Дүниежүзінің қара металлургиясы




Презентация қосу
Дүниежүзінің қара
металлургиясы
Орындаған: Рыскелдиева Ж.Қ
Тексерген: Мылқайдаров Ә.Т
• Қара металургия өнеркəсібі ауыр индустрияның басты негізгі салаларының бірі.
Өйткені бұл салада өндірілетін темір прокаты шаруашылықта қолданылатын
негізгі құрылыс, əрі үйлестіру материялы болып табылады. Дүние жүзі
бойынша темір рудасын өндіру 1990 жылы бірінші рет 1млрд тоннадан асты.
Осыған байланысты темір рудасын өндіру өнеркəсібінің географияда елеулі
өзгерістер болды. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін (1940 ж) барлық темір
рудасын өндіруге АҚШ–пен Шетелдік Еуропа оның ішінде Франсия, Швеция,
Ұлыбритания, Германия, қамтамасыз етіп отырған болса соғыстан кейінгі
жылдары бұл елдерде руданы өндіру тез қысқара бастады. Оның негізгі себебі
бұл елдердегі бай темір рудасы қорының таусылуымен бар руданың құрамында
фосфаритті көп темір рудасына сұраныстаң азаюына байланысты болды.
Керісінше соғыстан кейінгі жылдары КСРО – да, Канадада, Аустралияда, ОАР –
да, көптеген дамушы елдерде темір рудасын өндіру тез өстті.
Статистикалық деректер бойынша дүние жүзінде де қара металургия дамуы жəне
оның орналасу географиясы жөнінде мынандай мəліметерді айтуға болады:

1. темір 2 Қытай 3
рудасына ең Бразилияны
бай
мен
Үндістанн ң өте ірі
мемлекетер
темір
ТМД ың ресурысыны
елдерінде
ресурстар ң арқасында
екенін атап
көрсету ы ерекше Латын
керек. болды. Америкасы
• Қара металургия өнеркəсібіне байланысты статистикалық
көрсеткіштерді эканом географиялық тұрғыдан талдайтын болсақ
қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өндірілетін темір рудасының 2/3
бөлігін ТМД елдері Қытай Бразилия жəне Аустралия елдерінде
өндіретінін анықтауға болады. Ал дүние жүзінің əр бөліктерінде
өндірілетін темір рудасының мөлшері əлемнің осы бөліктеріндегі
жалпы геологиялық қорына үлесі жағынан сайма–сай келетінін
байқауға болады. Темір рудасымен халықаралықсауда жүргізу
1990 ж 430–440 млн тоннаға жетіп ең шыңына жеткен кезеңі
болатын. Осы саудаға түскен темір рудасының 80 % алыстан
тасмалдайтын теңіз жолдарының үлесіне тиеді.
• Ең ірі темір рудасын экспртаушы елдер қатарына
Бразилия кіреді.Ол əлемдік экспортың 28 %–нан
артығын береді,екінші орында Аустралия ал əлемдік
экспортың 25 % –дан артығын береді. Ал темір
рудасын сатып алушы елдердің қатарында 1–ші
орында Жапония .Ол əлемдік импорттың 25 % – дан
артығын сатып алады. Содан соң кейінгі орында
Батыс Еуропа мемлекетері Батыс Еуропаның үлесіне
34 % –і тиеді.
• Темір рудасынан шойын қорыту жəне одан болат балқыту
жөніндегістатистикалық көрсеткіштер мынадай жағдайларда
анықтайды. Əлемнің кейбір мемлекеттерінде Қытай, Бразилия,
Үндістан, Аустралияда шойын қорыту мен болат балқыту бір-біріне
жақын мөлшерде екенін көрсетеді. Өйткені бұл елдерде өте бай темір
рудасының қоры бар. Темір рудасы- шойын – болат –пракат. Ал əлемнің
басқа мемлекеттерінде (АҚШ, Канада, Жопония, Корея Республикасы,
Батыс Еуропа елдерінде) болат балқыту шойын қорытудан 1,5-2,0 есе
асып түседі, оның себебі бұл мемлекттерде темір рудасының пайдалы
қазба ретінде қоры өте аз, бірақ бұл елдерде болат балқытудың көп
мөлшерде болуы бұл мемлекеттер металломды көптеп пайдаланады.
• Жалпы XX ғасырдың 70жылдардың ортасына дейін болат балқыту тес
қарқынмен дамыған. Оны мына деректерден көруге болады: Əлем
елдері 100мл т болат балқыту межесіне алғаш рет 1927 ж жеткен
болатын. Содан 23жыл өткен соң 1950ж болат балқыту 200млн т- ға
дейін өскен. Ал 200млн т –дан 300млн.т- ға жету үшін бар жоғы 8жыл
өткен. 1958жылы – 300 млн.т тағы 6 жылдан соң 1964ж бұл көрсеткіш
400млн.т - ға жетті. Осыдан кейінгі жылдарға болат балқыту тез
қарқынмен дамып 4жылдан соң 1968 жылы 500млн.т жетсе тағы
2жылдан соң 1970жылы 600млн.т жеткен. Тек 70жылдың ортасында
басталған энергетикалық дағдарыстан кейін болған минералдық
шикізаттық дағдарыс жылдары болат балқыту қарқыны едəуір тежеліп
қалды.
• Статистикалық көрсеткіштері бойынша 1990ж болат балқытудан алғашқы
10мемлекет төмендегідей реттермен орналасқанын көрсетеді.
• 1. КСРО (153млн.т)
• 2. Жапония (111млн.т)
• 3. АҚШ (90млн.т)
• 4. Қытай (66млн.т)
• 5. ГФР (44млн.т)
• 6. Испания (26млн.т)
• 7. Корея Республикасы (23млн.т)
• 8. Бразиля (21млн.т)
• 9. Франция (19млн.т)
• 10.Ұлыбритания (18млн.т)
• 2000 жылы алғашқы 10дық орналасу реті төмендегідей өзгерістерге ұшырады.
• 1. Қытай (127 млн.т)
• 2. Жапония (108 млн.т)
• 3. АҚШ (101млн.т)
• 4. Ресей (58 млн.т)
• 5.ГФР (46 млн.т)
• 6. Корея Республикасы (43 млн.т)
• 7.Украина (31 млн.т)
• 8.Бразилия (28 млн.т)
• 9. Италия (27млн.т)
• 10. Үндістан(27млн.т)
• Осы мемлекетерде өндірілітін болаттың мөлшері дүние жүзі бойынша балқытылатын болаттың
2/3 бөлігін құрайды.
• Қара металургия өнеркəсіп орындарын орналастыру
ұстанымдары. Толық өнім шығаратын қара металургия
өнімдерінің орналасуы негізінен тарихи түрде
кокстелетін тас көмір мен темір рудасының алабы бір-
біріне жақын жатқан аудандарды көздеп
орналастырады.
• Толық циклді зауыттарда –темір рудасы-шойын-болат-
прокат.
• Қара металургия мекемелерін орналастыру шарттарында ғылыми
техникалық жетістіктерге байланысты біршама өзгерістер енді. Толық
өнім шығаратын немесе толық циклді қара металургия комбинатының
орналасуы кокстелетін тас көмір мен темір рудасының алабы бір-
біріне жақын жатқан аудандарды көздеп орналастырады. Дəл осындай
шартар мен 18-19 ғ шегінде өнеркəсіп төңкерісінің барысында
Англияның қара металургиясы дамығанын Н.Н. Боранский өзінің
еңбектерінде атап көрсеткен болатын. Біздің заманымызға осылай
отын көзі де шикізат көзі де қатар кездесетін қара металургия өндіріс
орындары Қытайда, Үндістанда,Ресейде,Оңтүстік Африка
Республикасы да, Украйнада, Қазақстанда кездеседі.
• Қара металургия заводтарын тас көмір алабтарына
дейін де орналастыру XIX-XXғ 1-ші жартысында басты
ұстаным шарт болып келеді. Оның себебі 1-тонна
шойын қорытуға жұмсалатын темір рудасының мөлшері
оған кететін көмір шығынының көптігіне байланысты.
Бұған нақтылы мысал ретінде Ресеидің, Украйнаның,
АҚШ-ң жəне көптеген шетелдегі Еуропа мен Азия
мемлекетеріндегі қара металургия өндіріс
орталықтарын айтуға болады.
• Қазіргі кезде əлем елдері бойынша кокстелетін
көмір алабына бейімделіп орналасатын металургия
өндіріс орындарында дүние жүзі бойынша
металдың 1/2бөлігі өндіріледі. Осыған байланысты
Еуропада кокске деген сұраныс көбейіп кетті. Қара
металургияға қажетті кокс өндіруде алдыңғы
қатарда Шетелдік Еуропа мемлекетері,ТМД, АҚШ,
Жапония жəне Қытай жатады.
• Ғылыми техникалық ревалюсия дəуірінде қара
металургия мекемелерін орналастыруда басқа жаңа
тəсілдер де орналаса бастады. Ол кокстелетін көмір мен
темір рудасының маятник қозғалысы бағытында
тасмалдау пайда болған.Мысалы: Ресейдегі Урал Кузнец
комбинатын айтуға болады.
• Соңғы жылдардағы жаңалық қара металургия мекемелері
өндірген өнімді тұтынушылардың қоныстанған жеріне
бейімделіп орналастыру кең таралуда. Бұл жаңа шешім
Ғылым мен техниканың ревалюсия дəуірінде пайда болған
минизаутардыметал өнімдерін көптеп пайдаланатын
аудандарға орналастыру мүмкіндігінен туады. Мұндай
минизаутарды ең көп салған мемлекетер:АҚШ, Жапония,
Италия, Испания, жəне аздап болсада Бразилия мен
Мексика,Корея Республикасы,Тайваньда жəне мұнайды
көптеп өндіретін бірқатар Араб мемлекеттері бар.

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың тақырыбы
Қола дәуіріндегі ерекшеліктері
Тарихи - географиялық аймақтар және дүниежүзінің саяси картасы
Қорғасынды балқытуға арналған шахталы пеш
Металлдар өндірісі жайлы
Қара нәсіл өкілдері
Географиялық Атлас - географиялық карталардың біртұтас жүйелі жинағы
ҮНДІСТАН ТУРАЛЫ
Жеңіл металдар
Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы, патогенезі және иммунитеті
Пәндер