Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру негіздері мен қағидаттары


Slide 1

Ұйым

шаруашылық субъектісі

ретінде

Slide 2

Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін құрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі.

Slide 3

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер.

Slide 4

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Slide 5

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану үдерісіндегі экономикапық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қатынастардың бір бөлігі болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастырады.

Slide 6

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады:

коммерциялық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бакйлау жасау) ;

меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

қаржылық резервтердің болуы.

Slide 7

Коммерциялық есеп - шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне сәйкес дәстүрлі «шаруашылық есеп» терминін қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге «коммерциялық есепті» қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей.

Slide 8

Жоспарлылық қағидаты шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы құжатта- қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық көрсеткіштер анықталады,


Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қаржысының мазмұны мен ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы: құрылымы, қызметтері және компанияның қаржылық есептілігі
Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық негіздері мен азаматтық қоғамдағы рөлі
Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар: ҚР Қылмыстық кодексінің нормалары, объектісі және субъектілері
Заңды тұлғаның құқықтық табиғаты және коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі: Қазақстан тәжірибесі
Қаржы жүйесі: ұғымы, құрамы және ұйымдастыру қағидаттары
Дәріханалық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру: ұйымдық-құқықтық нысандар мен венчурлік кәсіпкерлік
Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Қаржы жүйесі: анықтамасы, құрылымы, функциялары және ұйымдастыру қағидаттары
Коммерциялық және коммерциялық емес субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz