Тритикале ұнының және қара бидай ұнының химиялық құрамын оқып үйрену



Тексерген: Молдабекова Б. Ж
Орындаған: Ерназар А
Жанәділова Г.
Топ:ТХ 17-11.
Тақырыбы: Тритикале ұнының және қара бидай ұнының химиялық құрамын оқып үйрену
\

Жоспары:
1) Кіріспе
2) Қарабидай мен тритикалені сұрыптық тарту
3) Технологиялық сызба нұсқа
4) Қорытынды

Кіріспе
Дәнді тазалау және ұн тартуға дайындау - ұн шығарудағы технологиялық жүйелердің ең маңызды сатыларының бірі. Бұл дәннен бөтен қоспаларды бөліп алып, тазаланған дәндердің технологиялық қасиеттерін керек жаққа қарай өзгертіп, дәннің сапасын тұрақты бір межеде ұстаудың негізі. Бұған сапасы әртүрлі астықтарды оны бөтен заттардан тазарту, дәннің сыртын тазалау, оны ылғалдап (булап) технологиялық қасиеттерін өзгерту, тазалау кезінде алынған бөтен қосындылардың сапасын тексеру жұмыстары жатады.
Жай ұн тарту тәсілі бойынша жай ұнды диірменге түскен дәнді, барлық құрамын бірдей ұнтақтау арқылы алады. Бидайды ұнтақтағанда 1%, қара бидайды ұнтақтағанда 2% қабыршықтары бөлініп шығады.

Бұл сызбаны жасалатын жұмысқа қарай үшке бөлуге болады:
-Бірінші бөлімде астықты, електі, желдеткішті, магнитті сепараторды, триерлерді, қырғылау машиналарын пайдаланып тазалайды;
-Екінші бөлімде - дәнді буландырып немесе сулап тазалап, ылғалдандырып, арнаулы қорап-қамбаға бірнеше сағат бойы салып қояды;
-Үшінші бөлімде, дәннің сыртын құрғақтай қайтадан қырғылау машинасында, қалған қоспаларын електе және магниттік сепараторда тазалайды.

Жармаларды байытпайтын күрделі ұн тарту тобына қарабидайдан, бидайдан бір екі сұрыпты ұн тарту жатады, сондай - ақ тритикаледен сұрыпты ұн тартулар жатады. Бұл ұн тартулардың технологиялық схемалары жармалау және ұнтақтау процестерінен тұрады, бұл жағдайда ұнның басым көпшілігі жармалау процестерінен алынады.

Тритикале - бидай және қарабидайдың гибриді, осы дақылдардың белгілері мен қасиеттерін иемденген. Геометриялық және физико- химиялық қасиеттері бойынша қарабидайға жақын, ал 1000 дәннің массасы бидайға жақын. Тритикаледе белок 23% жоғары және өніділігі көп, осы ерекшіліктері технологияда қызықты тардығы жоғары, бірақ ұн шығымы төмен, наубайханалық қасиеттері шамалы, өйткені α- амилаза әректі, бидай және қарабидай ұнымен салыстырғанда, белсенділеу және клейковинасы нашар.
Сондықтан бұл ұнды бидай және қарабидай ұндарына қосып нан пісіруде қолдануға болады. Тритикаледен ұн тарту үшін қарабидайдан сұрыпты ұн тарту схемаларын қолданады, бұл жағдайда жармалау және ұнтақтау жүйелерінің санын бір жүйеге артық алады.

Қарабидай мен тритикалені сұрыптық тарту
Бұл тартулар классфикация бойынша елеуші және тегістеуші жүйелерді өнімді байытусыз күрделі, қайталанбалы тартуларға жатады. Тартудың құрылымдық сызбанұсқасына екі кезең кіреді: қауызынан айыру және тарту. Қарабидайды ұнға тартудың технологиялық сызбанұсқасы 1-суретте берілген (қауызынан айыру процестерін рим цифрларымен, ал қалғандарын араб цифрларымен белгілеу қабылданған) .
Бұл сызбанұсқа 1жармалау жүйесі және II жармалау жүйесі ұн тарту машиналарыың төменгі түсулерінен келіп түскен дән көлемінен 25-30% мөлшерінде жармалық өнімдерді бөліп алады да, оларды бірден бірінші ұн тарту жүйесіне (1 ұнтақтау жүйесі) жібереді. 1 ұнтақтау жүйесі шыққан жоғарғы түсумен күлділігі жоғары өнімді бөліп алып, III жармалау жүйесіне қайтарады. 1 ұнтақтау жүйесінен шыққан төменгі түсу 2 ұнтақтау жүйесіне бағытталады, ал осы жүйенің түсуі IV жармалау жүйесіне жіберіледі.

- қарабидай ұнының күлділігі 1, 45%
- шығымы (норма бойынша) 87%
Көрсеткіштері:
Бұл технология бойынша ұнның
- ірілігі бойынша №045 електегі қалдық 2% артық емес
№38 електің өтуі 60% аз емес

Осы талаптарға сүйене отырып, ұн тарту машиналарында ұнды бөліп алуды №23-29 електерде, тек соңғы жүйелерде ғана №35 електе жүргізеді. Ұнды бақылаулық елеуді де 23-29 електерде жүргізеді.
1-сурет. Қарабидайдан бірсұрыпты ұн тарту технологиялық сызба нұсқасы
Қарабидайдан бірсұрыпты ұн тарту технологиялық сызба нұсқасы

Техникалық сипаттамалар дәннің интенсивті ұсақталуын қамтамасыз ететіндей таңдалған, себебі қарабидай жоғары пластикалығымен ерекшеленеді және сондықтан бидайға қарағанда қиынырақ ұсақталады. Бұдырлардың жоғары еңкіштігі, біліктердің айнымалы жылдамдықтарының шекті қатынастары, қауызынан айыру жүйелерінде бұдырлардың кішкентай үшкірлену бұрыштары жағдайында бұдырлардың «ұшының бойымен» орналасуы дән мен аралық өнімдерді тез ұсақтауға мүмкіндік береді.
Аталған ұсыныстарды орындаған жағдайда қауызынан айыру процесінің алғашқы екі жүйесінде өнімдердің 70-75% алынады, оның 40-45% ұн болып табылады. Ұн тарту жүйелерінде 40-60% бөліп алу режимі (тек ұн ғана есептеледі) орнатылады. Қарабидайды еленген және қарабидайлық ұндарға екі сұрыптық берілген.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz