Кадрлардың біліктілігін арттыру
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
МИНИСТРЛІГІ
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасы
Тақырыбы: Мамандыдайындау және қайта даярлаудан
өткізу. Квалификациясын жоғарылату. Кадрлық
резервпен жұмыс жасау.
Орындаған: Кулжанова С.Ш.
Тобы: В-ФҚБ-04-
Қабылдаған: Уразбаева С.А.
Шымкент, 2019 ж.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Маманды дайыдау және қайта даярлаудан өткізу.
Біліктілігін жоғарылату.
Мамандарды тдайындаудағы негізгі міндеттер.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Медицина және фармацевтика кадрларының
біліктілігін арттыру және қайта даярлау
қағидалары "Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің 175-бабының
6-тармағына сәйкес әзірленді және медицина
және фармацевтика кадрларының біліктілігін
арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру
және жүргізу тәртібін белгілейді.
Медицина және фармацевтика кадрларының
біліктілігін арттыру және қайта даярлау
қағидалары
• Жалпы ережелер
1-тарау
• Кадрлардың біліктілігін арттыру
2-тарау және қайта даярлау тәртібі
3- • Біліктілікті арттырудың және
қайта даярлаудың мазмұны мен
тарау мерзімдері
4- • Шетелде кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау,
тарау шетелдік мамандарды тарту
Жалпы ережелер
Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми-ақпараттық алмасу жөніндегі іс-шаралар –
конгресстер, съездер, конференциялар, семинарлар,
симпозиумдар, пленумдар нысандарында және басқа да
нысандарда жүргізілетін ғылыми, ғылыми-практикалық және
практикалық сипаттағы ақпараттармен алмасуға бағытталған
іс-шаралар;
2) жұмыс оқу бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының
міндетті компоненті негізінде қосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және
бекітетін, міндетті компонент пен таңдамалы компонент
пәндері бағдарламаларының мазмұнын ашатын бағдарлама;
3) жұмыс оқу жоспары – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде
қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және
бекітетін құжат;
4) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе
фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру
нысаны;
5) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін,
іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және
жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары
бойынша қосымша білім беру нысаны;
6) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша
білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта
даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
7) өзіндік білім алу – кадрлардың барлық кәсіби қызмет ету бойына
өз бетінше жаңа теориялық білім алуына және бұрын алынған
білімдерін жетілдіруіне бағытталған оқыту процесі;
8) пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске
асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты,
міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және
аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының
талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер
тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
9) практика арқылы оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама)
– денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды
үйрену және бұрын үйренген дағдыларды жетілдіру;
10) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске
асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
11) үздіксіз кәсіби дамыту – пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдауға және дамытуға бағытталған
оқыту процесі;
12) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының міндетті
компонентінің әрбір пәні бойынша меңгерілетін білімнің, іскерліктің және
дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын бағдарлама;
13) үлгілік оқу жоспары – оқытылатын пәндердің тізімі мен көлемін, оларды
оқыту тәртібі мен бақылау нысанын регламенттейтін үлгілік оқу
бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат;
14) сертификатты цикл – жоғары және орта (техникалық және кәсіптік)
медициналық білімі бар тыңдаушыларға, біліктілік санатын алуға үміттенген
мамандарға арналған біліктілікті арттыру циклі;
15) семинар, тренинг/мастер-класс – кадрлардың біліктілігін арттырудың
теориялық және практикалық түрі;
16) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде
шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және
басқа жағдайларды модельдеуде негізделген, нақты шешімдерді
жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді
қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың
заманауи технологиялары;
17) маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі
– кәсіби қызметінің белгілі кезеңі үшін үздіксіз кәсіби дамуына
себепші іс-шараларға маманның қатысу көлемін өлшейтін
біріздендірілген шартты бірлік;
18) сынақ бірлігін жинау жүйесі – соңғы бес жыл ішінде
үміткердің үздіксіз кәсіби дамуындағы іс-шараларға қатысуын
сомалық есепке алу жүйесі.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
даярлау қосымша білім берудің негізгі нысаны
болып табылады.
Пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін
қолдау және дамыту қосымша білім берудің
негізгі мақсаты болып табылады.
Кадрларға қосымша білім берудің міндеттері:
• 1) медицина және фармация саласының жаңа теориялық
білімдері мен практикалық дағдыларын алудағы және бар
теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңартудағы
1 кадрлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
• 2) алынған теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды
практикада қалыптастыру, бекіту және жинау;
• 3) практикалық денсаулық сақтау саласына ғылыми дәлелдерге
негізделген диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу.
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі
Біліктілікті арттырудың мақсаты медицина немесе
фармацевтика мамандығының жалпы және жеке бөлімдері,
олардың ұқсас пәндері бойынша, біліктілік талаптарына
сәйкес теориялық білімдерді жаңарту мен тереңдету және
практикалық дағдыларды жетілдіру болып табылады.
Біліктілікті арттыру жоғары медициналық мамандығы бар
кадрлар үшін интернатурадан және (немесе) клиникалық
ординатурадан (резидентурадан) және (немесе) мамандығы
бойынша қайта даярлаудан, сонымен қатар жоғары
фармацевтикалық мамандығы бар кадрлар үшін мамандығы
бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда көзделеді.
Орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік) білімі бар кадарлардың
біліктілігін арттыру үшін орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік)
медициналық немесе фармацевтикалық білім және мамандық
бойынша қайта даярлау қажетті алғашқы білім деңгейі болып
табылады.
Кадрларды қайта даярлаудың мақсаты жаңа мамандық бойынша
кәсіби іс-қимылды орындауға қажетті жаңа білімдерді,
іскерліктерді және дағдыларды меңгеру болып табылады.
Қайта даярлау мамандықтар бойынша "Медицина және
фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009
жылғы 24 қарашадағы № 744 бұйрығымен бекітілген, нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26
қарашада № 5885 болып тіркелген, Медицина және фармацевтика
мамандықтарының номенклатурасының шеңберінде жүзеге
асырылады.
Біліктілікті арттыру және қайта даярлау
бағдарламаларының шеңберінде ғылыми-ақпараттық
алмасу жөніндегі іс-шаралар, семинарлар, тренингтер
(мастер-кластар), өздігінен білім алу, практика арқылы
оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама) жүргізіледі.
Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту
бюджет қаражаты, жұмыс берушінің және/немесе басқа
да заңмен көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
Қосымша білім беру қосымша білім берудің оқу
бағдарламаларын іске асыратын медициналық және
(немесе) фармацевтикалық білім беру және ғылыми
ұйымдарында (бұдан әрі – оқытатын ұйымдар) жүзеге
асырылады.
Ұзақтығы 54 сағат және одан да көп біліктілікті арттыру циклдерінің,
сондай-ақ қайта даярлау циклдерінің тыңдаушыларының алғашқы
(бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базистік, оқу кезінде –
ағымдық, оқу соңында – қорытынды бақылау жүргізіледі.
Бақылау тестілеу, әңгімелесу, симуляциялық технологияларды
пайдалану нысанында, сондай-ақ біліктілікті арттыру, қайта даярлау
циклі оқытушысының жетекшілігімен пациентпен жұмыс түрінде
жүргізіледі. Біліктілікті арттыру циклдерінде қорытынды
аттестаудың нысанын оқытқан ұйым өзі анықтайды.
Қайта даярлау циклдеріндегі қорытынды бақылау екі кезеңнен
тұрады:
тестілеу (100 сұрақтан кем емес)
симмуляциялық технологияларды қолданумен мамандық
бейініне қарай практикалық дағдыларды бағалау.
Қорытынды бақылау тыңдаушының аудиториялық және
аудиториядан тыс (өз бетінше) меңгеруін бақылаудан тұрады.
Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың
мазмұны мен мерзімдері
Бір оқу аптасының ұзақтығы 54 сағаттан 60 сағатқа
дейін болады, оның ішінде 36 сағаттан 40 сағатқа дейінгі
– аудиторлық жұмыстың академиялық сағаты және 18
сағаттан 20 сағатқа дейінгі – өз бетімен білім алуы.
1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар
тұлғалар үшін оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде
864 сағаттан 1080-ге дейінгі сағатты, біліктілікті
арттыру циклдерінде 54 сағаттан 216-ға дейінгі сағатты
құрайды.
Шетелде кадрлардың біліктілігін арттыру және
қайта даярлау, шетелдік мамандарды тарту
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
даярлау шетелдік жетекші мамандарды тарта
отырып, Қазақстан Республикасында және
сонымен бірге шетелдерде жүзеге асырылады.
Шетелде оқыту медицина, фармация
саласындағы білім беру, медициналық,
фармацевтикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарда жүргізіледі.
Шетелдік ұйымдарда біліктіліктерін арттырған
кадрлар келгеннен кейін уәкілетті (немесе
жергілікті) органға немесе ұйымға мынадай
құжаттаманы:
1) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені
туралы шетелдік ұйым берген құжаттың
көшірмесін;
2) шетелде біліктілікті арттыру циклінен өткені
туралы есепті;
3) іссапар туралы аванстық есепті тапсырады.
Қорытынды
Осы тақырыпты қорытындылай келе медицина және
фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және
қайта даярлау қағидалары заңға сәйкес әзірленетінін
және медицина және фармацевтика кадрларының
біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды
ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің маңызы зор екенін
білдім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Шертаева К.Д., Мамытбаева К.Ж., Жаңбырбаева
А.Д., Қызметкерлерді басқару Шымкент.-2018,121 б.
2. http://www.myshared.ru/slide/1347051/
3. https://ppt-online.org/483433
4. https://studfiles.net/preview/5811283/page:11/
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz