
жасайтын логистикалық операциялар, мысалы тасымалдау, сақтау және т.б. арнайы
техникалық құралдар арқылы орындалады. Ағым параметрлерінің дәрежесі бойынша
материалды ағымдар анықталған және стохастикалық болыл б ӛлінеді.
Детерминацияланған материалды ағымдар деп параметрлері толығымен белгілі
анықталған ағымдарды атаймыз. Егер параметрлердің біреуі белгісіз болса немесе
кездейсоқ шама болса, онда материалды ағым стохастикалық деп аталады. Үзіліссіздік
белгісі бойынша материалды ағымдар үзіліссіз және дискретті болып б ӛлінеді. Үзіліссіз
материалды ағымдарға, мысалы, түйық
циклды үзіліссіз ӛндірістік (технологиялық) үрдістегі шикізат пен материалдар ағымы,
құбыр арқылы тасымалданатын мұнай ӛнімдерінің, газдың ағымдары және т.б. жатады.
Материалды ағымдардың кӛбісі дискретті болып табылады
Логистикалық операциялар
Логистикалық операциялар - бұл материалды және ақпараттық ағымды қайта кұруға
бағытталған іс - әрекеттер жиынтығы. Материалды ағымдармен жасайтын логистикалық
операцияларға тиеу, тасымалдау, түсіру, жинақтау, кайталау, орау және т.б. операцияларды
жатқызуға болады. Ақпараттық ағыммен жасалатын логистикалық операциялар - бұл материалды
ағымға сәйкес ақпараттарды жинау, ӛңдеу және хабарлау. Ақпараттық ағымдармен жасалатын
логистикалық операцияларға кететін шығындар логистикалық шығындардың маңызды б ӛлігін
кұрайды. Логистикалық жүйеге түсетін немесе одан шығатын материалды ағымдармен жасалғаң
логистикалық операциялар логистикалық жүйе ішінде жасалған операциялардан ерекшеленеді.
Бұл меншік құқығының тауарға ауысуымен және сақтандыру тәуекелінің бір заңды тұлғадан
екінші тұлғаға ауысуымен түсіндіріледі. Осы белгі бойынша барлық логистикалық операциялар
бір жақты және екі жакты болып бӛлінеді. Кейбір логистикалық операциялар технологиялық
ӛндірістік үрдістің жалғасы болып табылады, мысалы, ӛлшеп, орау. Бұл операциялар тауардың
тұтынушылық қасиеттерін ӛзгертеді және ол ӛндірістік саламен қатар, сондай-ақ айналыс
саласында да жүргізілуі мүмкін, мысалы кӛтерме сауда кәсіпорнының орау цехында.
Кәсіпорынды жабдықтау үрдісінде немесе дайын ӛнімді ӛткізу үрдісінде орындалатын, ягни
"логистикалық жүйенің сыртқы әлеммен байланысу" үрдісінде орындалатын логистикалық
операцияларды сыртқы логистикалық операциялар категориясына жатқызады. Логистикалық
жүйенің ішінде орындалатын логистикалық операцияларды ішкі деп атайды. Қоршаған ортаның
анықсыздығы ең алдымен сырткы логистикалық операциялардың орындалу сипатында к ӛрінеді
Сатып алу логистикасы
Кәсіпорынды шикізатпен және материалдармен қамтамасыз ету үрдісінде сатып
алу логистикасының мәселелері шешіледі. Бұл сатыда жабдықтаушылар зерттеліп,
таңдалады, келісім - шарттарға қол қойылады және оның орындалуы бақыланады,
жеткізу шарттары бұзылған жағдайда шаралар қолданылады
Тасымалдау логистикасы
Тасымалдау учаскілерінде материалды ағымдарды басқаруда тасымалдау
логистикасының айрықша мәселелері шешіледі. Материалды ағымның
шикізат кӛзінен соңғы жұмыстарының жиынтық кӛлемін екі үлкен топқа
бӛлуге болады : арнайы тасымалдау ұйымдарына жататын кӛлік
орындайтың жұмыс; барлық қалған кәсіпорындардың жекеше кӛлігімен
орындалатын жұмыс. Логистиканың басқа да функционалдық салалары
сияқты, тасымалдау логистикасының нақты бір белгілі шегі болмайды.
Тасымалдау логистикасының әдістерін түрлі тасымалдауларды
ұйымдастыруда қолданады. Дегенмен, бұл бӛлімдегі зерттеу және
басқарудың бастапқы объектісі жалпы пайдаланатын кӛлікпен тасымалдау
үрдісінде орын алатын материалды ағым болып табылады
Ақпараттық логистика
Ақпараттық логистика. Материалды ағымдардың қозғалу нәтижелері ақпараттық
ағымдарды дұрыс ұйымдастырумен тікелей байланысты. Соңғы онжылдықта күшті
ақпараттық ағымдарды тиімді басқару мүмкіндігі материалды ағымдарды іштей басқару
мәселелерін қойып, оны шешуге мүмкіндік берді. Логистикалық үрдістердегі ақпараттық
құраушының жоғары маңыздылығы логистиканың арнайы б ӛлімінің - ақпараттық
логистиканың бӛлініп шығуына себеп болды. Бұл жерде зерттеу объектісі - ақпараттық
ағымдарды (материалды ағыммен кездесетін) ұйымдастырумен байланысты
мәселелерді, ақпараттық технологияларды, микропроцессорлы техниканы қолданатын
материалды ағымдардың басқаруын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер
Сатып алу логистикасы
Сатып алу логистикасы - бұл кәсіпорынды материалды
ресурстармен қамтамасыз ету үрдісіндегі материалды ағымдарды
басқару
Сатып алу логистикасының
міндеттері
Кәсіпорынды еңбек заттарымен қамтамасыз ету үрдісінде жауап беретін
негізгі сұрақтар дәстүрлі және жабдықтау логикасымен анықталады:
- не сатып алу;
- қанша сатып алу;
- - кімнен сатып алу;
- - қандай шарттарда сатып алу.
- Дәстүрлі тізімге логистика келесі сұрақтарды қосады:
- - сатып алуларды ӛндіріс және ӛткізумен қалай жүйелі түрде
байланыстыру қажет;
- - кәсіпорын қызметін жабдыктаушылармен қалай жүйелі байланыстыру
керек. Сатып алу логистикасының белгіленген сұрақтары осы
функционалды саладағы шешілетін мәселелердін құрамы мен
орындалатын жұмыстар сипатын анықтайды
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz