Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері


Slide 1

«Ғылым тарихы»

Slide 2

Ғылымныӊ пайда болу мәселесі;

Ғылымныӊ пайда болуының негізгі кезеңдері;

3. Ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда

болуының алғышарттары туралы

4. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы.

5. XX ғ. ғылым философиясының дамуы

ЖОСПАРЫ:

Slide 3

Ғылым тарихы - ғылыми білімнің тарихи дамуын зерттеу болып табылады.

Ғылымның дамуы адамзат ақыл-өрісініӊ, жалпы интеллектуалды дамуының қалыптасуыныӊ бір ажырамас бөлігі болды. Сол себепті ғылымның дамуы келесі процесстермен тікелей байланысты:

-сөйлеу қабылетінің қалыптасуы;

-есептеудің дамуы;

-өнердің пайда болуы;

-жазудың қалыптасуы;

-Әлемнің құрылысы туралы дүниетанымдықтыӊ қалыптасуы (миф) ;

-философияның пайда болуы.

Slide 4

Ғылымның тарихи уақыты туралы мəселе бірнеше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді жəне күшсіз болуы мүмкін, себебі, əр ұсынылған нұсқада тарихи уақыттың əсерімен ғылым өзгеше сипатталады.

Кейбір ғалымдар антикалық ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір /мысалы, Евклид геометриясы/. Алғашқы натурфилософтар /Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар» /көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.

Slide 5

Басқа еӊбектерде антикалық ғылымның ежелгі түрі - мысыр өркениеті туралы айтылады. Б. д. д. 4 мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениетінде математика, медицина, география, химия, астрономия салаларын терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдер ақырында Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон, Ежелгі Грекия мен Римнің білім үрдісіне əсер еткені айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр - ең ежелгі антикалық ғылым түрінің иесі.

Тағы бір нұсқа - ғылымның соңғы орта ғасыр мəдениетінде пайда болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада /12-14 ғғ. / соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископы Роберт Гроссетест /1175-1253 жж. / пен ағылшын францискан монахы Роджер Бэконның /1214-1292 жж. / қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған.

Slide 6

Ежелгі əлемнің архаикалық білімі немесе ғылымның қалыптасу қарсаңы - бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берген білім. Астрологияның, Евклидке дейінгі геометрияның, жазудың, нумерологияның қалыптасуы.

Антика ғылымы - алғашқы ғылыми теорияларыныӊ қалыптасу кезеӊі (атомизм) және алғашқы ғылыми трактаттардың жазылуы, мысалы Птолемей астрономиясы, Теофраст ботаникасы, Евклид геометриясы, Аристотель физикасы.

Орта ғасыр ғылымы - орта ғасырдағы ғылымның қалыптасуыныӊ мысалы болып Жабир ибн Хаиянның алхимиясы болып табылады.

Ғылыми төңкеріс және классикалық ғылым - Галилео Галилейдің, Исаак Ньютонның, Карл Линнейдің еңбектерінде ғылымның қазіргі мағынасында қалыптасу кезеӊі.

Постклассикалық /классикалық емес/ ғылым - классикалық рационалдықтың дағдарыс кезеңінің ғылымы: Дарвинның Эволюциялық ілімі, Эйнштейннің Салыстырмалылық теориясы, Гейзенбергтің Анықталмағандық принципі, Үлкен жарылыс гипотезасы, Рене Томның қирау теориясы, Мандельброттың фракталды геометриясы.

Ғылымныӊ дамуының негізгі кезеңдері:

Slide 7

Үндістан, Парсы елдері, Мысыр және т. б. пайда болғаны белгілі. Әдебиетте қоғам өмірінің көпшілік салаларында, атап айтқанда, жер өңдеу, ертедегікәсіппен айналысу, сауда-саттық, қару жасау және басқа салаларда б. з. д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады. Солай болса да, ғылымның шығу тегіне қатысты көптеген авторлар ғылымның пайда болуын грек мәдениетімен байланыстыра келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады. Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық белсенділіктің (оның ішінде ғылымның да) тереңде жатқан тамырлары тәжірибеден, қоғам алдында үздіксіз туып отыратын нақты өмірлік мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен өзендердің жайылуы және кең алқаптарды су басып жататыны адамдарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. Геометрия бастаулары осылай пайда болды. Сауда-саттықтың өркендеуі сол бойда үлкен сандармен шұғылдануға келтірді, сөйтіп, математиканың дамуына себеп болды. Астрономия туралы алғашқы білімдер де (көшпенділік, сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орналасуына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және т. б. сол уақытта дами бастады.

Ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда

болуының алғышарттары туралы

Slide 8

Мысалы, Мысырда б. з. д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе

бойынша есептеуді білген, жазу-сызудың шыққанын да сол кезеңге

жатқызуға болады. Мысыр пирамидалары көптеген геометриялық,

математикалық ұғымдардың сол кездің өзінде-ақ айтарлықтай

дамығанын көрсетеді. Ол пирамидалардың ішіндегі ең биігі - Хеопс

пирамидасын алып қараңыз: ол өзінің алдыңғы орнын 1889 жылы,

Эйфелев мұнарасы пайда болған кезде ғана беріп отыр. Немесе Ұлы

Вавилонды - ежелгі «Әлем астанасын» (басқа атауы - «Баб Эл -

Құдай қақпасы») қараңыз. Ол туралы хикаялардың тіпті қазіргі заман

адамының да қиялын қобалжытатыны сөзсіз. Сөйтіп, Геродот бойын-

ша, ол қаланың жалпы аумағы 60 миль (квадраттың әр бетіне 15 миль-

ден келеді) құрайтын. Қабырғаларының үстіне 250 мұнара орнатылған.

Қаланың ішіне жезден құйылып салынған жүздеген қақпа арқылы

кіруге болады.

Slide 9

Тарихшылар әлемдік тарихтың Орта ғасырларына Батыс-Рим империясының құлауынан (V ғасыр) бастап, Қайта өрлеу дәуіріне (XIVXVI) дейінгі кезеңді жатқызады. Бұлайша жіктеудің негіздемесіне өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту салынады. Философтар есепті христиандықтың пайда болуынан (I ғасыр) Қайта өрлеу дәуіріне дейін жүргізе және рухани хал-ахуалдың өзгеруі негізіне пұтқа табынушылықтан (көп құдайға табынушылыққа негізделген діннен) монотеизмге (бірқұдайлыққа) өтуді сала отырып, біршама басқадай көзқарас ұстанады. Алғашқысы, яғни тарихшылардың көзқарасының кеңірек таралғанын айтқан жөн. Бірақ бұл аса маңызды емес. Маңыздысы, біздің көзқарасымыз бойынша, сол уақытта қоғамда не болғанын, қандай экономикалық, саяси, дүниетанымдық факторлар жаңаның пайда болуын тудырғанын түсіну немесе, голландық тарихшы Йохан Хёйзинганың (1872-1945) сөздерімен айтқанда, «шұғыласы кейіннен өзінің толық жарқырап көрінуіне жеткізген тұрмыс салтының сол жаңа идеялары мен формаларының қалай туғаны және гүлденгені» маңыздырақ.

Slide 10

Жаңа дәуірдің I ғасырына қарай Ертедегі Грекия мен Ертедегі Римнің қандай рөлі болғанын еске түсіріп көрейік. Сол уақытқа қарай Грекия өз ықпалынан толықтай айырылып болды, грек демократиясының дағдарысы ұлы өркениет тап болған шыңырауға әкеп соқтырды. Римде бұл дағдарыс шын мәнінде үздіксіз болды, ал б. з. д. I ғасырдың соңына - біздің заманымыздың I ғасырының басына қарай оның ушыққаны соншалық, барлық таптар ішінде «ақырзаман» орнайтындай күйге жеткізді.

Slide 11

Ғылым мен техникада да өзгерістер орын алды. Қытайда VI ғасырдан бастап фарфор өндірісі дамыды, ал 1041 жылы алғашқы баспа станогы пайда болып, шарап спирті өндіріле бастады. Солернода (Италия) 1010 жылы алғашқы медициналық мектеп ашылды.

XII ғасырдан бастап темір соқа шығып, енді жер өңдеу түбегейлі жақсарды. Жел тиірмендері, сәл кейін су тиірмендері ойлап табылды. XIII ғасырдан бастап адамдар көзәйнектердің шыныларын тегістеуді үйренді, оқ-дәрі пайдаланылатын құралдар пайда болып, механикалық сағаттар жасалды. Университеттердің ашылуы тамаша жаңалық болды. 1215 жылы Париж университетінің Жарғысы жарияланып, кейіннен Падуа, Болонья, Флоренция, Оксфорд, Прага университеттері (салыстырыңыз: Ресейде - 1725 ж., Қазақстанда - 1934 ж. ) есіктерін айқара ашты. Осы фактілердің барлығы Орта ғасырларда қоғамның қарқынды дамығанын дәлелдейді.

Slide 12

«Ғылым тарихы мен философиясы» Батыс Европада XIX ғасырдың 30-жылдарында дүниеге келген позитивизм емес. Өйткені позитивизм (лат. рositivus «оңды», «дұрыс» деген сөз) ұғымы философияның методологиялық, дүниеге көзқарас ілім екенін мойындамайды. Ол әрбір ғылымның өзіндік философиясы бар, соны білсек, жеткілікті деп, ғылымдар атасы философияны ұсақтап, оның тұтас дүниетанымдық мәнін кетірмек болды. Позитивизм пікірінше философия өмірден алшақ, қоғамға, ғылымдарға тигізер нақты пайдасы белгісіз. Оның орнына нақты ғылымдарды зерттеу дұрыс сияқты. Бірақ, «Ғылым тарихы мен философиясы» позитивизмге қарама-қарсы ілім.

Мақсат әрбір жеке ғылымдарды бетімен жібермей белгілі

қоғам даму талабына сай бағыттап, жалпы теория

тұрғысынан толықтырып отыру.

Slide 13

ХХ ғ. үштен екі жартысы - ғылым философиясының дамуында эпистемологиялық мəселелердің өзектілігінің белгісі. Ғасырдың басында ұсынылған ғылыми білімнің унификациясы оның əлеуметтік-мəдени қалыптасу себептерімен жоққа келтірілген, верификация мен фальсификация принциптері бір-бірімен қайшылықта, түбінде логикалық ойлау өзектілігін жоғалтты. Осы ғылым философияның үшінші кезеңінен тіл туралы танымның бейтараптық қаруы деген ұстаным пайда болды; сөйлемдер мен терминдер экспериметтің нəтижелеріне барабар (бірдей) деп қабылданды. Осы позицияны керемет тұжырымдаған, ғылым философиясының постаналитикалық кезеңінің өкілі Ричард Рорти: «Тілдің ерекшелігі оның тəжірибенің нəтижесін өзгерту де емес, немесе біздің санамызға жаңа келешекті ашуда емес, немесе бейсаналықты синтездеу де емес, немесе ішкі өзгерістердің жаңа түрін шығару да емес. Тілмен бірге біз бір-бірімен дəлелделген тұжырымдар мен пікірлермен алмасу арқылы қоғамға кіруге рұқсат аламыз»

XX ғ. ғылым философиясының дамуы

Slide 14

Ғылым философиясының үшінші кезеңі оның рефлексивтік талдаудың жаңа тақырыптары мен қоса: 1) ғылымның мағыналық талдаудан А. Пуанкаренің ұсынған конвенциализм принципімен бірге ғылым тілін талдауға қадам жасалды, жəне тілге бір ортақ өлшем - унификация - яғни символикалық логиканың күшімен, физика тіліне негізделіп бəріне лайық тіл қалыптастыру; 2) неопозитивистермен ұсынылған ғылым тілінің анализі ғылым философиясының үшінші кезеңінде үстемді болды, сол себепте осы кезең аналитикалық атау алды. Ғылым тілінен «ғылыми емес пікірлер» жойылып, ғылым өзі физика тілінің негізінде қатал нормативті, унификациядан өткен зерттеулер жасайтын болды; 3) өзекті түрде ғылыми зерттеудің логикасы туралы мəселе қосылған соң, Поппердің ғылыми білімнің өсуі деген концепция маңызды орын алды. Ғылым тілінің талдау бағдарламасы, «лингвистикалық бұрылыс» Вена ұжымының қызметінде айқын көрсетілген; бұл ұжым 1922 ж. Вена университетінде Мориц Шликпен (1882-1936 жж. ) индуктивтік ғылымдардың философиясы атты кафедраның шеңберінде өткізілген ғылыми семинардың негізінде құрылды. Зерттеушілердің пікірінше, Вена ұжымы үшін қасиеттілік аргументке берілген (ағыл. «қатал пікір талас») . Осында біз фальсификация қағидасының бейнесін табамыз

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Жасушалық белсенділіктің негізгі көріністері
Антика ғылымы
СТАТИСТИКА
Ауыз қуысының дисбактериозы. Түзілу себебі. Халитозис. Алдын алу және емдеу. Ауыз қуысы инфекция қақпасы ретінде
МИКОРОБИОЛОГИЯНЫҢ ТАНЫМАЛ ҒАЛЫМДАРЫ
Жұмыртқа жасушасы
Ойылуға анықтама
Қазақстанның тас дәуірінің кезеңдері
Пиктографиялық жазу
Нозология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz