АҚША НАРЫҒЫ



АҚША НАРЫҒЫ
Ақшаның макроэкономикалық мəні, қызметтері, агрегаттары.

Ақша деген не?
1) ақша - бұл келісімдер үшін қолданыла алатын қаржы активтерінің түрі;
2) ақша - бұл игіліктерді айырбастау кезінде жалпылама эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар;
3) ақша - бұл бағалардың тұрақты деңгейінде табыс əкелмейтін мүліктің ерекше түрі;
4) ақша - бұл инфляциялық үдерістерді, циклдік толқуларды, экономиканың тепе-теңдікке жету механизмін, тауар жəне ақша нарықтарының тиімді жұмыс істеуін талдайтын аса маңызды макроэкономикалық категория.

Ақшаның негізгі қызметтері
құн өлшеу құралы ретінде
жинақтау (құнды сақтау) құралы ретінде
əлемдік ақшалар ретінде
төлем құралы ретінде
айналым құралы немесе жалпылама айырбастау құралы ретінде

Макроэкономикалық талдауда ақшаның 2 қасиеті бар
Өтімділік
Табыстылығы
Бұл активтің немесе басқа да мүмкіндіктердің өз құнын жоғалтпай ақшалай формаға тез өте алу қызметі
Бұл активтің не мүліктің басқада түрлерінің өз иесіне қандайда бір табыс әкеле алу қабілеттілігі

Ақша формалары
қолма-қол нысандағы қағаз ақшалар
қолма-қолсыз нысандағы қаржы-несие институттарындағы есепшоттардың жазулары
айырбастау (айыру) монеталары

Ақша айналымы
Ақша массасы
Ақша жүйесі
бұл қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жəне мемлекеттің заңдық тəртіппен бекіткен ақша айналысын ұйымдастырудың ерекше формасы. Ақша айналысының аса маңызды түрдегі көрсеткіші болып ақша массасы (жиыны) табылады.
бұл өз қызметтерін орындайтын жəне тауарлардың сату-сатып алынуына қызмет көрсететін, сонымен қатар, тауарлық емес төлемдер мен есеп-айырысуларды атқаратын ақшалар қозғалысы.
бұл экономиканың шаруашылық айналымына қызмет көрсететін жəне жекелеген тұлғаларға, фирмаларға жəне мемлекетке тиесілі қолма-қолды жəне қолма-қолсыз түрдегі төлем құралдарының жиынтығы.

Ақша массасы түрлері
Ақша массасы экономикада біртекті (стандартты) болып табылмайды. Оның құрамына сатып алушылық жəне төлем дік құралдармен қатар, депозиттік сертификаттар, чектер, жинақтаушылық шоттар жəне басқа да құралдар ретіндегі компоненттер кіреді. Бұларды «квази-ақшалар» (ақша сыңайлы) немесе өтімділігі бар активтер деп атайды.

Ақша агрегаттары, түрлері
М3
Қазыналық жинақ облигациялары
Ірі жедел салымдар
Кіші жедел салымдар
Депозиттер
Қолма-қол ақшалар
L
М1
М2
М0

Макроэкономикалық талдауда М1 жəне М2 ақша агрегаттары аса жиі қолданылады.
Тар мағынадағы ақшалар
(М1)
Квази-ақшалар
(М2, М3, L)
Кең мағынадағы ақшалар

Пайыздық қойылым
Ақша агрегаттарының динамикасы нарықтағы пайыздық қойылымның деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.
Ақшаның нарығында пайыздық қойылым ақшаның альтернативтік құны ретінде көрінеді жəне жинақтарды ақшалай формада сақтауға байланысты жіберіп алған балама табысты сипаттайды.

Пайыздық қойылым
Атаулы пайыздық қойылым
Нақты пайыздық қойылым
банктің несиелік операциялар бойынша тағайындаған ағымдағы нарықтық пайызын сипаттайды
бұл инфляция деңгейіне байланысты пайыз түрінде алынатын табыстың сатып алушылық қабілеті.

Фишер теңдеуі
Атаулы жəне нақты пайыздың арасындағы байланыс Фишер теңдеуі арқылы шешіледі:
i = r + π
Бұл теңдеу атаулы пайыздың мына екі себепке: а) нақты пайыздың өзгеруіне;
ə) инфляция қарқынына байланысты өзгеріп отыратынды- ғын көрсетеді.

Нақты пайыздық қойылым формуласы
Инфляцияның қалыпты (баяу) деңгейінде
Инфляция қарқынының аса жоғары деңгейінде
r ≈ i - π
r = i - π / 1 + π
Алайда ақшаның пайыз түріндегі балама табысының көлемі инфляция қарқынын есепке ала отырып, тұрақты шама болып қалуы тиіс. Бұл құбылысты
Фишер əсері
түсіндіре алады

Фишер əсері
бұл нақты пайыздық қойылымның тұрақты болуы үшін, атаулы пайыздың инфляция қарқынына байланысты өзгеріп отыруы, яғни нақты пайыз көлемінің сатып алушылық қабілетін тұрақты ұстау үшін инфляция деңгейі қаншаға өзгерсе, атаулы пайызды да сонша шамаға өзгертіп отыру қажет.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz