Шошқаларды ұстау жүйелері



С. Сейфуллин атындағы
Қазақ агротехникалық университеті
Орындаған: 16-03”А” топ студенттері
Мылтықбаева Г. А.
Жұмабекова Л. Т.
Тексерген: Ветеринария ғылымдарының магистрі,
“Ветеринарлық санитария”
кафедрасының ассистенті
Мұсагиева Д. Қ.
Астана-2018
Шошқа гигенасы

Жоспар:

КІРІСПЕ
Шошқа малдарына арналған фермаларда, əсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы жəне арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық жəне зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мəдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету. Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мəдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сəйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен жəне ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған жəне автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т. б. ұйымдастыру жəне ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы əсерлер тигізеді. Сондықтан жəне гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі жəне сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.

Өндірістік процесстері жоғарғы дәрежеде механикаландырған және автоматизацияланған, өнім алынуы толық аяқталған циклмен жүргізілетін шошқа шаруашылықтарын ірілендірілген шошқа комплекстері деп атайды.
Мұндай комплекстердің негізіне шошқа еттерін үздіксіз (поток) өндіру технологиясы жатады. Ол кездерде малдарды технологиялық циклге байланысты бір орыннан екінші орынға, немесе бір қорадан екінші қораға ауыстырып отырады
Малдарды жұқпалы аурулардан сақтандыру үшін, оларды комплекстерде бөлектенген секцияларда ұстайды да, орын алмастыру кездерінде жасалған жоспар бойынша әр секцияны тазалап, дезинфекциялаудан өткізіп отырады.

Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне жəне бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.



Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0, 8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1, 2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады.

Ірілендірілген шошқа комплекстерінде әр өндірістік топтағы шошқаларды жеке қораларда ұстайды.


Қабандардың қораларында станоктарды екі қатарлы орналастырып, ұзын қабырғалармен аралығына ені 1 м жол тастап, ал ортадан азық таратып, көң тазартатын ені 1, 4 м кем емес, жол қалдырады. Негізгі қабандарды жекелеп, жас өнімдіктерін шағын (3-4) топпен станоктарда ұстап, олардың едендерінің ауданын әр басқа шаққанда жеке ұстағанда - 7, топтап ұстағанда - 2, 5 м² қаралады. Қабандарға арналған қоралар жарық болуы керек. Қараңғыда аталық шошқалардың ұрығының сапасы төмендейді.

Буаз және қысыр мегежіндердің қораларын жекелеме және топтап ұстауға арналған станоктармен жабдықтайды. Аналық шошқаларға арналған станоктардың екі жанындағы қабырғаларының 1/3 бөлігі тұтас, ал қалған жағы төркөзді болып, көң түсетін арықтың үсті жабылған еденінде тұрады. Станоктың тұтас қабырғалы бөлігінің едені жылыланған таза болуы керек. Шошқаларды топтап ұстуға арналған станоктың ені (тереңдігі) 3, 5 м артық болмай, әр станокта 10 бастан көп емес қысыр немесе жеңіл буаз аналықтар орналастырып, әр басқа 1, 8-2 м² еден ауданы есептеледі.

Аналық шошқа қоралары
Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.

Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде «Лузинский», ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.

Енесінен айырған торайларға арналған қоралар - тұқымдық және өнімдік фермаларда, оларды 25-30 бастан топтап ұстауға арналып салынады. Кейбір фермаларда енесінен айырған торайларды ұялы түрде ұстайды (бір ұядағы торайларды жеке станокта) . Енесінен айырған торайларды ірі топпен ұстаған кездерде елеулі мөлшерде өсу салмағы төмендейді. Сондықтан енесінен айырған торайларды үш ұядан артық қоспай, яғни 15-25 бастан артық бір станокқа топтамау қажет. Шағын фермаларда 0, 35 м², тұқымдықтарда - 0, 4 м² әр басқа есептеп орналастырады. Азық науаларының әр басқа ұзындығын 20 см есептеп алады.

Жас шошқаларды клеткалы батареяларда жетілтіп өсіру
Клеткалы - батареяларда торайларды өсіріп-жетілдіру екі сатыда жүргізіледі: біріншісі торайларды 4-10 күндіктен 30-35 тәуліктік жасына дейін, екіншісі - 30-35 тен 90-105 күнге дейін жүргізіледі.

Өнімдік жас шошқаларға арналған қораларды, фермалардың қуаттылығына байланысты сиымдылығын, белгілеп ішіне екі, төрт қатарлы станоктар орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта 10-30 басқа дейін топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда ауданы 0, 7-0, 8 м², ал тұқымдық малдарға - 1 м² дейін есептеледі. Станоктардың тереңдігі (ені) және ұзындығы 3, 5 м болады. Азық науалары әр басқа шақанда 0, 3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
Шошқа қорасының ауа температурасы 16-18ºС болуы керек. Ауа температурасы жоғары болса (30-35º) ұрғашы жас шошқалардың жыныс күйті шағылысуға уақытында келмей тежеледі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz