Тітіркендіргіш дәрілік заттар


Slide 1

Тақырыбы:Жұмсартқыш дәрілік заттар.

Тітіркендіргіш дәрілік заттар.

Қақырық түсіретін дәрілік заттар.

Құстыратын дәрілік заттар.

Руминаторлық дәрілік заттар

Қазақстан Ресрубликасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті Аграрлық факультеті

СӨЖ

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Жұмсартқыш дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.

Тітіркендіргіш дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.

Қақырық түсіретін дәрілік заттар, өкілдері, әсер ету ерекшеліктері.

Құстыратын дәрілік заттар. Негізгі өкілдері. Әсер ету ерекшеліктері.

Руминаторлық дәрілік заттар, өкілдері, әсер ету ерекшеліктері.

ІҮ. Пайдаланылғаг әдебиеттер

Slide 3

Жұмсартқыш дәрілік заттар

Жұмсартқыш дәрі - дәрмектер (Emollientia) қабынған ұлпалардың кенулігін төмендететін, оларды сыртқы тітіркендіргіштерден қорғау үшін қолданылатын майлар және май тәрізді заттар. Оларды неғұрлым теріні жұмсарту, ал ойық жараға айналғанда, күйікте және жарақаттануда сыртқы ортаның жағымсыз әсерінен сақтандыру және жазылу процесінжеделдету үшін теріге жағады. Жұмсартқыш заттарды сүртпе май, паста, линименттер үшін негіз ретінде қолданады. Негіз ретінде оларды тек терінің бетіне әсер ету үшін ғана емес, сонымен бірге кейде дәрілік заттардың сіңіп терең қабатқа енуі үшін де пайдаланады. Жұмсартқыш заттар мал, өсімдік және минералдық заттардан алынуы мүмкін.

Slide 4

Негізгі өкілдері

Ланолин

Зығыр майы

Вазелин

Парафин

Тазартылған шошқа майы

Зәйтүн майы

Slide 5

Ланолин

Қойлардың жүнін жуған судан бөлініп алынатын май тәрізді зат. Суда ерімейді, эфир мен хлороформда жақсы ериді. Тұрақты, жылдар бойы сақтауға болады. Сусыз ланолин өзінің май тәрізді консистенциясын өзгертпей суды бойына сіңіретін қасиеті бар.

Зығыр майы

Oleum Lini. Бұл май дәмді жұмсақ, мөлдір сары түсті, ерекше иісті ұшқыш май. Спиртте аз ериді. Ауада қышқылданып қоюланады. Төмен температураның өзінде сұйық қалпында қалады.

Slide 6

Вазелин

Vaselinum. ; . Олмұнайданалынады. Вазелин 35-40 температурадаериді. Судаерімегенмен, спирттенашар, албензин, . Сары вазелин және ақ вазелин болып екіге бөлінеді

Парафин

Paraffinum. бұл 51-55˚ температурадаеритін, қатты, иіссізжәнедәмсіз, . Ол сусыз (Paraffinum album anhydricum) және судан арылмаған (Paraffinum Solidum) парафин болып екіге бөлінеді.

Slide 7

Тітіркендіргіш дәрілік заттар

Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін (vesicantia) заттар болып бөлінеді. Бұл дәрілердің терапевтикалық құндылығы мынада: олар тері нервтерінің ұштарын тітіркендіреді де, орталық нерв жүйесінің қабілеттілігің, жүректің қызметін, тыныс алуды рефлекторлы өзгертеді, қанмен қамтамасыз етілуді, оның айналымын жақсартады, сол тітіркенген жердің және иннервацияны тітіркенген жерден, немесе сол тітіркенген жерге қатысы бар жұлынның сегментінен алатын ішкі органдардың қорегін жақсарта түседі

Slide 8

Негізгі өкілдері

Қыша қағазы

Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар

Нашатырь спирті

Қос иодты сынап

Slide 9

Қыша қағазы(Charta sinapis) - қағазға жұқалап жағылған майсыз қыша қоспасының ұнтағы, ол мирозин және синигрин гликозид ферменттерінен тұрады. Әсер етуші заттардың ықпалынан ыдырап - өткір иісі бар, шырышты қабатты және теріні қатты тітіркендіретін қыша майының эфирі. Емдік ықпалы терінің жүйке ұштарын тітіркендіру салдарынан рефлекторлы реакциялар пайда болады.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Қабынуға қарсы дәрілер ретінде ( алаңдатушы) тыныс жолдарының аурулары, жүрек соғуы, невралгия, миалгия және т. б. аурулар кезінде қолданылады. 4-5 қыша қақазды күніне 1 рет. Эфирлі қышы майын 2% спирттік ерітінді түрінде жергілікті тітіркендіруші және алаңдатушы заттар ретінде қолданады.

Slide 10

Терпентиннің тазаланған майы(Oluеm Terebinthinaе rectificatum) скипидар - эфирлік май. Бұл кәдімгі қарағай бүршігін айдаудан алған өнім, тері арқылы өтіп, сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді, ауыруды басатын (алаңдатушы) және антисептикалық әсер көрсетеді. «Финалгон», «Капсикам» майларының құрамына кіреді.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі. Бұл заттардың екі мақсатта қолданады: біріншіден, жарақаттанған жердегі ауырсынуды басу үшін, яғни көңілді басқаға аудару, екіншіден, патологиялық үрдіс кезінде ішкі денедегі трофиканы жақсарту үшін. Невралгия, радикулит, миалгия, аяқ-қол қақсағанда, миозитте, полиартриттерге, сонымен қатар бумен дем алу үшін ірінді бронхитте, бронхоэктазияда қолданылады

Slide 11

Қақырық түсіретін заттар

Бұл дәрілер бронх шырышының секрециясын күшейтіп, қақырықтың жөтелмен бөлінуін жеңілдетеді. Қақырық түсіретін дәрілер жыбырлатқыш эпителий белсенділігі мен бронх бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қақырықтың түсуіне алып келеді. Қақырық көбірек, сұйығырақ болып қабынған шырышты бүркеп, сыртқы тітіркендіргіштен қорғайды да, ол қабыну процесінің төмендеуіне алып келеді.

Қақырық түсіретін дәрілер қабынумен жүретін бронх-өкпе ауруларын, бронхиалды обструкция синдромын кешенді емдеу үшін қолданылады.

Қақырық түсіретін дәрілерді өкпе туберкулезінің ашық түрінде, өкпеден қан кетуде, ОЖЖ-ң, жүрек қан тамыр жүйесінің (органикалық) ауруларында, асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруларында қолдануға болмайды.

Slide 12

Негізгі өкілдері

Термопсис шөбі - Herba Thermopsidis

Кристалды трипсин - Trypsinum crystallisatum

Мүсәтір өнім тамшысы

Ацетилцисеин - Acetylcystenium(Б)

Slide 13

Термопсис шөбі - Herba Thermopsidis (Б) : 0, 5-200мл тұнбасы - 1ас қасықтан тәулігіне 3-4 рет тамақтан бұрын белгіленеді.

Мүсәтір өніс тамшысы - Liquor Ammonii anisatus: 25 мл флаконда - 10-15 тамшыдан тәулігіне 3-4 рет белгіленеді.

Кристалды трипсин - Trypsinum crystallisatum:0, 01 құрғақ зат флаконда 2-3мл 0, 9% NaCl еріт. Ерітіп, ингаляциялау үшін белгіленеді.

Slide 14

Құстыратын дәрілік заттар

Құсу актысын сопақ мида орналасқан құстыру орталығы басқарады; ол


Ұқсас жұмыстар
Сезімтал жүйке ұштарының тітіркендіретін заттардың сипаттамасы
Дәрілік заттардың фармакокинетикасы
Дәрілердің ағзада таралуы
Педиатрияда қолданылатын дәрілік препараттар
Кілегейлі заттар
Дәрілік заттарды және негізді дайындау
ЗАТ АЛМАСУДЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ПАРЕНТЕРАЛЬДЫ
ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТІ ПРЕПАРАТТАР
Шырыштар мен шырышты өсімдіктер және шикізат
ЗӘР АЙДАЙТЫН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz