Мәдени-тарихи мұра мен патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңызы


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.

Орындаған:Мырзахмет Бекарыс

Факультет:ГЕО(жерге орналастыру)

Курс:1

Slide 2

Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымызды айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді

Рәміздер - отан тарихының әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор Мемлекетіміз саяси салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін мәртебеге ие болды.

Еліміздің тым ерте заманда-ақ отбасылық, тайпалық, кейінірек ұлттық рәміздері болған. Таңба, ту, белгі, ұран адамдарға рух береді, сондықтан рәміздерді рухани байлығымызға теңестіруіміз керек. Негізінде ең көне рәміздерге тотемдік белгілер жатады. Ол белгілер әр түрлі салт-жораларда пайдаланылып, ру-тайпалардың басын біріктіруге ықпал етті.

Slide 3

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Slide 4

Ту - мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі.

Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2

Slide 5 Slide 6

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба - мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Жоғарғы бөлігінде - көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі - көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған.

Slide 7 Slide 8

Таңба - пайпалық елтаңба, ол қазір шекара бағандарына салынатын Мемлекеттік елтаңба тәрізді тайпа жерлері шекараларындағы тастарға қаталып салынып отырған

Таңбалық нышандар, әдетте, тайпаның, рудың бүтін ел құрамындағы халықтардың қасиет тұтқан наным-сенімдерімен, арман-аңсарларымен астасып жатқан киелі белгілерден тұрады. Шәкәрім шежіресінде түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырлардан белгілі екендігі айтылады

Бұл белгілер республика территориясынан табылған тас жазуларда да, қазба жұмыстары кезіңде шыққан түрлі ыдыс-аяқтарда да, құрал-жабдықтар мен өрнектерде де жиі кездеседі. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан.

Slide 9 Slide 10 Slide 11

Назарыңызға рақмет


Ұқсас жұмыстар
Саяси рәміздердің мәдени-тарихи маңызы мен патриотизмді қалыптастырудағы рөлі
Мәдени-тарихи мұрадағы мемлекеттік рәміздердің патриотизмді қалыптастырудағы маңызы
Қазақ этномәдениетінде мәдени рәміздердің семиотикасы мен коммуникациялық маңызы
Мәдени рәміздердің семиотикалық талдауы және олардың коммуникациялық маңызы
Күлтегін ескерткіші және Қазақстанның Мәдени мұра бағдарламасының тарихи-мәдени маңызы
Қазақстанның мәдени мұра бағдарламасы: мақсаттары мен маңызы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерттеу
Мәдени мұра және рухани жаңғыру: Ұлы даланың жеті қырының тарихи-мәдени талдауы
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы: тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және сақтау нәтижелері
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасының маңызы, бағыттары және нәтижелері (2004-2011)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz