Судың қасиеттері



СӨЖ Тақырыбы: Шығыс қазақстан облысының су тазалығы және сапасына баға беру Орындаған: Жұмахан а. м. тобы: ТЖ-703 Тексерген: Күзеубаева А. с 2019
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі Семей қаласының
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Жоспар:
Кіріспе
1. 1 Су. Судың қасиеттері
II. Негізгі бөлім
2. 1 Шығыс Қазақстан облысындағы су тазалығы
2. 2 Суды қорғау
2. 3 Судың сапасын жақсарту әдістері
2. 4 Судың сапасына баға беру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды: биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар; химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер; физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар; өнеркәсіп орындары; ауыл шаруашылығын химияландыру: халық шаруашылығының басқа да салалары.

Су. Судың қасиеттері
Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлық процестерде және адамзаттық тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Су - зат алмасу мен ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта. Адамзат өмірі мен мәдениеттің дамуы көне замандардан бері сумен тығыз байланысты. Ол қазір өнеркәсіпте, энергетикада, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығында, медицинада және т. б. толып жатқан салаларда кеңінен механика және басқа да ғылыми салаларының зерттеу объектісі. Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы - құрлықтарды сумен қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады. Жер қыртысындағы судын мөлшері өте мол. Құрлықтың негізігі бөлігін басып жатқан топырақ қабатындағы судын көлемі осы топырақ қабатының 70 %-ін немесе одан да көп мөлшері құрауы мүмкін. Топырақтағы су топырақ құрамының қалыптасуына, құнарлығына және басқа да қасиеттеріне үлкен әсерін тигізеді. Судың маңызы әсіресе жер бетіндегі органикалық өмірдің дамуымен сақталуы үшін өте зор. Биологоиялық өмірде су зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз ететін бірден бір негізгі орта болып табылады. Атмосферадағы су жазда жерді құрғап қалудан сақтаса, қыста аса суып мұздыққа айналып кетуден қорғайды, яғни ғаламшардың біркелкі климаттың жағдайына қамтамасыз етеді. Су халық шаруашылығында кең көлемде пайдаланылатынын әркім жақсы біледі. Жергілікті тұрғындарды, кәсіпорындарды сумен қамтамасыз ету, судың ағын күшін пайдалану су көлігін дамыту, жер суару және де басқа маңызды мәселелерді шешу әрқандай өлке аумақтардың су қорларын пайдалануымен тығыз байланысты.

Су қорларын кешенді пайдалануда жер суару мен жайылымдарды суландыру - өте маңызды мәселе. Қазіргі кезде суаруға дайындалған жердің көлемі 10-12 млн. гектары - егістік, нақты суарылатыны - 9, 8 млн. га.
Планетамыздағы су қабығын - гидросфераны, оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, оның атмосферамен, литосферамен және биосферамен байланысын зерттеу мен айналысатын ғылым саласы гидрология деп аталады.
"Гидрология” сөзі екі грек сөзінің (гидро - су, логос - ғылым, ілім) қосылуынан пайда болған, яғни су туралы ғылым дегенді білдіреді.
Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешеніне жатады.

Шығыс Қазақстан облысындағы су тазалығы
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Шығыс Қазақстан Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан қазан шұңқырын, Қалба таулы қыратын, Cауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқысының шығыс бөлігін басып жатыр. Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш-Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады. Дегенменде ШҚО ауыз сумен қамтылу деңгейі ең төмен өңірлер қатарына жатады. Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Су мен су ресурстарының жетіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр. Өте үлкен мөлшерде суды Еуропа елдері қолдануда. Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде. Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.

Суды қорғау
Адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді. Суды қорғау аймақтары мен белдеулері - өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

Суды қорғау жөніндегі міндеттер
Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Судың сапасын жақсарту әдістері
Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу, су тазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттағы сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде келесі әдістер ең көп таралған: химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша, судың органолептикалық қасиетін жақсарту бойынша, эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Мөлдірлендіру
Мөлдірлендіру - суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады, ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады. Тұндыру тек ірі қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін қолайлы, ал коллоидты және майда қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін өте көп уақыт керек, сондықтан осы заттардың тұну жылдамдылығын арттыру үшін коагулянттар, яғни, реагенттер қолданылады.

Суды тұндыру
Тұндырғыштар сүзгіштердің жұмысын жеңілдетеді, судағы заттарды литріне 10-12 мг-ға дейін азайтады және суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Судың қозғалыс бағытына байланысты тұндырғыштардың 3түрін ажыратады:
көлденең
тік
радикалды тұндырғыштар

Суды сүзу
Суды тазартудың екінші сатысына жатады. Сүзгіш материалы ретінде жиі қолданылатындар: кварц құмы, құм және қиыршық тас. Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш - сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады. Сүзу жылдамдығына байланысты оларды: баяу сүзгілер (сағатына 0, 1-0, 2м), жылдам сүзгілер (сағатына 6-8м) және өте жылдам (сағатына 100м) деп бөлінеді.

Судың арнайы өңдеу
Судың арнайы өңдеу әдісі дегеніміз - судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады: суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру.

Тазартудың арнайы әдістері
Жоғарыда айтылған судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістері қолданылады

Судың сапасына баға беру
Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар(ШРК) қолданылады. Ал ауыз судың сапасын бағалауда химиялық көрсеткіштермен қатар, бактериологиялық және органолептикалық көрсеткіштер қолданылады. Судың бактериологиялық көрсеткіштерін анықтауда: біріншіден, судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 мм-не 100-ден аспауы керек; екіншіден, ішек таяқшасы (E. сoli) тобының бактерияларының саны арқылы жүргізіледі. Ол коли-индекс: судың бір литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен аспауы тиіс) немесе колититрмен: бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.

Қорытынды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz