Кәсіби аурулар факторлары


Slide 1

Кәсіби аурулар

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

Орындаған: «ПжП» мамандығының

4 курс студенті Уразова А. Ж

Орал, 2019ж

Slide 2

Кәсіптік ауру дегеніміз не?

Кәсіби аурулар факторлары

Қызметкерлердің кәсіби аурулары

Негізгі кәсіби аурулар

Кәсіптік қауіп

Кәсіби аурулардың алдын алу

Жоспар

Slide 3

Кәсіптік ауру - еңбек қызметі себепші болған қауіп факторларының әсер етуі нәтижесінде туындайтын ауру (Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы) .

Кәсіптік ауру дегеніміз не?

Slide 4

Әдістемелік амалдардың бірлігі мен материалдардың халықаралық салыстырымдылығын қамтамасыз ететін нормативтік құжат болып табылатын Аурулардың халықаралық жіктемесінде (АХЖ) жеті негізгі топ біріктірілген.

Қызметкерлердің кәсіби аурулары

1-топ: жіті және созылмалы улану түрлері және олардың салдары;

2-топ: өнеркәсіптік аэрозоль әсерінен туындайтын аурулар;

3-топ: физикалық табиғат (иондайтын сәулелену, шуыл мен тербеліс, қатты қыздыратын және суытатын микроклимат) факторлары әсер еткен кезде туындайтын аурулар;

4-топ: денеге шамадан тыс жүк түсуіне және кейбір органдар мен жүйелердің артық күш жұмсауына байланысты аурулар;

5-топ: биологиялық факторлардың әсерінен туындайтын аурулар;

6-топ: аллергиялық аурулар;

7-топ: өскіндер.

Slide 5

Негізгі кәсіби аурулар

Slide 6

Кәсіптік аурудың диагнозын анықтаған (яғни аурудың мамандықпен байланысына сараптама жүргізген кезде) кезде мыналар ескеріледі:

Slide 7

Кәсіптен туындаған аурулар - туындауына өндірістік факторлар белгілі бір үлес қосатын, негізінен полиэтиологиялық аурулар тобы.

Кәсіптен туындаған аурулар

Бұл ауруларға тән сипаттар:

кең тараған;

аурудың өршуін айқындайтын еңбек жағдайларының сандық көрсеткіштерінің жеткілікті зерттелмеуі;

айтарлықтай әлеуметтік салдары - демографиялық көрсеткіштерге теріс ықпалы бар (өлім-жітім, өмір ұзақтығы, еңбекке уақытша қабілетсіз болып қалатын жиі әрі ұзақ болатын аурулар) .

Slide 8

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары (күретамырдың жоғары қан қысымы, жүректің ишемиялық ауруы) ;

Невроз сияқты жүйке-психика аурулары;

Қимыл-тірек аппаратының аурулары (мысалы, бел-құйымшақ құяңы) ;

Тыныс органдарының бірқатар аурулары және т. б. жатады.

Кәсіптен туындайтын ауруларға қандай аурулар жатадыы:

Slide 9

Кәсіптік қауіп

Кәсіптік қауіп - жұмыскердің еңбек шарты немесе келісімшарт бойынша өз міндеттерін орындауына байланысты денсаулығына зиян келтіру (бұзу) немесе опат болу ықтималдығы.

Slide 10

2. Еңбек жағдайларының тобын, алдын алу шараларының қауырттығын және көлемін бағалау.

Кәсіптік қауіптің құрылымы мен дәрежесін бағалау (сақталудағы сандық сипаттамалары: фактордың деңгейі, әсер ету уақыты, жұмыс өтілі; сақталудағы сапалық сипаттамалары: фактордың әсер еткіштігі, нысана-органдар, әсер ететін факторлардың біріккіштігі немесе қарама-қайшылығы) ;

Кәсіптік қауіпті бағалауға кезеңдері

Slide 11

Кәсіптік қауіпті алдын ала бағалау - жұмыс орындарын аттестаттаған кезде гигиеналық еңбек жағдайларын бағалау арқылы жүргізіледі. Оны еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың гигиеналық өлшемшарттары бойынша жүргізеді. Оның үстіне кәсіптік аурулардың түрлі үлгілер бойынша шуылдан, тербелістен, шаң мөлшерінен туындауы ықтимал деген болжал жасауға болады.

Кәсіптік қауіпті түпкілікті бағалау - денсаулық жай-күйінің мынадай көрсеткіштері бойынша жүргізіледі: кәсіптік және жалпы ауру-сырқаулардың деңгейі, төлқұжаттағы жас мөлшеріне, өлім-жітімге қатысты алғанда биологиялық жас мөлшерінің ұлғаюы. Бұл жағдайда денсаулық сақтау, ағзаның функционалдық қабілетін қорғау, алдағы өмір сүру ұзақтығы және келешек ұрпақтың салауаттылығы еңбек жағдайларының қауіпсіздік өлшемшарттары болып табылады.

Кәсіптік қауіпті бағалаудың түрлері

Slide 12

Топтық қауіп - бір жылдағы немесе жұмыс өтілі барысындағы еңбек жағдайларының жағымсыз салдарының жұмыскерлер тобына бір уақытта әсер ету ықтималдығы.

Жеке қауіп - нақты бір жылдағы немесе жұмыс өтілі барысындағы еңбек жағдайларының әсерінен топтағы бір адамның зардап шегу ықтималдығы. Бұл мамандықтағы кәсіптік аурудың орташа даму мерзімінің жартысынан асатын жұмыс өтілі аса күшті қауіп факторы болып саналады.

Кәсіптік қауіп түрлері

Slide 13

Қазіргі өркениетті елде, ірі мемлекеттерде заманауи басты мәселелердің бірі - адам факторы. Өйткені адам - мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан да адам денсаулығын сақтау қоғаиның тұтастай макрожүйесінің басты, негізгі және жүйе құраушы факторы болып табылады. Еңбек ету шарттарының өз деңгейінде орындалмауынан қолайсыздықтың тууы, қол күшімен атқарылатын ауыр жұмыстар ауқымының ұлғаюы, еңбек және демалыс тәртібінің бұзылуы, аурудың алдын алу бойынша профилактикалық медициналық тексерулердің сапасы мен қамту көлемінің төмендігі, медициналық-санитариялық бөлімдер меен бекеттердің, профилактикалардың жаппай жабылуы, жойылуы, бұрынғыдай жұмысшылардың шипажайларда, сауықтуру орындарында, жылына бір рет демалып, күш-қуат жинап, денсаулығын қалпына келтіруге жағдай жасалынбауы кәсіби аурулардың бел алуына және түрлң аурулардың асқынуына, өзге де аурулардың пайда болуына мүмкіндік асап, аурушаңдыққа алып келеді. Жалпы кәсіби аурулардың ішінде әсіресе жұмыс істеу қабілетін уақытша жоғалту жоғары деңгейде қалып отыр. Ал бұд біздің қоғам үшін ойланатын, шешімін табуға тиіс жағдай.

Қорытынды

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Кәсіби аурулар жиынтығын сипаттайтын
Генетикалық зерттеулер
КӘСІПТІК АУРУЛАР
Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері
КӘСІБИ АУРУЛАР
Кәсіби аурушаңдықты алдын алу шаралары
Вибрациялық ауру
Экогенетика және фармакогентика негіздері
Жалпы тіл кемістігі
Індеттанулық балау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz