ОҢТҮСТІК АМЕРИКА МАТЕРИГІНІҢ ІШКІ СУЛАРЫ


Slide 1

Оңтүстік америка материгінің ішкі сулары

Орындаған:Рыскелдиева Ж. Қ

Тексерген: Мақаш К. Қ

Slide 2

Оңтүстік Американың аумағы Антрактида мен Австралиядан ғана үкен болғанына қарамастан, оның ағынының жалпы көлемі (7500км3) Евразиядан басқа барлық материктерден асып түседі, ал ағын қабатының орташа қалыңдығы жөнінен (417мм) Жер шарында бірінші орын алады.

Slide 3

Оңтүстік америкада тығыз, жақсы дамыған өзен торының қалыптасуына материктің климат жағдайлары, даму тарихы және жер бедері қолайлы жағдай жасайды. Оңтүстік Американың көпшілік бөлігінде мезозойдан бастап құрлық болған. Сондықтан материктің едәіур бөлігінің өзен торы ескі.

Материктің басты суайрығы Андыны бойлап өтеді, бірақ барлық жерде ең биік жоталарға сәйкес келе бермейді. Ағынның көпшілік бөлігі материктен Атлант мұхитына бағытталған, оған Оңтүстік Американың аса ірі өзендері ағып барады. Тынық мұхит бассейніне басын Андының батыс бөлігінен алатын біршама шағын су ағыстары жатады. Оңтүстік Америка өзендерінің су жинауының негізгі көзі - жаңбыр түріндегі жауын-шашын. Андының оңтүстігіндегі өзендер мұздық суынан ғана толығады. Қар суымен толығуы мардамсыз.

Slide 4

Оңтүстік Американың ең ірі өзені - Амазонка. Оның бассейінінің көп бөлігі экватордан оңтүстікке қарай жатыр. Өзен бассейнінің көлемі 7млн. км2-ден астам, ұзындығы негізгі бастауынан 6480 км. Амазонканың су шығыны дүние жүзіндегі барлық ең ірі өзендердің шығынынан бірнеше есе артып кетеді. Ол орта есеппен 120 мың м/с-қа тең. Амазонканың жылдық орташа ағыны (3800 км3) бүкіл Оңтүстік Америка ағының көп бөлігін және жер шарының барлық өзендерінің ағынының 15%-ін құрайды.

Slide 5

Амазоканың негізгі бастауы - біршама таяуда ғана зерттелген Мараньон өзені - Андыда 4840 м биіктікте басталады. Бірінші ірі саласы - Укаялимен қосылғаннан кейін ғана (жазық шегінде) өзен Амазонка деген атаққа ие болды. Амазонка өзінің көптеген салаларын Андының, Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлерінен жинастырады. Олардың көбінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Амазонканың барынша көп және ірі салалары - оңтүстік жарты шар өзендері. Оның ең ірі сол жақ саласы Риу-Негру (2300 км), ең ірі оң жақ және жалпы Амазонканың ең ірі саласы - Мадейра (3230 км) .

Slide 6

Амазонка арнасының ені Мараньон мен Укаяли қосылғаннан кейін 1-2 км құрайды, бірақ ол ағысты бойлап төмен қарай жүрген сайын тез өседі. Манаустың тұсында ол 5 км-ге дейін барып қалады, төменгі ағысында 20 км-ге жетеді, ал сағасында Амазонканың негізгі арнасының ені көптеген ұсақ аралдарымен қоса алғанда 80 км. Ойпаттың батыс бөлігінде Амазонка өзені кернеуіне келіп ағады, өйткені бұл бөлігінде қалыптасқан аңғары жоқ. Шығысқа қарай өзеннің аңғары жер бетін терең тіледі де, ол суайрық жерлерімен бірге өте адырлы болып келеді.

Slide 7

Амазонканың төменгі ағысында оның режиміне және жағалаудың қалыптасуына толысу мен қайту үлкен әсерін тигізеді. Толысу толқыны өзеннің төменгі жағында биіктігі 1, 5 - 5 м жал түрінде жылжи отырып, ағыстың бойымен жоғары қарай шамамен 1400 км-ге өтеді. Бұл толқын құм қайраңдар мен қайырларда қатты буырқана және жағаларды бұза отырып, ағысқа қарсы асқан жылдамдықпен зымырайды. Бұл құбылыс жергілікті халыққа «поророка» және «амазуну» деген атпен белгілі.

Атлант мұхитынан шамамен 350 км жерде Амазоканың атырауы басталады. Ол ежелден келе жатқанына қарамастан, негізгі жағаның шегінен шығып, мұхитқа қарай жылжымаған. Өзен мұхитқа қатты материалды орасан мол апарғанымен (жылына орта есеппен 1 млрд. т) атыраудың өсу процесіне толысу мен қайту әрекеті, ағыстардың әсері сонымен бірге жағалаудың төмен түсуі кедергі келтіреді.

Slide 8

Өзенінің транспорттық маңызы зор. Ол кейбір аймақтарда Амзонка ойпатының ішкі бөліктерін Атлант жағалауымен және аймақтың басқа аудандарымен байланыстыратын бірден-бір жол болып табылады. Манаус қаласына дейін Амазонкада мұхит кемелері жүзе алады. Әрі қарай өзеннің негізгі арнасы ірі кемелер үшін өте тайыздық жасайды. Оған үнемі опырылып құлаған материал шөгіп отырады да, оның тереңдігі шамамен 7 м құрайды. Рио-Пара деп аталатын оңтүстік тармағы анағұрлым терең және мұхит кемелері өтуге жарамды. Онда Бразилияның ірі порты - Белен тұр.

Slide 9

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен екінші өзен жүйесіне Парана өзені Парагвай саласымен және Паранамен ортақ сағасы бар Уругвай қосылады. Өзен жүйесі өзінің атын (Ла-Плата) Парана мен Уругвайдың, ұзындығы 320 км-ге және ені сағалық бөлігінде 220 км-ге баратын осы аттас орасан зор эстуарийінен алған. Бүкіл өзен жүйесінің көлемі 4 млн. км2-ден асады, ал әр түрлі деректер бойынша Парананың ұзындығы - 3300-ден 4700 км-ге дейін жетеді.

Slide 10

Парананың бастаулары - Риу-Гранди мен Паранаиба Бразилия таулы қыратында жатыр. Сол жерден жүйенің басқа да көптеген өзендері басталады. Олардың бәрі де жоғары ағысында өте шоңғалды болып келеді де, бірнеше ірі сарқырамалар - Паранадағы Сети-Кедас (Гуайра) және биіктігі 80 м Игуасу, ол да осы, тап осылай аталатын сала бойында. Төменгі ағысында Парана - кәдулігі жазық өзен. Су шығынының негізгі максимумы Бразилия таулы қыратындағы жазғы жаңбырлармен байланысты мамыр айында болады. Ла-Плата жүйесі өзендерінің және Ла-Платаның өзінің кеме қатынасы үшін маңызы өте зор.

Slide 11

Оңтүстік Американың үлкендігі жөнінен үшінші өзені - Ориноко. Оның ұзындығы 2500 км, бассейннің көлемі 1 млн. км2-ден астам. Ориноко басын Гвиана таулы қыратынан алады. Оның бастауын бірінші рет 1954 жылы ғана француз экспедициясы тауып, зерттеген.


Ұқсас жұмыстар
Солтүстік жарты шар материктерін қайталау сабағы
Материктың шеткі нүктелері
Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсір
Аустралия материгі
Солтүстік мұзды мұхит
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Оңтүстік Американың халқы және елдері
Орталық Американың орталығы
Аустралия материгінің пайдалы қазбалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz