Нуклеин қышқылдарының алмасуы және несеп қышқылының артық түзілуінен туындайтын аурулар


Slide 1

Нуклеин қышқылдарының алмасуы.

Slide 2

Азықта нуклеин қышқылдары нуклеопротеидтер түрінде болады. Құрамында нуклеопротеидтері бар азық ауыз қуысында механикалық тұрғыдан ұнтақталады, сілекеймен шыланады да, өңеш арқылы асқазанға түседі. т-РНҚ-ның бірен-сараны сілекей рибонуклеазасымен (РНК-азасымен) олиго- жəне мононуклеотидтерге ыдырайды. Асқазанда пепсин жəне тұз қышқылының əсерімен нуклеопротеидтердің көпшілігі нуклеин қышқылдарына жəне қарапайым белоктарға ыдырайды.

Slide 3

Нуклеин қышқылдары ағзада нуклеаза ферменттердің əсерінен ыдырайды. Бұл ферменттер нуклеотид аралық фосфодиэфирлі байланыстарды үзеді. Полинуклеотидтердің ішкі байланыстарын - эндонуклеаза ферменттері ажыратады, нəтижесінде олигонуклеотидтер түзіледі. Нуклеин қышқылдары молекуласын тізбектің шетінен үзіп ажырататын нуклеазалар - экзонуклеазалар. Бұл кезде нуклеин қышқылдары мононуклеотидтерге дейін ыдырайды.

Slide 4

Организдегі нуклеопротеидтер қатарына және рибонуклеопротеидтер кіреді. ДНП ядроның соның ішінде хромосомалар құрамына кіріп, организдегі тұқым қуалау белгілерін анықтайды. РНП болса, белок түзілуінің негізгі реттеушісі болып табылады. Нуклеопротеидтердің ыдырауы нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жлдарымен сыртқа шығарылады. Нуклеопротеидтердің алмасуы бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары шөгіп қалады.

Slide 5

Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы 1. Организге пуриндердің көптеп келіп түскенде 2. Олардың организмнің өзінде көп түзілгенде 3. Пуриндердің ыдырау өнімдерінің несеппен бөлініп шығуы қиындағанда 4. Нуклеопротеидтер қалдықтарыың бүйректен басқа ағзаладрдан бөлініп шығуы бұзылғанда байқалады. 1. Подагра 2. Зәр қышқылдық ауру 3. Зәр қышқылды ифарк

Slide 6

Подагра Подагра майда және ірі буындарда, синовиалдық қабықтарда, шеміршектерде, несеп қышқылының және натрий тұздарының шөгіп қалуына байланысты, болатын сырқат. Көбінесе бұл сырқат тұқым қуалайды, ата-анасы ауру балаларда подагра ерте басталып, өте ауыр өтеді. . Подаграмен негізінде еркек кісілер ауырады. Несеп қышқылы шөгіп қалған жердегі тін некрозга ұшырап айналасында қабыну реакциясы өрістейді, және ол жерде көпядролы алып жасушалар жиналады. Бірте-бірте некроз ошағы капсуламен қоршалып, буындар айналасында үлкендігі жаңғақтай түйінде пайда болады

Slide 7

Біріншілік подагра- көп жағдайда туғаннан зат алмасуының бұзылуынан сипатталады. Негізгі рольді тамақтану, яғни отбасылық жағдайы және жануарларда белоктардың мөлшерінің үлкеюі орын алады. Екіншілік подагра- нефроцирроз, қан аурулары сияқты т. б. Көптеген аурулардың асқынуымен байланысты Подагралық бүйрек- несеп қышқылының натрий тұздарының шөгіп қалуынан және екіншілік подаграның үлкеюімен сипатталады.

Slide 8

Несеп қышқылдың есебінен пайда болатын инфаркт Жаңа туылған нәрестедерде, олар екі тәуліктен көп өмір сүргенде кездеседі. Сот медицинасында бұл жағдай баланың тірі туылғандығын анықтау үшін пайдаланылады. Несеп қышқылының түзілуі физиологиялық құбылыс, бала туылғаннан кейін организмнің сыртқы ортаға бейімделу реакциясы болып есептелінеді. Бұл осы кездегі зат алмасу үрдісінің өте қарқынды өтуіне байланысты бүйрек қызметінің күшеюінің нәтижесі. Егер бұл үрдіс күшті дамыса, болашақта бүйрекасты сырқатына алып келуі мүмкін


Ұқсас жұмыстар
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы және биологиялық маңызы
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымдық және функционалдық сипаттамасы
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының жіктелуі, құрылысы және қызметтері
Ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметі
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметтері: ДНҚ репликациясы, транскрипция және трансляция
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы және ДНҚ мен РНҚ молекулаларының құрылысы
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметтері: ДНҚ, РНҚ және АТФ
Биополимерлер: нуклеин қышқылдарының құрылымы, нуклеозидтер мен нуклеотидтердің гидролизі және ақуыздардың біріншілік құрылымын анықтау әдістері
Нуклеин қышқылдарының тұқым қуалаушылықтағы рөлі: ашылуы, дәлелдері, құрылымы мен Чаргафф ережелері
Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен қызметі: ДНҚ, РНҚ, нуклеотидтер және хромосомалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz