Үнді-будда мәдениеті: ведалық дәстүрден буддизмге дейін


Slide 1

Үнді -будда мәдениеті

Жолдыбаева Дамира

Slide 2 Slide 3

Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі - Үнді мемлекетіндегі қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті

Slide 4

Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000жылы шыға бастаған көне мәдени мұраларының бірі - ведаларды алып келіп жергілікті халық арасына кеңінен таратты

Slide 5 Slide 6

Ведалар дегеніміз - діни дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы

Slide 7

Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын

Slide 8

«Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады:

Slide 9

«Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды»

Slide 10 Slide 11

б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан

Slide 12

Брахман - абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда

Slide 13 Slide 14

Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.

Slide 15

Үнді мәдениеті - жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады.

Slide 16

Сондықтан да, ведалар - діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады

Гегель

Slide 17

Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады.

Slide 18 Slide 19

«Миманса» - діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды

Құрбандық шалу- адамның құдай алдындағы өз парызын өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды

Карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы

«Санкхья» материалдық дүниені де, рухани дүниені де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемі қозғалыста және тәуелсіздік жағдайында өмір сүреді, бірақ еш нәрседен бейхабар күйде болады

«Ньяя» логика зандарына сүйенеді, оны үғынып-білу - адамның жан дүниесін тазартуға себепкер болатын ой-пікірлердің қалыптасуына көмектеседі

Slide 20

Будда діні үнді елінде б. з. б. Vi ғасырда қалыптасты. Оның негізін қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болды. Оның шын аты - Сиддахартха, ал оның анасы әйел патша Майя еді

Slide 21

Будда ілімі адам бойындағы ізгілік, адамгершілік қасиеттерді одан әрі дамытуды насихаттайды

Slide 22

Онда былай делінген: «Бұл дүниеде өшпенділікті өшпенділікпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдіріп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңіп шығуға болады, ал нағыз жеңіс адамның өзін-өзі жеңіп шығуы болып табылады»

Slide 23
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үнді философиясы: әлеуметтік құрылымы, ведалық мұра және классикалық философиялық мектептер
Үнді мәдениеті: тарихи кезеңдері, ерекшеліктері және өнері
Ежелгі Үнді медицинасының дамуы: Ведалық негіздерден Аюрведа мен хирургияға
Ежелгі Үнді мәдениеті: тарихи кезеңдер, діндер мен өнер
Гупта дәуірінен Чолдар мен Хойсалдарға дейін: ортағасырлық Үнді храмдық сәулеті мен пластикасы
Ежелгі Үнді философиясы: кезеңдері, мектептері және негізгі ұғымдар
Ежелгі үнді философиясы: Ведалардан астика және настика мектептеріне шолу
Үнді философиясының тарихы мен негізгі ұғымдары
Будда діні: пайда болуы, философиялық негіздері және негізгі ілімдері
Ежелгі Шығыс философиясының даму ерекшеліктері және Үнді мен Қытай мектептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz