ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ




Презентация қосу
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ
ҚАУІПСІЗДІГІ
Орындаған : Анарбек А.Ү
Группа: ТЗ-15-11
Қабылдаған: Курманбаева И.Н
• Сапа тағам өнімдерінің халықаралық
нарығындағы жарыстың айрықша белгісіне
айналды. Жақсы дайын өнім алу үшін
шикізат материалдарын жеткізуден бастап
дайын өнімді түпкі тұтынушыға жеткізген
уақытқа дейінгі тағам өнімдерін
дайындаудың барлық кезеңдерінде сапа
менеджментін жүзеге асыру талап етіледі.
Сапаға ұмтылу бұл ерікті таңдау емес.
Тұтынушының тағам өнімдерінің сапасы нені
білдіретінін түсінуі, адамдардың
денсаулығын және тағам өнімдерінің
қауіпсіздігін қорғау ауыл шаруашылығы мен
азық-түлік өнеркәсібі операторларын сапа
менеджментіне инновация мен өндірістің
стратегиялық маңызды мәселесі ретінде
қарауға мәжбүрлейді .
• Қазіргі уақытта тағамның қауіпсіздік мәселелеріне байланысты, тағам
өнімдерінің сапасына, ас жүйесіне, биологиялық қоспаларына мониторинг
жүргізу арқылы сақтау мерзімі мен өнімді іске асыру жайына көп көңіл
бөлінеді.
• «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламенті
(бұдан әрі – осытехникалық регламент):
• 1) техникалық реттеу объектілерін;
• 2) техникалық реттеу объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын;
• 3) техникалық реттеу объектілерін сәйкестендіру ережелерін;
• 4) техникалық реттеу объектілерінің осы техникалық регламент
талаптарына сәйкестігін бағалау нысандары мен рәсімдерін белгілейді.
• Тамақ өнімдерін өндіру кезінде, сонымен қатар, оны сақтау,
тасымалдау және сату кезінде, Кеден одағына мүше мемлекеттердің
ішкі және сыртқы нарығындаХАССП жүйесіне негізделген
қауіпсіздік талаптары сақталуы тиіс.
• Бұл техникалық регламент адам өмірі мен денсаулығын, дүние
мүлігін және қоршаған ортаны қорғауға, тұтынушыларды
жаңылыстыру іс-әрекеттерін алдын-алу мақсатында жасақталды.
Кеден одағының өзге техникалық регламенттері белгілейтін тамақ
өнімдерінің жекелеген түрлеріне және оларға қойылатын талаптарға
байланысты өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату
процестеріне қойылатын талаптар осы техникалық регламенттің
талаптарын өзгерте алмайды.
• Тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оны өндіру процесінде
мынадай рәсімдер әзірленуі, енгізілуі және қолдау табуы тиіс:
• 1) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімін
өндірудің технологиялық процестерін таңдау;
• 2) өндірістік бақылау бағдарламаларындағы технологиялық операциялар
мен тамақ өнімінің бақыланатын кезеңдерін оны өндіру кезеңдерінде
айқындау;
• 3) азық-түлік шикізатқа технологиялық құралдармен, орауыш
материалдармен, тамақ өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын
бұйымдармен, сондай-ақ тамақ өнімін бақылаудың қажетті шынайылығы
мен толықтығын қамтамасыз ететін құралдармен бақылау жүргізу;
• Тамақ өнімдерінің жарамдылығы мерзімдері мен сақтау
шарттарын дайындаушы белгілейді.
• Қаптамаларды дайындау үшін пайдаланылатын материалдар,
тамақ өнімдерімен байланыста болатын бұйымдар Кеден
одағының техникалық регламентіне сәйкес белгіленген
талаптарға сәйкес болуға тиіс.
• Тамақ өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын тамақ
қоспаларына, хош иістендіргіштерге және технологиялық
құралдарға қойылатын талаптар Кеден одағының техникалық
регламентімен белгіленеді.
• Өсімдік, жануар және микроб тектес ГТО-дан алынған азық-
түлік шикізаттан тамақ өнімдерін өндіру кезінде мемлекеттік
тіркеуден өткен ГТО желісі пайдаланылуға тиіс.
• Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жаһандық жайы адамзат
өміріне күрделі қауіп төндіруде. Жер шары тұрғындарының
саны өскен сайын халықты азықпен қамтамасыз ету мәселесі де
ушығып отыр. 2050 жылы адам саны 9,5 млрд-қа дейін жетеді
деген болжам бар. Сондықтан да азық-түлік дағдарысы және
оның алдын алу – әлем жұртшылығын алаңдатып отырған басты
мәселе. Қазіргі таңда азық-түлік тапшылығы орын алып,
ашаршылықтан зардап шегіп жатқан елдер де аз емес.
Дүниежүзінде бүгінгі күні созылмалы аштық дертіне
шалдыққандардың саны 925 млн адамға жетеді, бұл Жер шары
тұрғындарының 14 пайызына тең. Сондай-ақ әлем елдерінің 29-
ы азық-түлік тапшылығын өткір сезінуде.
• Бүгінде еліміздің дүкен сөрелерінен сапалы тауар мен табиғи
азық-түлік өнімдерін табу қиын болып барады. Өйткені, сақтау
мерзімі өтіп кеткен құс еті мен зеңденген макарондар, ішек
таяқшаларының бактериялары бар май және кондитер
өнімдерінің сатылу фактілері жиі кездесіп қалатын құбылыс
болып алды.
• Үстіміздегі жылдың өткен алты айының өзінде ғана еліміздің әр
түкпіріндегі дүкен сөрелерінен талапқа сай емес, яғни, адам
денсаулығына қауіпті деп табылған 12 мың тонна тауар тәркіленген.
Оның 64 пайызы – азық-түлік өнімдері. Олардан ішек таяқшасы,
сальмонелла сынды қауіпті вирустар табылған. «Сынамалар
барысында бұл өнімдерден патогенді микрофлоралар табылды. Яғни,
ішек таяқшалары, ашытқы және зең саңырауқұлақтары кездесті.
Сапасыз өнімдердің басым бөлігі – Ресей, Белоруссия елдерінен
импортталған тауарлар. Ішінде отандық өнімдер де кездеседі.
• Ал санитарлық талаптар сақталмайтын ашық базарлар мен жол
жиектеріндегі жабайы сауда орындарындағы жағдайды айтпай-
ақ қоялық. Ресми деректерге сүйенсек адам денсаулығына ең көп
қауіп төндіретін өнімдер ет және кондитерлік өнімдер екен. Ет
өнімдері тез бұзылады. Әрі химиялық тұрақтандырғыштар
шамадан тыс мөлшерде қолданылады.
• Ал алуан түрлі қораптар мен көз тартарлық пакет орамаларға
салынған кондитерлік өнімдер ұзақ уақыт тұрып қалады. Адамның
саулығынан гөрі қалтасының қалыңдығын ойлаған сауда иелері
айлап-жылдап қоймада сақтап қойып сата береді. Жасыратыны жоқ,
тұтынушылардың көбі сақтау шаралары мен мерзіміне қарап та
жатпайды. Сыртқы қорабы бүтін екен деп сатып ала береді.
Нәтижесінде неше түрлі аурулар жұқтырып алып жатады. Оған
мысал ретінде осыдан шамалы бұрын Ақмола, Қарағанды,
Қызылорда облыстарының сауда нүктелерінен сатылып жатқан ішек
таяқшаларының бактериялары бар және көгеріп кеткен 5 түрлі
кондитер өнімдері тәркіленгенін мысал етуге болады.
• Тіптен өткен жылы Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде
құрттап кеткен «Ассорти» қораптағы шоколады табылғанын
жұрт әлі де ұмыта қойған жоқ. Қазақстанда 1990-2011 жылдар
аралығында жүргізілген талдауға сүйенсек, тіркелген жұқпа
аурулар мен тамақтан улану жағдайларының 41 пайызы осы
кондитерлік өнімдер яғни торт, пирожныйлардан болады екен.
Бұл жағдайлардың басым бөлігінен сальмонелла және
патогенді стафилакокк вирусы табылған.
• Қорыта келгенде, адам өмірінде маңызды болып табылатын
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жоғары
және басты назарда болмақ.
НАЗАР
АУДАРҒАНДРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Рационалды тамақтану теориясының мінездемесі
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы
Тағамның санитариялық қауіпсіздігіндегі ветеринариялық қызметтің маңызы
АЗЫҚ - ТҮЛІК ШИКІЗАТЫ ЖƏНЕ ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің менеджменттік жүйесі
ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ
Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы
АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ СРС
Азық - түлік өнімдерінің, шикізаттардың сапасы мен қауіпсіздігінін жүзеге асырылу жолдары
Инфрақызыл сәулелермен кептіру
Пәндер