Вибрациялық ауру



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
КӘСІБИ АУРУЛАР
Орындаған: БТ-43 студентті
Момынқұл Ә. Б.
Қабылдаған: Физиология кафедрасының
аға оқытушысы Сарсембаева А. Ш.
Қарағанды 2018ж

Жоспар
Кәсіби аурулар
Кәсіптік аурулардың қысқаша тарихи даму кезеңі
Кәсіби ауру түрлері
Кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Бақылау сұрақтары

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А. А. Әмірбекова “Кәсіптік аурулар” 2005ж.
Артаманова В. Г. «Профессиональные заболевани 1996г
Большая медицинская энциклопедия 1982г
Интернет материалдары.

Кәсіби аурулар - белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады.

Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 - 20 мин), техникалық шараларды іске асыру - Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді.

Кәсіби аурулардың себептері болып, техникалық жабдықтаудың және ӛндірістік кәсіп орындармен ауыл-шаруашылығындағы санитарлық гигиеналық шараларды сақтамаудан болуы мүмкін. Медициналық-профилактикалық ісі бакалаврын дайындауда кәсіби ауруларды оқыту маңызды себебі кәсіби патология дамуына ӛндірістік факторлардың рӛлін айқындайды. Кәсіби аурулар туралы білімді оқытып жетілдіру адам организміне ӛндірістік процестің және ӛндірістік ортаның зиянды факторлар әсерін жоюға немесе бәсендетуге бағыт береді.

Кәсіптік аурулардың қысқаша тарихи даму кезеңі
Кәсіптік ауру жайында ерте заманда белгілі болған. Мысалы алтыншы төртінші ғасырға дейін өмір сүрген Аристотель мен Плутархтардың еңбектерінде күміс кеніндегі істеген жұмысшылардың ауыр сырқатымен ауырғандарын келтіреді, металлургтер мен тері өңдеушілердің ауыр жұмыстан ерте өлетіні айтылған. Гиппократ та тау кен жұмысшылардың арасында өлім санының жоғары екеніне көңіл бөлген. Он алтыншы ғасырдан бастап, кәсібт аурулар жайында күрделі еңбектер пайда болды. 1556ж неміс дәрігері және металлургі Г. Агриколдың “Тау кен және металлургия ісі” және т. б. еңбектері шыққан. Ал елімізде кәсіптік аурулардың профилактикасы және еңбек гигиенасының 1919жылдан бері терең айналыса бастады.

Мемлекеттік өндірістік санитарлық инспекциясы құрылған. 1924ж Н. А. Семашконың қолдауымен Мәскеу Мемлекеттік Университетінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасында әлеуметтік және кәсіптік аурулар клиникасы ашылды. Отандық кәсіптік патологияның клиникалық пән ретінде дамуына Э. А. Дрогичина, Н. Н. Шаталов; ал біздің елде М. И. Дәулетбақова, Р. А. Абдрашитова т. б. үлкен маман ғалымдар көп үлестерін қосқан. Біздің университетте 1986жылдан бастап санитарлық гигиеналық факультет студенттеріне кәсіптік аурулар пәні жүргізіле басталды.

Кәсіби ауру түрлері
Кәсіби бронх демікпесі. Кәсіби бронх демікпесі түсініктемесі. Осы ауруды жиі тудыратын өндіріс шаңының түрлері. Патогенез теориясы. Аурудың әр ағымындағы клиникалық көріністердің ерекшеліктері. Диагноз қою: анамнез, клиникалық, зертханалық, аллергологиялық, иммунологиялық, инструменталды зерттеулер мәліметтері. Емдеу принциптері. Еңбек істеу қабілеттілігі сараптамасы. Алдын алуы.

Вибрациялық ауру.
Жергілікті вибрацияның әсерінен пайда болған, вибрациялық ауруды 4 кезеңге бөледі. І-кезеңінде, қол саусақтарындағы ауыспалы ауырсынулар, парестезиялар, жансызданулар болады. ІІ-кезеңде, ауырсыну және парестезия сезімдері айқын және тұрақты болады, тамырлар тонусындағы өзгерістер анықталынады, нақты сезімталдықтардың бұзылыстары болады. Вегетативті дисфункция және астения көріністері дамиды. ІІІ-кезеңінде вазомоторлы және трофикалық бұзылыстар айқын болады, ауырсыну ұстамалары, жансыздану және парестезиялар, айқын вазоспазм- саусақтардың ағаруы, аралас бұзылыстар сезімі пайда болады. Вибрациялық сезімталдықтың толығымен жойылуы тән, сіңір рефлекстерінің тежелуі немесе жойылуы тән, артериялды қысымның жоғарлауымен вегетативті дистония, гипергидроз пайда болады. Асқазан ішек жолдарының бұзылыстары анықталынады, рентгенде сүйек және буындардағы өзгерістер анықталынады. ІҮ-кезеңінде, жергілікті органикалық зақымдангулар, мысалы, энцефаломиелопатия дамиды(сирек кездеседі) . Айқын трофикалық және сезімталдықтың бұзылыстары болады. Нерв бағаны бойындағы және саусақтардағы, буындардағы ауырсыну синдромдары тұрақты сипатта болады. Ангиодистониялық криздер қолдың шеткі тамырларын ғана емес, сонымен қатар коронарлы және ми тамырларының аймақтарында қамтиды.

Вибротығыздықтағы бетонмен жұмыс істейтін адамдарда, вибрацияның жергілікті және жалпы әсерлерінен пайда болған, вибрациялық ауру дамиды. Ангиополиневропатия синдромының осы түрі невростения синдромының дамуымен қатар жүріп, гиперстениялық түрін құрайды, ал астения тежелу процестерінің күрт әдсіреуімен жүреді. Шағымдарының ішінде, басының ауырсынуы, бас айналу, сезімталдықтың жоғарлауы, тітіркендіргіштік, аяқтарының сыздап ауырсынуы, жансыздануы, парестезиялары басым болады. Соңғы кезеңдерінде басының аурулары тұрақты және вегетативті криздер(өзін нашар сезіну, тахикардия, ауаның жетіспеушілігі, қоқыныш, терморегуляцияның бұзылыстары) қосылады. Неврологиялық симптомдарға есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысының бұзылуы жатады. Сирек табан саусақтарының бозаруымен, диффузды тер бөлінулер байқалады. Аяқтарда симптомдар басымырақ анықталынады: вибрациялық сезімталдықтың бұзылыстары, парестезиялар және т. б. анықталынады.

Шу әсерінен зақымдану. Ұзақ уақыт бойы шу әсерінен жүйке талшықтары мен спиральды жүйке түінінің жасушаларына таралатын кортиев мүшесінің талшықты жасушаларында дегенеративті өзгерістер дамиды. Осы процестің нәтижесінде есту қабілетінің прогрессивті түрде төмендеуі байқалады. Осындай ұзақ шудың әсері көптеген өндірісорындарында болады. Есту мүшесіне қауіпті әсер ететін тек шу дыбыстар ғана емес, одан басқа қозғалмалы механизмде жұмыс жасайтын цехтағы едендердің дүрсілдеуі де әсер етеді.

Көз аурулары - көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) . Көз ауруларының пайда болуына механикалық - дәрігер жұмыс істеу барысында әр түрлі жарақаттар алу науқастың әдепсіздігі т. б. физикалық- шан тозаң эмаль мен дентин үгіндісі т. б. химиялық- күкіртті сутегі, мышьяк т. б. секілді заттардың көзге түсуі. химиялық -физиклық ультракүлгін, инфрақызыл саулелер жарық т. б. факторлар әсер етеді

Көз ауруларын алдын алу үшін дәрігер бөлмесіндеге шынайы жарық көзі міндетті турде болу керек. Ортопед, техник, хирург стоматологтар жұмыс істеуі кезінде терезеден түсетін шынайы күн сәулесі жарық болу керек.
Қосымша жарық сол жақ үстінен және алдынан қарама-қарсы түсу керек.
Көзге көзілдірік (очки) болу.
Көз жаттығуымен бір сәт айналысқан жөн.

Жұмысшылар арасында кәсіби аурудың қандай түрі жиі кездеседі?
Еңбек етіп, нәпақасын айырып жүрген жерінен айықпас дертке шалдығатын адамдар көп. Күнкөріс үшін, отбасын асырау үшін жұмыстың зиянды-зиянсыздығына қарамаймыз. Елімізде кәсіби ауруға ұшырағандар қанша? Кәсіби аурудың қандай түрлері бізде кең тараған? Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елімізде кәсіби аурулардың ішінде кәсіби демікпе, екі жақты нейросенсорлы құлақ мүкістігі және омыртқааралық шығырлардың зақымдануы сияқты ауру түрлері көп тіркеліп отыр. 2010 жылы өндіріс орнынан 189 адам - демікпеге, 145 адам омыртқа ауруына шалдыққан, 108 адамның құлағы естімей қалғаны анықталған. Өндірістен ауру тапқандардың дені - 40 пен 60 жас аралығындағы кәсіби біліктілігі бар, алғашқы кезекте қызмет ететін жұмысшылар. Өткен жылы осындай кәсіби аурулардың салдарынан 661 адам қайтыс болған.

Кәсіби аурулар мен уланулардың алдын алу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz