БАЙКАЛ КӨЛІ


Slide 1

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ СУЛАР

Slide 2

Құрлықтағы ішкі суларға: өзендермен көлдер, жер асты сулары, жасанды су қоймалары, топырақ ылғалдылығы, сол сияқты мұздықтар, көп жылдық тоңдар жатады. Бұлардың барлығы бір-бірімен байланысып, су айналымын жасайды. Сонымен бірге, тұщы сулар тірі организмдер, ал шаруашылығы мен өнеркәсіптер үшін пайдаланылып, маңызды табиғи ресурс болып есептеледі. Қазіргі кезде су ресурстарын тиімді пайдаланып оны қорғау мен сақтау -негізгі мәселе болып отыр.

Slide 3

Су баланстары едәуір мөлшерде түсетін жауын -шашын мөлшері мен буланудың арақатынасына байланысты анықталады. Сондықтан, ТМД елдері территориясындағы ішкі сулар табиғат зоналарына байланысты орналасқан. Кейбір жерлерде ылғалдың молдығынан өзендердің суы көп болып, осы жерлерде көлдер мен батпақтар қөптеп шоғырланған, ондай аймақтарға Шығыс Европаның батысы мен Батыс сібір жазығының орталық бөліктері жатыр.

Ал, басқа бір аймақтарда жауын-шашын мөлшерінің аздығынан, жер беті суларының қоры азайып, өзен аңғарлары кеуіп құрғап кетеді, мұндай аймақтарға Тұран және Каспий маңы ойпаттарын жатқызуға болады. ТМД елдеріне орташа есеппен жыл бойына 531мм түсетін атмосфералық жауын-шашынның 333мм-і буланып, қалған 198мм-і өзен ағыны ретінде мұхиттар мен су қоймаларына қосылады. Су балансының өзгерісіне климаттық тербелістер мен бірге адамзаттың шаруашылық әрекеттері де ықпал етеді. Мысалы: жауын-шашынның шектен тыс көбеюі немесе қатты құрғақтануы су балансына үлкен өзгерістер әкеледі, яғни ТМД елдері территориядағы халық шаруашылығының дамуы мен олардың әркелкі таралуынан онда өзендер, көлдер, батпақты аймақтар қолданылады.

Slide 4

өЗЕНДЕРІ

Өзен саны олардың ұзындығы жөнінен ТМД елдері бұкіл дүниежүзі елдерінің арасында бірінші орынды алады. Тек бассейнінің алабы 100 шаршы км-ден кем емес өзендердің өздері ғана 108 000нан астам. ТМД елдерінің барлық өзендерінің жалпы ұзындығы 2, 5 млн км-ден асады.

Slide 5

Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендері

ТМД-ның ең ұзын өзені Лена (4270км), ең суы мол өзен Енисей және бассейнінің ауданы ең үлкен өзен Обь (2930 шаршы км) жатады. Бұл үш өзен жылына мұхитқа 1430 км куб, яғни бассейнінің бүкіл ағынының 60 пайызы шамасындай су апарады. Оған бұдан да басқада ірі өзендер: Колыма, Оленек, Индигирка, Печора, Таз, Анабар, Яна, Солтүстік Двина және көптеген ұсақ өзендер құяды. Солтүстік Мұзды мұхит өзендері тайга және тундраны басып өтеді.

Slide 6

Лена өзені

Солтүстік-Шығыс Сібірдің ең ірі өзені. Көбінесе Саха Республикасы өңірінде ағады, Лаптевтердің теңізіне құйылады.

Өзен ұзындығы 4400 км (әлемде 10-шы орын) . Су жиналатын алабы 2, 49 млн. км². Байкал жотасынан басталып, Лаптевтер теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Алабы негізінен Орта Сібір таулы үстіртінде, 500-ден астам ұсақ өзендерден тұрады. Орта ағысында аңғары 30 км-ге дейін жайылып, жағалауы батпақты келеді. Жайылмасында көптеген шағын көлдер бар.

Еріген қар суы мен жаңбыр суынан толығады. Су тасығанда өзен деңгейі орта ағысында 10 - 15 м, төм. жағында 18 м-ге көтеріледі. Орташа жылдық су ағымы сағасында 17 000 м3/с. Лена және оның салалары Киренга, Вилюй, Олекма, Алдан кеме қатынасына пайдаланылады. Усть-Куттен сағасына дейін кеме тұрақты жүреді. Басты айлақтары: Булун, Якутск, Олеминск, Ленск, т. б. Вилюй, Мамакан СЭС-тері жұмыс істейді.

Slide 7

Енисей өзені

Ол Бий-Хем (Үлкен Е. ) және Ка-Хем (Кіші Е. ) өзендерінің Қызыл қ. (Тыва Республикасы) тұсында қосылуынан пайда болады. Батыс және Шығыс Сібір шекарасын бойлай, негізінен, [Ресейдің Красноярск өлкесі жерімен солтүстікке қарай ағып, Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара т-ндегі Енисей шығанағына құяды. Ка-Хем бастауынан санағанда ұзындығы 4102 км, ал Бий-Хем өз-нің қосылған жерінен ұзындығы 3487 км. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км², оның 328 мың км²-і Моңғолия жерінде. Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр. Аңғары мен арнасының құрылысына, ағысының сипатына және гидрологиялық режиміне қарай Енисей негізгі 3 бөліктен тұрады: жоғ. Енисей - Үлкен және Кіші Енисейдің қосылған тұсынан Батыс Саянның Минуса қазаншұңқырына шығар жеріне (Означенное айлағы) дейін, ұзындығы 474 км; орта Енисей - Означенное айлағынан Ангара өз-нің құйылысына дейін, ұзындығы 876 км; төменгі Енисей - Ангара өз-нен сағасына дейін, ұзындығы 2137 км.

Slide 8

Өзеннің негізгі салалары: Туба, Кан, Ангара, Подкаменная Тунгуска, Төменгі Тунгуска, Курейка (оң салалары) ; Абакан, Турухан (сол салалары) .

Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Суы көктемде көтеріліп, жазда тасиды. Жылдық орташа су ағыны Игарка қ. тұсында 18100 м³/с, сағасында 19800 м³/с. Қараша мен желтоқсан аралығында қатып, сәуірдің соңынан маусымның басына дейін мұзы ериді. Енисей алабында жалпы аудан 13, 1 мың км² болатын 100 мыңнан астам көл бар.

Slide 9

Атлант бассейнінің өзендері

Атлант бассейнінің өзендері оңтүстікке Қара теңіз бен Азов теңізіне батысқа және солтүстікке Балтық теңізіне қарай ағады. Бассейннің ең ірі өзені-Днепр (ұз. 2285 км) екінші орында - Дон (ұз. 1970 км) үшінші орында- Батыс Двина (1020 км) . Бассейннің көптеген өзендері бір-бірінен онша қашық емес, басқа бассейн өзендеріне жақын жатады. Бұл әр түрлі бассейн өзендерін каналдармен жалғастыруға мүмкіндік береді.

Slide 10

Тынық мұхиты бассейнінің өзендері

Амур Тынық мұхит бассейнінің ең ұзын (2850 км) және ең суы мол өзені болып табылады. Амурдан Обь, Лена және Енисей бассейндері ғана үлкен. Бассейннің екінші ірі өзені- Анадырь Амурдан ұзындығы жөнініен де (1170 км), ағыны жөніненде көп кейін қалады.

Slide 11

Амур өзені

Амур (моңғ. Хара-Мурэн - Қара өзен, қыт. Хейлунцзян - Қара аждаhа өзені) - Шығыс Азиядағы өзен. А. өз-нің алабы 3 мемлекеттің (Ресей, Қытай, Моңғолия) жерінде орналасқан. Алабының ауданы 1855 км². Өзен бастауы Шилка мен Арғын өз-дерінің қосылған жерінен басталады. Охот т-ндегі Сахалин шығанағына құяды. А-дың ұзындығы 2824 км, ал Арғын бастауынан (Хайлар) есептегенде 4400 км. Өзеннің гидрографиялық желісіне 10 мың өзен және 61426 көл кіреді. Аңғараның құрылымдық ерекшеліктеріне қарай Жоғарғы Амур (ұзындығы 900 км), Орта Амур және Төменгі Амур телімдеріне бөлінеді. Өзен жаздық, күзгі муссондық және жазғы-күзгі жаңбырлар негізінде толығады. Ең төменгі деңгейі қыс аяғында байқалады

Мұзы көкек - мамыр айларында ериді. Көктемде сең жүру кезінде су деңгейін 15 м биіктікке дейін көтеретін мұзбөгет пайда болады. Кейде күшті нөсерден соң А-дың орта және төм. ағысында ені 10-25 км-ге жететін, ұзақтығы 60-70 күнге созылатын су жайылу (басу) құбылысы байқалады. А-дың көпжылдық орташа ағыны сағасында 10800 м³/сек-ке, ал Хабаровск тұсында 7549 м³/сек-ке жетеді. Арнасы ұзына бойына кеме жүруге қолайлы. Басты айлақтары: Благовещенск, Хабаровск, Амурдағы Комсомольск, Амурдағы Николаевск. Амур гидроэнергет. ресурстарға бай. Алабындағы кішігірім өзендердің потенциалдық қуаты 45 млн. кВт-қа бағаланса, өнеркәсіптік қуаты 15 млн. кВт. Балықтың 99 түрі бар.

Slide 12

Өзен аттары

Қоректену көздері, %

Қар суы

Жаңбыр

суымен

Жер асты

суларымен

Мұздықтар

Печора

55

25

20

-

Дон

61

8

31

-

Амудария

29

-

20

51

Амур

13

63

14

10

Slide 13

Қоректену типі мен су тасу мезгілдеріне қарай өзендерді тағы бірнеше топқа бөлеміз: 1) көктемде таситын өзендер; 2) көктем- жаз бойы таситын; 3) жазда таситын; 4) суы мол өзендер.

ТМД елдеріндегі көптеген өзендер көктемде тасып, өзендердің жылдық жиынтық ағымдары, яғни судың ең көп мөлшері осы кезеңде ағып өтеді. Мұндай өзендерге Волга, Обь, Алдан, Колыма өзендері жатады. Ал, екінші топтағы өзендер бұл жылдың жылы мезгілінде тауда еріген қарлар мен мұздық суларының әсерінен су молайып, тасқын пайда болады, ондай өзендерге Қиыр шығыс өзендері, Байкал маңы, Кавказ және Орта Азия өзендері жатады.

ТМД елдеріндегі өзендердің жылу режимі көбінісе климатқа, t-раға, өзенге келетін жерасты суларына, бассейндегі көпжылдық тоңдар мен мұздықтар көлдерге байланысты болады. Ал, өзен суларының t-расы олардың географиялық орнына тәуелді болады. Мысалы: Кола түбегіндегі өзен суларының орташа t-расы шілде айында +140С болса, ал Днепр мен Волгада +240С-қа жетеді. Ал, Сібірдің солтүстік-шығысындағы өзендерде шілденің ортасы температурасы +60С-қа төмендейді.

Таймыр түбегіндегі өзендерде тіпті қыркүйектің соңында мұз басып жатады. Өзендердегі мұзбасу уақытын климаттық жағдайларға байланысты 1айдан 8 айға дейін созылады.

Slide 14

Көлдері

Шығу тегі жағынан әртүрлі, көлдің көптігі бойынша, ТМД-дан басқа ешбір елде жоқ. Дүниежүзіндегі ең ірі көл Каспий және Арал көлдері аса үлкен әрі тұзды болғандықтан теңіз депе те атайды, ең терең көл- Байкал. 19 көлдің әрқайсысының ауданы 1000 шаршы км-ден, ал олардың бесеуінің ауданы 1500 шаршы км асады.

Slide 15

ТМД КӨЛДЕРІНІҢ ҚАЗАНШҰҢҚЫРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Slide 16

Байкал көлі

Байкал - Шығыс Сібірдің оңтүстігіндегі тұщы көл. Теңіз деңгейінен 456 м биіктіктегі тауаралық тектоникты ойыста орналасқан. Дүние жүзіндегі аса ірі көлдің қатарына жатады. Ауданы 31, 5 мың км2, суының көлемі 23, 6 мың км3. Ұзындығы 636 км, ені орта есеппен 48 км. Байкал - жер бетіндегі ең терең көл (1620 м), орташа тереңд. 730 м. Көлде дүние жүзіндегі тұщы су қорының (мұздықтарды есептемегенде) 20%-і шоғырланған. Жағасы аз тілімделген. Геофизикалық зерттеулер көл суының астында 6000 метрге жететін шөгінді қабаттың жатқанын көрсетті. Ірі шығанақтары - Баргузин, Чыркуй, Провал, ірі түбегі - Әулие Тұмсық.

Slide 17

Көлде 27 арал бар, ең үлкені-Ольхон (730 км2) . Көлге 336 өзен құяды. Олардың ірілері: Селенга, Баргузин, Жоғ. Ангара, Турка, т. б. Бір ғана Ангара өз. ағып шығады. Б-ға құйылатын судың 50%-і Селенга өз-нен келеді. Ең биік су деңгейі тамыз - қыркүйек, ал ең төмен деңгейі наурыз - сәуір айларында байқалады. Судың беткі қабатының температурасы тамыз айында 9 - 12ӘС-қа дейін көтеріледі. Желтоқсанның соңы мен қаңтардың басында суы қатады, мамырда мұзы ериді. Мұздың қалыңд. 70 - 115 см-ге дейін барады. Суы өте мөлдір (40 м тереңдіктен көл түбін көруге болады), әрі оттегіне бай. Байкалда жануарлардың 1800, өсімдіктің 600 түрі кездеседі. Жануарлардың 82%-і эндемиктер (байкал итбалығы, тірі туатын голомянка балығы, байкал түркесі, т. б. ) . Кәсіптік маңызы бар омул, хариус, т. б. балықтар ауланады. Байкал, Усть-Баргузин, Нижнеангарск порттары аралығында кеме қатынайды. Көл төңірегінде туризм жақсы дамыған. Байкалдың солтүстік-шығыс бөлігі Баргузин қорығының құрамына енеді.

Slide 18

Батпақтар мен жер асты сулары

Батпақты аймақтар көп жылдық тоңдармен ылғалы мол аймақтарда қалыптасқан, олардың жалпы ауданы 2млн2, яғни жалпы ТМД елдері териториясының 10%-ке алып жатыр. Батпақтану көпшілігінде тундра, орманды тундра және тайга зоналарында етек алған. Батпақты аймақтар елдің экономикасына кері жерлерін тигізуде, себебі мұндай аймақтар өндірістің кез келген санасы үшін, атап айтсақ, өсімдік мол шығармашылықтары үшін, мол қатнастарын салу үшін едәуір мөлшерде тиімсіз болып отыр.

Аймақтық жерасты сулары өзендермен көлдер және батпақтарды бірден-бір қоректену көзі болып саналады, оларды пайдалы қазбаларды қатарына қосып, қалық шаруашылығында әсіресе емдік мақсатта көптеп қолданылуда. Көптеген жазықтықты жерлерде солтүстіктен оңтүстікке қарай судың құрамындағы органикалық заттардың мөлшерінің азайуынан жерасты суларының құрамында тұздың мөлшері көбеюде. Ал ылғалы мол аймақтардағы жер асты сулары тұщы болып жер беті суларымен байланысып тұрады. Ал дала және шөл зоналарында жер асты сулары өте тереңде жатып оларды химиялық құрамы әртүрлі болып, ал жер бетіне жақын жатқан сулар көп буланып, соның нәтижесінде сор және сортан аймақтар қалыптасады.

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Каспий көлінің көріністері
Балқаш көлінің көріністері
Атлант мұхиты
Жанартаулық көлдер
Байкал дейді, орыс
Ақтөбе қаласынан
Географиялық орны
Көл және қазаншұңқырларының қалыптасуы
Кескін картаға Еуразия өзендерінің алаптарын түсір
Солтүстік мұзды мұхит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz