Орталық нерв жүйесі


Slide 1

Жүйке жүйесі

Slide 2

Жоспар

Жүйке жүйесінің қызметін маңызын көрсету

Нейрондардың құрылысын көрсету

Орталық және шеткі жүйке жүйесі.

Slide 3

Жүйке жүйесінің қызметін маңызын көрсету

Slide 4

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін гр. neurologia (грек, neuron - жүйке, жүйке жасушасы; logos - ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Slide 5

Жүйке жүйесіның құрылысы адам таит өзіне үлкен мүмкіндіктер бар. Алайда, олардың жүзеге асырылуы әлі иық қазіргі заманғы адам. Оның себептері көп. Солардың бірі - жеткілікті осознанности біздің мүмкіндіктерін. Бірақ негізгі себебі - жеткіліксіз білімді өзі туралы. Қазіргі заманғы деңгейі туралы білімді адамның нерв жүйесіндегі әзірге негізделеді гипотезах, болжамдарға және оңайлатылған модельдер.

Slide 6

Жүйке жүйесі орындайды организмдегі функциялары

Функциясын реттейді барлық органдар мен организм жүйесі.

Үйлестіреді ағзаның қамтамасыз ете отырып, олардың келісілген іс -, соның арқасында ағза кез келген әсер жауап беруші ретінде біртұтас.

Қолдайды тұрақтылығы ішкі ортаның ағза.

Талдау жүргізеді және синтездеу келіп түскен барлық ағзаға ақпарат рецепторлардың және приспосабливает ағзаға өзгермелі орта жағдайына.

Slide 7 Slide 8 Slide 9

Нейрондардың құрылысын көрсету

Slide 10

Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.

Slide 11

Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:

сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді) ;

байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;

қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15

Орталық және шеткі жүйке жүйесі

Slide 16

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

1) Орталық нерв жүйесі.

2) Шеткі нерв жүйесі.

Slide 17 Slide 18

.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек - қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Slide 19 Slide 20

Бас ми НЕРВТЕРІ

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі - ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV - шығыршық, V - үшкіл, VI - бұру, VII - бет, VIII - дыбыс, IX - тіл-жұтқыншақ, X - кезеген, XI - қосымша, XII - тіласты жүйкелері жатады. Ми артқы ми, (сопақша ми мен варолий көпірі), мишық, ортаңғы ми, аралық ми жєне екі ми сыңарларынан тұрады.

Slide 21 Slide 22

Артқы ми

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Slide 23 Slide 24

Сопақша ми

Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат жүйке тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады.

Slide 25 Slide 26

Ортаңғы ми

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан.

Slide 27

Мишық

Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат.

Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сөйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.

Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады - еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады - бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия - еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.

Slide 28

Аралық ми

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан - гипоталамустан тұрады.


Ұқсас жұмыстар
ШЕТКІ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ СОМАТИКАЛЫҚ БӨЛІГІ
Нерв жүйесінің қызметтері
НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Вегетативі нерв жүйесі
Нерв ұлпалары
Жүйке орталығы
Нейрондардың ядросы
БЕЛ ЖҮЙКЕЛЕРІ
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz