Саясаттанудың қызметі


Slide 1

Саясаттану туралы түсінік

Орындаған:

Рақы Ибрагим

Жолдыбаева Дамира

Slide 2

Саясаттану - (грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім) - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым

Slide 3

XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты

Slide 4

1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

Slide 5 Slide 6 Slide 7

Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді.

Slide 8

Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді

Slide 9

Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады

Slide 10

Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің белгілі бір қорын пайдаланады

Slide 11 Slide 12

Саясаттанудың қызметі

Slide 13

Танымдық қызметі - саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді

Бағалау қызметі - саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады

Реттеушілік-басқару қызметі - ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.

Slide 14

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Болжау қызметі - саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

Slide 15

Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді

Slide 16

Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы

Н. Я. Данилевский еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді

Н. Я. Данилевский (1822-1885)

Slide 17

XX ғ. өркениеттік тәсіл неміс философы О. Шпенглер мен ағылшын саясаттанушысы А. Тойнби еңбектерімен әрі қарай дамытылды.

О. Шпенглер (1880-1936)

А. Тойнби (1889-1975)

Slide 18

Қазіргі заманда өркениеттік тәсілді "өркениеттер қақтығысы" теориясының авторы американдық зерттеуші С. Хантингтон қолдайды.

Slide 19

Назарларынызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Саясаттану – ғылымы»
Саясаттанудың категориялары мен түсініктері
Саясаттану парадигмалары
Саяси билік Саяси жүйе
Саясаттану ғылымының әлеуметтік - гуманитарлық білім жүйесіндегі орны
Саясаттану тарихы
САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Саясаттың мәні және табиғаты
Саяси ғылымдардың құрылымдары мен парадигмалары
САЯСАТТАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz