Мемлекетті басқару қағидаттары



Тақырыбы: Қайта өрлеу және жаңа замандағы саяси ой
Орындаған:Кенесов А, НургазыЖ, Рузиева Н
Қабылдаған: Оразхан Теміржан Оразханұлы
Топ: 111 А
Факультет:ЖМ
Қазақстан-Ресей медицина университеті
Казахстанско-Российский медицинский университет
Кафедра:

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қайта өрлеу мен жаңа замандағы саяси ой пікірлер
Батыс Еуропа елдеріндегі саяси ой пікірдің негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойлардың басты ерекшелігі, бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты «жақсы өмірді» аңсау мен тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес, керісінше, оларды мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірінші кезекке қойылды.

Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткені бұл үлгілер қайта өрлеу заманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды.

Азаматтық концепцияны зерделей келе, оны Ренессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады. Тұлғаны бұрынғыдай тек діни тұрғыдан қарастырмай, қайта керісінше, оның қоғамдағы рөлін барынша қарапайым түрде түсіндіруге тырысты. Н. Макиавеллидің сөзімен айтқанда, қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным - Жаңа заманның басты ұранына айналды
Ғалымның қарастырған мәселелерінің ішіндегі бастысы деп мыналарды айтуға болады
Саяси ғылымды қоғамтану ғылымдарының ішінде дербес ғылым деп қарастыруы.
Н. Макиавелли мемлекеттің пайда болуын қоғамдағы саяси ұйым ретінде қарастырды. Жалпы ол саяси ойлар тарихында алғаш рет қолданысқа «мемлекет» ұғы мын ендірді
Жеке тұлғаға саналы, ерікті, өз құқығы үшін күресуге мүмкіндігі бар белсенді деп қарады.
Саясат пен құқықтан моральдың ара-жігін ажыратып берді

Саясаттағы азаматтық концепция идеясын одан әрі жалғастырушы ойшылдардың бір ағылшын ғалымы - Томас Гоббс (1588-1679 жж. ) .

Ол өз ой-тұжырымдарын «Левиафан немесе материя, форма және мемлекет билігі» деген ғылыми еңбегінде тұжырымдады. Жоғарғы билік пен ізгілікті мемлекет оның еңбегіндегі басты идея. Ол Англиядағы монархиялық билікті барынша арашалап алуға тырысты, бірақ, соған қарамастан биліктің құдайдан екенін жоққа шығарды. Сондай-ақ, ол монархиялық биліктің қайнар көзі - қоғамдық келісімде жатыр деп түсіндірді.

Жаңа заман ойшылдарының бір өкілі - ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 жж. ) . Ол өз заманында азаматтық концепция идеясын өте нақты жеткізе білген ойшыл. Дж. Локк саяси ойлар тарихында - либерализмнің негізін қалаушы. Ол алғаш рет төмендегідей ұғымдарға анықтама берген:
1 Тұлға
2 Мемлекет
3 Қоғам

Джон Локктың пікірінше, кез келген адам құқылы
өмір сүруге ерікті болуға
меншік иесі болуға
Әсіресе, Дж. Локктың меншікке деген көзқарасы ерекше болған. Ол оны екі жол арқылы түсіндіреді.

Мемлекет, билік туралы Дж. Локктың көзқарасы да өте ұтымды. Мемлекетті ол тұрақты саяси институт ретінде қарастырады. Ал билікті Т. Гоббспен салыстырғанда шектеу керек деп түсіндіреді. Ол мемлекет пен қоғам арасын бөліп қарастырады. Мемлекет қоғамға бағыну керек, егер де оларды бұрынғы билік қанағаттандырмаса, қоғам жаңа мемлекеттік билік пен мемлекет жасауға мүмкіндігі бар дейді. Сондай-ақ, ол билікті бөлу принципін жақтаған. Оның пайымдауынша,
БИЛІК

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе».
Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық
көрсете алатын, бірақ
басқалармен де
есептесетін
«нағыз жігітті»
тәрбиелеу.

Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі, француздың ағартушы ғалымы - Шарль Луи Монтескье (1689- 1755 жж. ) . Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама, ғалым. Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748) Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді.

Монтескье пікірі бойынша,
нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды.

«Заңдар рухы» еңбегінде екі мәселеге ерекше назар аударады
«Заңдар рухы»
«Басқару образы».
Ол одан әрі осы еңбегінде «Көптеген заттар адамдар өміріне тікелей әсер етеді:
Заң
Климат
Дін
Тарих
Мемлекетті басқару қағидаттары
Өткен тарих осының барлығы жинала келіп сол халықтың рухын айқындайды» деп есептейді.

Монтескье, сонымен қатар, Дж. Локктың саяси ойларын одан әрі қарай жалғастырады. Билікті асыра пайдалану адам табиғатының негізінде жатқандықтан, ол оны, яғни билікті шектеу мәселесін қарастырады.
Ол билікті бөледі
заң шағарушы
атқарушы
сот билігі
Олао бір-бірінен тәуелсіз институт деп таниды, сонымен қатар, ол билік арасындағы тежеу жүйесінің механизмін қарастырады. Осылайша, саяси ілімдер тарихында Ш. Л. Монтескье биліктің бөліну теориясын жасады

СЕН─СИМОН
Сен-Симон Анри (1760-1825), граф, француз ойшылы, әлеуметтанушы, әлеуметтанушы -утопист. К. А. де Сен−Симон үшін прогресс − табиғаттың әмбебап заңы: ол адамдарды еркінен тыс басқарады. Қоғамдағы алға жылжудың негізі − ғылыми білім, техникалық жетістіктер, индустрия саласындағы адамдардың ақыл−ойынан бастау алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz