Қазақ агротехникалық университеті


Slide 1

С. Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

Морфология және физиология кафедрасы

Астана-2017 ж.

Түйе

Орындаған: 203 топ студенттері

Мылтықбаева Г. А.

Сейсенбаев Н.

Жумабекова Л.

Тексерген:Ахметжанова Н. Б.

Slide 2

Жоспар

Slide 3

Түйелер (лат. Camelus) - сірітабандылар отряд тармағының түйетәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі ірі жануарлардың бір туысы.

Түйелер шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы.

Slide 4

ТҮЙЕ

Қос өркешті түйе

(Бактрия түйесі)

Бір өркешті түйе

(дромедар),

Негізгі өсірілетін жерлері:

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Астрахан, Сталинград, Саратов және Чита облыстары, бұрынғы КСРО-да мұның Астрахан түйесі, Қазақстан түйесі, моңғол түйесі деп аталатын негізгі үш тұқымы өсіріледі

Түрікменстанда, көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанның оңтүстік аудандарында және Қазақстанның кейбір жерлерінде өсіріледі. Ең көп өсірілетін жері - Қарақұм.

Slide 5

1. Жалғыз өркешті түйе - аруана (ғылыми тілде дромедар)

Жаздың ыстығы мен құрғақшылық жағдайларына көнгіш түйелер. Аруана түйелерінің ұрғашысы - мая 3 жасында, еркегі − нар 4, 5 жасында шағылысқа түседі. Олардың денесі жинақы, шомбал, шымыр біткен, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын, салмақтары орташа және ауыр жүк артатын түйелер түрлеріне жатады.

Жалғыз өркешті түйе

Азия аруана тобына Үндістан, Аравия, Персия, Түркімен түйелері жатады.

Түркімен аруанасы Түркіменстанда, Өзбекстанда, Қарақалпақ автономиялық республикасында және Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі.

Slide 6

Қос өркешті түйе - қазақы түйе (ғылыми тілде бактриан)

Республикада өсірілетін түйе тұқымының ішінде ең бағалы - қазақы түйе табиғи сұрыптау және халықтық селекция жолымен шығарылған. Оның ерекшелігі, әрі артықшылығы жергілікті жердің табиғатына бейімделуінде. Дене бітімдерінің мөлшеріне, өнімділік қасиеттеріне байланысты үш аймақтарға бөлінеді:

Орал-Бөкей;

Қызылорда;

Оңтүстік Қазақстан.

Slide 7

Орал -Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында шоғырланған. Бұл - қазақы тұқым түйесінің ішіндегі ең ірі типті түйелер.

Қызылорда типі қазақы түйелер Орал-Бөкей типті түйелерден кішірек, дене құрылысы тығыз және пропорциялы, сирақтары біршама қысқа, кеудесі терең, тұрқы сәл ұзындау болып келеді. Бұл типті түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шоғырланған.

Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер жоғарғы екі типтен де кішірек, Республикада өсірілетін түйенің ішінде ең бағалы - қазақы түйе, табиғи сұрыптау және халықтық селекция жолымен шығарылған, бойлары жатағандау, дене құрылысы жеңілдеу, кеудесі тарлау, тұрқы қысқа. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі.

Slide 8

Түйенің ерекшеліктерінің бірі - бір немесе екі майлы өркешінің болуы. Сол себепті түйенің арқасы тегіс болмай, доға сияқты дөңес келеді. Бактриан түйесінің өркештері жұмыр жән тіп−тік тұрғаны−оның денсаулығының дұрыстығын көрсетеді. Түйенің өркешіндегі майы әбден еріп барып, оттегімен араласады да, ылғалға айналады. Егер түйе айлар бойы су ішпей жүре берген жағдайда өркеші де бірте − бірте қатып − семіп, кішірейе түседі.

Ауамен бірге ылғал аз шығуы үшін түйе барынша сирек тыныс алуға тырысады. Ол минутына сегіз рет қана, тіпті аспан айналып жерге түскен аптап ыстықтың өзінде он алты рет қана дем алады. Ал сондай жағдайда өгіз 250 рет, ит 400 рет дем алады.

Түйенің экологиялық ерекшелігінің бірі - оның шөл, шөлейт жерлердің қатал қысы мен аптап ыстығына мойымайтындығы, өте шыдамдылығы, төзімділігі. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды.

Салт мінген түйе сағатына 10-15 километр жер жүріп, күніне аялдамастан 100 шақырым жер жүріп өтеді.

Slide 9

Түйелерді жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды-кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жиналады. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биол. ерекшелігі - қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ Түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын-шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Өркештеріне 100-150 кг

мөлшерінде май жинайды

Slide 10

Түсі қоңыр және қара қоңыр болып келеді, бірақ кейде қуқылсары және ақ түстілері де кездеседі. Қалмақ түйелерінің бураларының тірілей салмағы 650-700 кг, інгендері 600-650 кг тартады.

Бураларының биіктігі 191 см, тұқымының ұзындығы 165 см, кеуде орамы 241 см, жіліншігінің орамы - 25, 4 см. Ал інгендердің өлшемдері тиісінше 181, 172, 255, 20, 9 см.

Slide 11

Ұзын, әрі қалың кірпіктері қатты желді күндері оның көзіне құм түсірмейді. Қатты құмды борасын кезінде дем алуы қиындаған жағдайда түйе кеңсірігін толығымен жауып алады. Бұлшық етті танауының толық жабылу қабілетінің арқасында түйенің мұрын қуысына құм кірмейді.

Түйелердің жасын тісіне қарап анықтайды. Түйенің отыз төрт өткір тісі болады. Сегіз жастан бастап барлық тістері тұрақты. Түйенің үстіңгі ерні екі айырылып біткен, соған қарамастан өте икемді. Аузының кілегей қабығы қатты бүрлермен көмкерілген.

Түйелер 40 - 45 жылға дейін тіршілік ететіндігіне қарамастан, тістері түсіп, өнімділік қасиеттерінің төмендейтігіне байланысты негізінен 20-22 жасқа дейін ғана ұсталады.

Slide 12

Түйенің тұрқы қысқа және сирақтары биік. Олардың сандары бос және қозғалмалы болады. Тұрқының қысқалығы белгілі бір мөлшерде мықты, ұзын және жақсы қозғалатын мойынмен толықтырылады.

Түйенің тек қана үшінші және төртінші дамыған башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Сирақтары екі айрық табанына келіп тіреледі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған, сондықтан көнтабандылар деп атайды. Аяқтарының мұндай бітімі түйенің сусыма құм мен борпылдақ қарда еркін жүруіне мүмкіндік береді.

Slide 13

Түйе - жайылым малы, ол түнде жусап, күндіз оттайды. Сораң, жусан, бұршақ -астық тұқымдас шөптерді, бұта бастарын жеп қорек етеді.

Басқа малға қарағанда түйенің ас қорыту жолдары. Қарыны 3 бөліктен - үлкен қарыннан, тақия қарыннан және ұлтабардан тұрады. Үлкен қарында азық ашиды да, клетчатканың жақсы қорытылуына себепші болады. Үлкен қарынның екі томпағы бар, оны «су дорбашығы» деп те атайды. Басқа түліктерге қарағанда тұзды әлдеқайда көп керек етеді, судың ащысы да оған пайда болмаса зиян емес. Суды пайдалану жағынан басқа малдан әлдеқайда басымырақ болуы.

Slide 14

Түйелерде екі жылда бір рет бір бота туады. Жаңа туған ботаның салмағы 51 кг немесе анасының салмағының 7 пайызына ғана тең болса да, ол бір жылдың ішінде 5 есе көбейіп, 250-260 кг жетеді.


Ұқсас жұмыстар
ӨСІМДІК ЗИЯНКЕСТЕРІ
ОРМАН МЕЛИОРАЦИЯСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Мұсылман елдеріндегі мәдениет пен дін
КАРТОПТЫҢ САБАҚ НЕМАТОДАСЫ
Биологиялық рекультивация
НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ АЛМАСУЫ
Табын шегіртке зиянкестері
БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРУ
Тағам биотехнологиясы пәні
Сәкен Сейфуллин Наурыз
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz