Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар: құқықтық негіздер және экономикалық ынтымақтастық


Slide 1

Қазақстан және Бразилия қарым-қатынастары

ИО-41 п/я Шотбай Ерғали

Slide 2 Slide 3

Бразилия Федеративті Республикасы

Жері - 8, 5 млн. км² (5-ші орын)

Халқы - 212 804 996 (2018)

Астанасы - Бразилиа

Мемлекеттік тілі - португал тілі.

Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады.

Slide 4

Мишел Темер - БФР-ның президенті, 2016 жылы 31 тамызда сайланған. 2011-2016 жж. БФР вице-президенті.

Дилма Русеф - БФР-ның

2011-2016 жж. президенті.

Slide 5

Бразилия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылы 26 желтоқсанда мойындады. Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 ж. 22 қыркүйекте орнатылды.

Қайрат Саржанов - бразилиядағы Қазақстан елшісі, 2016-жылдан бастап.

Деметрио Карвальо - Қазақстандағы Бразилия елшісі, 2014-жылдан бастап

2012 жылы, қазан - Бразилиа қаласында Қазақстан елшілігі ашылды.

2006 жылы, тамыз - Астана қаласында Бразилия елшілігі ашылды.

Slide 6

БФР Президенті Лула да Силваның Қазақстанға жасаған жауапты мемлекеттік сапары (2009 ж. 17 маусым)

Slide 7

Екі ел арасындағы ресми іс-сапарлар

Мемлекеттер арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізін ең жоғарғы және жоғары деңгейдегі байланыстар құрайды. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Бразилияға жасаған мемлекеттік сапары (2007 ж. 27-29 қыркүйек) Елбасының Латын Америка өңіріне жасаған алғашқы сапары болып табылды және де БФР Президенті Лула да Силваның Қазақстанға жасаған жауапты мемлекеттік сапары (2009 ж. 17 маусым) бразилиялық басшының Орталық Азия аймағына жасаған алғашқы сапары. Уфа қаласында БРИКС Саммиті (2015 ж. 9 шілдеде) аясында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Бразилия Президенті Д. Руссеффпен кездесуі, сондай-ақ Ханчжоу қ. «G20» Саммиті (2016 ж. 4 қыркүйек) барысында М. Темермен қысқаша кездесуі өтті.

2013 ж. 2-3 қазан кезеңінде ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың Бразилияға ресми сапары өтті.

Қазақстан және Бразилия СІМдері тұрақты түрде консультациялар өткізеді. Осы тетіктің шеңберінде 2008 ж. қыркүйекте Астанада, 2012 ж. сәуірде Бразилиада, 2017 ж. наурызда Бразилиада және 2017 ж. қазанда Астанада отырыстар өтті.

Slide 8

Бразилияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға ресми сапармен келді (2018ж. )

Slide 9

Көп жақты ынтымақтастық

Қазақстан мен Бразилия арасындағыкөп жақты форматтағы өзара қарым-қатынастар біртіндеп дамып келеді. 2012-2015 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне елдер бір-бірінің кандидатураларын қолдап отырды. 2016 жылдың қазан айында Қазақстан Бразилияның 2017-2019 жылдарға арналған БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне кандидатурасын қолдады. Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлағаннан кейін Бразилия Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне жоғары баға берген құттықтау хатын жолдады.

Slide 10

Құқықтық база

Қазіргі уақытта Қазақстан-Бразилия ынтымақтастығының құқықтық базасы 5 мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдерге, сондай-ақ түрлі салалар бойынша 4 ведомствоаралық құжаттарды негізге алады.

Slide 11

Мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдер

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (27 қыркүйек, Бразилия, 2013 жылғы 25 наурызда күшіне енді)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилия, 2008 жылғы 8 қыркүйекте күшіне енді)

Slide 12

Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қатынастар туралы декларация (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилия)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Ауыл шаруашылығы саласындағы техникалық ынтымақтастық туралы ниеті туралы хаттама (2007 жылғы 27 қыркүйек, Бразилия)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Бразилия Федеративтік Республикасының азаматтарының қысқа мерзімді визалық режимде сапарлары туралы келісім (2016 жылғы шілдеде Астана қаласында қол қойылған, 2016 жылғы 6 қыркүйекте күшіне енді) туралы келісім

Slide 13

Экономика: Сыртқы тауар айналымы (2017 ж. )

Экспорт: 19, 6 млн. долл.

Импорт: 89, 2 млн. долл.

Қара металл, пластмасс өнімдері, резина, ферросилиций, күкірт.

қант, темекі, машиналар мен қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары, апельсин шырыны, ет

Slide 14

Назарларыңызға Рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-Қытай: дипломатиялық қатынастар және сауда-экономикалық әрі инвестициялық ынтымақтастық
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы
Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық
Қазақстан мен Украина арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар (1991-2006)
Қазақстан-Германия дипломатиялық қатынастары: тәуелсіздік кезеңіндегі ынтымақтастық және қоғамдық дипломатия
Қазақстан мен Испания арасындағы 1992-2003 жылдардағы саяси және сауда-экономикалық қатынастар
Үндістан Республикасының негізгі сипаттамасы мен Қазақстан-Үндістан дипломатиялық және экономикалық қатынастары
Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық су қатынастар: Ертіс пен Іленің құқықтық, экологиялық және саяси мәселелері
Дипломатиялық құқық және дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі мен тағайындау тәртібі
Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастық: 2003-2008 жылдардағы өсу және секторлық бағыттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz