Талаптардың кездейсоқ процестері мен ағындарын моделдеу




Презентация қосу
Талаптардың кездейсоқ процестері мен ағындарын моделдеу
Сабақтың жоспары:
1.Жалған кездейсоқ
2.Санның бүтін бөлігін табу операциясы

Анықтама. Жалған кездейсоқ сандар деп, кездейсоқ шаманың математикалық
өрнектерінің көмегімен, дәлірек айтқанда рекурренттік қатынастар арқылы алынған z
наңтыламаларын айтады.
Жалған кездейсоқ сандардың ықтималдық қасиеттерінің нағыз кездейсоқ сандардың
қасиеттерінен айырмашылығы болатыны айқын. Сондықтан, бұл сандарды
модельдеу әдістерін жасағанда оларға қатаң талаптар койылады. Жақсы әдістердің
көмегімен алынған кездейсоқ сандар тізбегі бірқалыпты үлестірімді, статистикалық
тәуелсіз және қайталанбайтын сандардан тұруы тиіс.
Сондықтан, бұл сандарды модельдеу әдістерін жасағанда оларға қатаң талаптар
койылады. Жақсы әдістердің көмегімен алынған кездейсоқ сандар тізбегі бірқалыпты
үлестірімді, статистикалық тәуелсіз және қайталанбайтын сандардан тұруы тиіс.
Сонымен қатар, бұл әдістер тез жұмыс істеуі және компьютер зердесінің аз көлемін
пайдалануы керек. Көрсетілген талаптар орындалған жағдайда ғана жалған кездейсоқ
сандардың нағыз кездейсоқ сандардан ерекшелігін ескермеуге болады.
Жалған кездейсоқ сандарды моделдеудің іс жүзінде қодданылатьш әдістерінің көбі,
1-ретті рекурренттік қатынастарға негізделген мына формуламен байланысты:
Мүндағы - берілген шама. Бірақ бұл формулаға біраз талаптар қойылады.
Шынымен, (1.1) рекурренттік катынасы арқылы есептелген {z,
Ф(z)} координатты нүктелер (1,1. сур.) тіктөртбұрыш жазықтығында
бірқалыпты жатпай, тек қана Ф(z) қисығының үстіне орналасады.
Сондықтан, кез-келген функцияны (1.1) формуласына қоя салып, жақсы
нәтижеге жете алмаймыз. Демек, жалған кездейсоқ сандарының "жақсы"
тізбегін, графигі шаршы жазықтығын тығыз толтыратын функция ғана
тудыра алады. Мысал ретінде мына функцияны келтіруге болады. (1.2.
сурет):
Мұндағы D – бөлшектің ажыратылу операциясы, ал g үлкен can [2]. Көрсетілген
шарт "жақсы" жалған кездейсоқ сандар тізбегін тудыру үшін (1.1) формула
қажетті, бірақ жеткіліксіз. Шынында, алғашқы кезде Ф(г) функциясының түрі
күрделі және қиын түсіндірілетіндей етіп тандалған, мысалы:

Мүндағы Ц - бүтін бөлігін табу операциясы.
Бірақ (1.1) формуласындағы функцияның түрін таңдаудың нақтылы теориясы
болмағандықтан бұл формула көбінесе қолайсыз кездейсоқ сандардың тізбегін
туғызып жүрді. Мысалы, мұндай функцияның көмегімен алынған кезекті caн,
ойламаған жерден, кейде нольге тең болуы мүмкін. Ал, бұлай болған
жағдайда, келесі сандардың бәрі де нольге теңесетіні ақиқат. Осы принциппен
туғызылған тізбектердің қайталану периоды да көбінесе кішігірім санмен
сипатталатын еді. Сондыктан жиырмасьншы ғасырдың қырқыншы
жылдарының аяғынан бастап ғалымдар Ф(z) функциясының түрін таңдауда
сандар теориясы аппаратын қолдана бастады. Бұл аппарат жалған кездейсоқ
тізбектерінің қайталану периодының ұзындығын алдын-ала білу мүмкіндігін
берді және жаңаша алынған кездейсоқ сандардың қажетті сапаға ие болуын
қамтамасыз етті.
Жалған кездейсоқ сандарды модельдеудің кең таралған белгілі бірнеше әдістерін
карастырайық. Және алдағы уақытта "жалған кездейсоқ сандар" деудің орнына
"кездейсоқ сандар" терминін қолданамыз, себебі, төменде келтірілетін қолданбалы
алгоритмдер жеткілікті статистикалық қасиеттері бар тізбектерді модельдейді.
Компьютердің қолданылатын салалары
Компьютердің қолданылу аясы шектелмеген десе де болады. Түрлі мамандық
иелері қазіргі таңда компьютерді жұмыс істеу үшін аса қажет аспап ретінде
қарастырып отыр. Компьютерлердің көмегімен күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісін
автоматты түрде басқару жүзеге асырылады, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс
істеуі қамтамасыз етіледі, көп рет қайталанатын амалдар орындалады,
компьютерлік жаттықтырушылар көмегімен кадрларды кәсіби қайта даярлау
жүргізіледі және басқа да көптеген жұмыстар атқарылады. АКТ қашықтықтан
оқыту, арақашықтыққа қарамастан дүниежүзілік ақпараттық-білім беру
ресурстарына қол жеткізу, мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды
зертханаларды, оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін
қарқындандыру арқылы білім беру сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр
Компьютерді медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға
мүмкіндік беріп, алдын ала қарауды жүзеге асырып, нақты диагноз қоюға көмектеседі.
Internet желілері дәрігерлерді соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден хабардар
етіп, науқастарға қажетті донорлық мүшелер жөнінде хабарламалар алмасу үшін
қолданылады. АКТ сондай-ақ медицина қызметкерлеріне тәжірибелік дағдыларды
меңгерту үшін де пайдаланылады. Ғалымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін
тәжірибелердің үлгісін жасау үшін қолданады. Бұндай жобаға кез келген өзгерістерді
енгізіп, нәтижесін монитор бейне бетінен бақылауға мүмкіндік бар. Бұндай техника
виртуалды тәжірибелер жүргізіп, зерттеу нәтижелерін-
-математикалық өңдеуге мүмкіндік береді, осының арқасында уақыт та, қаражат
та үнемделеді. Компьютер көмегімен қаржылық есептемелер жүргізу – бұл оның
банк ісінде қолданылуының бір мүмкіндігі ғана. Қуатты есептеуіш жүйелер чектерді
өңдеу, әрбір салымның өзгерістерін тіркеу, салымдарды қабылдау және беру,
несиелерді рәсімдеу және салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен өзге
банкке ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сауда-саттық ісінде компьютерді қолдану сатып алушылармен есеп айырысуды
жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар санын бақылап
отыруға, сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде автоматтандырылған мәліметтер
базасын жүргізуге және т.б. көптеген жұмыстарды атқаруға көмектеседі. Компьютер
тұрмыста да көптеп көмек көрсетеді: бос уақытты қызықты етіп өткізуге, электронды
пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға, Internet арқасында
жаңалықтарға қол жеткізуге, үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жаңа сөздерді жаттаңыз. Internet желілері – сети Internet
шектелмеген – не ограниченно ғылыми және тәжірибелік жетістіктер –
күрделі әрі зиянды өндіріс үрдісі – научные и практические достижения
сложное и вредное процесс производства хабардар ету – быть в курсе
үздіксіз жұмыс – безперерывная работа хабарламалар алмасу – обмен
кадрларды кәсіби қайта даярлау – сообщениями
профессиональная переподготовка кадров медицина қызметкерлері – сотрудники
қашықтықтан оқыту – дистанционное медицины
обучение дағдылар – навыки
дүниежүзілік ақпараттық-білім беру уақыт та, қаражат та үнемделеді –
ресурстары – мировые информационно- экономить время и деньги
образовательные ресурсы қаржылық есептемелер жүргізу –
мультимедиалық оқыту проводить финансовые счеты
бағдарламалары – мультимедиялық оқыту қуатты есептеуіш жүйелер – мощные
бағдарламалары вычислительные системы
виртуалды зертхана – виртуальная чектерді өңдеу – обработка чеков
лаборатория әрбір салымның өзгерістерін тіркеу –
оқытуды басқару жүйелері – регистрация изменения каждого взноса
управленческая система образования салымдарды қабылдау – принимать
оқыту үрдісі – процесс образования взносов
білім беру сапасы – качество несиелерді рәсімдеу – оформлять
образования кредиты
медицинада қолдану – применения в автоматтандырылған мәліметтер
медицине базасы – база автоматических данных
науқастарды тіркеу – регистрирование күнделікті тұрмыста – в бытовой жизни
инструкции бос уақыт – свободное время
сырқат барысын бақылау – контроль үйдегі бухгалтерия – в домашнем
болезни бухгалтерии
1-тапсырма. Компьютердің көмегімен жүргізілетін негізгі амалдарды есте
сақтап, орыс тіліне аударыңыз.
Компьютерлердің көмегімен
- кадрларды кәсіби қайта даярлауға;
- дүниежүзілік ақпараттық-білім беру ресурстарына қол жеткізуге;
- мультимедиалық оқыту бағдарламаларын, виртуалды зертханаларды,
оқытуды басқару жүйелерін пайдалану арқасында оқыту үрдісін қарқындандыру
арқылы білім беру сапасын жақсартуға;
- медицинада қолдану науқастарды тіркеуге, сырқат барысын бақылауға
нақты диагноз қоюға;
- соңғы ғылыми және тәжірибелік жетістіктерден
хабардар етіп, тәжірибелік дағдыларды меңгерту үшін;
- ғылымдар компьютерді күрделі және қымбатқа түсетін
тәжірибелердің үлгісін жасау үшін;
- кез келген өзгерістерді енгізіп, нәтижесін монитор
бейне бетінен бақылауға;
- қаржылық есептемелер жүргізуге;
- қуатты есептеуіш жүйелер чектерді өңдеуге,
- әрбір салымның өзгерістерін тіркеуге,
- салымдарды қабылдау және беру, несиелерді рәсімдеу және
салымдарды бір есеп шоттан екіншісіне, бір банктен өзге банкке
ауыстыруға:
- сауда-саттық ісінде сатып алушылармен есеп айырысуды
жылдамдатып қана қоймай, сатылған және қолда бар тауарлар
санын бақылап отыруға,
- сатып алушылар, жабдықтаушылар жөнінде
автоматтандырылған мәліметтер базасын жүргізуге;
- күнделікті тұрмыста;
- бос уақытты қызықты етіп өткізуге,
- электронды пошта арқылы достармен және туыстармен қатынас жасауға,
- жаңалықтарға қол жеткізуге,
- үйдегі бухгалтерияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
№10 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Ұқсас жұмыстар
ANSYS CFX программа пакеті
Перцептивті модельдеу әрекеті
МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Модельдеу объектісі
Кездейсоқ шамалардың үлестірімін компьютерде модельдеу
Кәсіпорынды сату шарты
Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері
Кездейсоқ сандар
Сабаққа қойылатын талаптар
Нейролингвистикалық бағдарлау туралы ақпарат
Пәндер