Қызбаның сатылары




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Аграрлық факультет

СӨЖ
Тақырыбы: Қызба

Орындаған: Мұқашева А.Б
Тексерген: Нуркенова М.К.
Тобы: ВМ-701
Жоспар:
I. Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Қызба
IV. Қорытынды
V. Ұсынылатын әдебиеттер
Кіріспе

Қызба (лат. fеЬгіs) - деп жануарлардың даму сатыларында
пайда болған, дене қызымының көтерілуімен көрінетін, әрі
бүліндіргіш, әрі қорғаныстық-икемделістік құбылыстармен
сипатталатын біртектес дерттік үрдістерді айтады. Бұл кезде
пирогендік (грек. ругеtоз — ыстық, ... ген-туындататын)
заттардың әсерлерінен термореттеу орталықтары әрекеттерінің
өзгеруі дене қызымының көтерілуіне әкеледі. Қызба кезінде
термореттеу тетіктері бұзылмай сақталып, жоғары деңгейге
көтеріледі.
Қызба гипоталамустық терморегуляторлык
орталықтарға эндогенді пирогендердің - төмен
молекулалы нәруыз болып табылатын цитокиндердің
әсер етуі нәтижесінде дамиды. Цитокиндердің түзілуі
бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар бөліп
шығаратын және тіндердің ыдырауы кезінде бөлініп
шығатын өнімдердің әсерінен күшейеді. Цитокиндер
«орталық термостаттың» шүріппесін жоғарырақ
деңгейге ауыстырып койғандай болады. Соның
салдарынан жылудың өндірілуі артады жэне жылудың
шығарылуы тері перфузиясының азаюы есебінен
төмендейді
Қызба жануарлардың даму сатыларында
қабынуға қарағанда біршама кеш пайда болатын
үрдіс. Ол орталық жүйке жүйесі жақсы дамыған
және термореттеу қызметі қалыптасқан
жануарларда ғана дамиды.
Қалыпты жағдайдағы
малдардың дене температурасы

37,5 – 39,5 С

37,5 – 38,5С

38,5 – 40С
38,5 – 40С

40 - 42С

37,5 – 39С

37,5 – 39,5С
Этиологиясы. Қызба пайда болу себептеріне қарай
инфекциялық және бейинфекциялық болып екіге бөлінеді.
Инфекциялық қызба бактериялардың, вирустардың, қарапайым
жәндіктердің, майда саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды.
Бейинфекциялық қызба тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және
ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік,
жарақат, инфаркт, қан қүю, ішке қан қүйылу, аллергия, өспе өсуі,
цирроз т. б. жатады.
Қызбаның даму жолдарында пирогендік заттар маңызды орын
алады. Олар экзогендік және эндогендік (лейкоциттік) болып екіге
бөлінеді. Экзогендік пирогендер деп микробтардың тіршілігінен
немесе олардың ыдырауынан пайда болатын заттарды айтады
Мида жылылық орталығы алдынғы
гипоталамуста орналасқан.

• Қызуды сезетін аймақ (термостат)
• Қызуды орнықтыратын аймақ
(орнықтыратын нүкте)
• Жылуды өндіру және оларды сыртқа
шығару
Қызбаның сатылары

Температураның көтерілу сатысы
Температураның жоғарғы деңгейде
тұрақтандыру сатысы
Температураның қалыпты деңгейде сақталуы
Температураның көтерілу
сатысы
Қызба кейде температураның жоғары деңгейге кенет, бірнеше
сағаттың ішінде, тез, кейде біртіндеп, бірнеше
күннің ішінде көтерілуімен
басталады. Бұл кезде организмнен жылудың сыртқа
шығарылуы шектеледі де, денеде жылу өндірілу
одан басым болады. Шеткі қан тамыр
тамырларының жиырылуынан және тер шығудың
тежелуінен жылудың сыртқа берілуі төмендейді.
Температураның жоғары деңгейде
тұрақтану сатысы

Қызбаның 1-сатысынан кейін дене
қызымы белгілі деңгейге көтеріліп, сол деңгейде
біршама уақыт тұрақтанып тұрады. Бұл кезде
жылудаң сыртқа шығарылуы да жоғарлайды; тері
қызарып, ысыйды, тыныс алу жиілейді
Температураның қалыпты
деңгейге түсу сатысы
Қызбаның бұл сатысы жылудың сыртқа
шығарылуының жылу өндірілуден басым болуымен
сипатталады. Осының нәтижесінде дене қысымы
қалыпты деңгейге дейін төмендейді. Организмде
жиналған жылу тері тамырларының кеңуі, терлеу мен
тыныстың жиілеуі арқылы сыртқа шығарылады.
Температураның түсуі екі жолмен болуы
ықтимал:
1.біртіндеп, лизистік (бірнеше тәулік ішінде)
түсуі;
2. күрт (кризистік) түсуі.
Қызба кезінде зат алмасу үрдістерінің барлық
түрлері бұзылады. Ең алдымен көмірсуларының
алмасуы бұзылады. Бауырда, бұлшық еттерде
гликогеннің мөлшері азайып, қанда гипергликемия
дамиды. Артынан көмірсуларының организмде
қоры азаюына байланысты майлардың
пайдаланылуы артады.
Май қышқылдарының тотығуы аяғына дейін
жүрмей, аралық өнімдері жиналып қалады, олар
несеппен сыртқа шығарыла бастайды. Егер еті
ысыған адамға жеңіл қорытылатын көмірсулардан
жеткілікті мөлшерде жіберсе, онда май алмасуының
бұзылыстары қалпына келеді.
Қорытынды

Қызба- патогенді тітіркендіргіштердің
әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене
қызуының әкелетін, организмнің көтерілуше
табиғи реактивтілігін күшейтетін
терморегуляция үдерістерінің
өзгеруімен сипатталатын организмнің қорғаныс
бейімделу реакциясы.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Мырзабекова Ш.Б. Ветеринариялық вирусология.
Алматы ,2004
2. Сайдулдин Т.С Ветеринариялық індеттану,1-2
кітап.Алматы,1999
3. Булашев А Иммунология, Астана,2002

Ұқсас жұмыстар
Қызба
Қызба патогенезі және қызба сатылары
Қызба және оның сатылары
Инфекциялық қызба
Жылу алмасу және Қызба
Жылу алмасу.Қызба
Жылу алмасуды реттеу
Қызба (лихорадка – латынша febris)
Жылу реттеу патологиясы
Сүлікпен емдеу
Пәндер