Кесілген орман материалдары
Презентация қосу
“Кесілген орман материалдары”
Тобы: ЛД – 703
Орындаған: Азат Н.
Тексерген: Джаманова Г.И.
Жоспар:
Кіріспе
Орман материалдарының класификациясы
Кесілген орманды материалдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Орман тауар тану пәні әртүрлі орман материалдары мен
шикізат, ағаштан жасалатын бұйымдарды, осы тауар түрінің
сапасын жақсартатын шарттарды талқылап, оларды сақтауды,
сонымен қатар өлшеу, есептеу, маркировка жасау, тасымалдау және
қабылдап – өткізу және тұтынушыларға өткізуді зерттейді.
Орман тауарлары деп ағаштың сүрегі, тамыры және діңімен
механикалық, химиялық, механихимиялық жолмен өңдеу арқылы
алынған шикізат және өнім.
Орман өндірісінен шығарылған орман тауарлары орман
материалдары деп аталады. Орман материалдары ағаштың табиғи
құрылымын және химиялық құрамын сақтайды. Орман
материалдарын құлатылған ағаштарды тігінен және көлденең кесу
арқылы алады.
Орман материалдарының класификациясы
Орман материалдарының классификациясы – тұтынушылардың
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың қажетті
өлшемдері мен сапасына, ағаштың құрылымына байланысты оларды
классқа, класс асты, топтарға бөліп, негізгі белгілеріне
байланыстырып зерттеу.
Орман материалдарын механикалық өңдеуіне байланысты келесі
класстарға бөлінеді:
Шыбықтарды көлденең кесу арқылыалынатын шеңберлі орман
материалдары (құлатылған ағашьың діңі, яғни тамыр бөлігінен, ұшар
басынан және бұтақтарынан тазаланған) қажетті ұзындыққа кесілген;
Кесілген, орман материалдарын көлденең кесу арқылы алынады;
Сыдырылған, арнайы сыдырғыш станоктарды ағашты
спиральбойымен кесу арқылы форматты беттер алынады;
Сүргілеген, орман материалдарын қалыңдығы диаметрінен
аспайтындай жұқа беттер жасау арқылы шпонды сүргілегіш станокта
жасайды;
Шабылылған, ағашты талшық бойымен бөліп жару арқылы;
Ұсатылғанғ ағаштарды ұсатып кесу машиналарынан, фрезерлі
кескіш және стружкалы станоктарда, т.б алынады.
Шыбықтың кесілген бөліктері разметі және қасиеттеріне
байланысьы келесідей тауарлық категорияға бөлінеді: іскерлі
және төмен сапалы ағаштар.
Іскерлік ағаштар деп шеңберлі және жарылған орман
материалдары жатады, отын, ағаш түбірі және технологиялық
жоңқадан басқасы.
Төмен сапалы ағаш – бұл қажеттілікті қанағаттандырмайтын,
яғни стандартқа сай емес шыбықтың кесінділері, бірақ олар
қосымша механикалық өңдеу мен қайта өңдеуден кейін
қолданылуы мүмкін.
Отындық ағаш – бұл ағаштар отын ретінде қолданылатын
суректер.
Номинальды өлшемдер, градация, әдіптер мен шектемдер.
Номинальды деп – стандартты көрсетілген ағаш
ылғалдылығының белгілі бір көрсеткішіндегі сортименттің
өлшемін айтады. Сортименттердің номинальды ұзындықтары әр
түрлі көлемді болуы мүмкін.
Кесілген орманды материалдар
Төрт қыры бар бөрене (брус) – бұл ені және қалыңдығы 100 мм және
одан жоғары болатын ағаш дайындамалары. Фрезермен және кесу
нәтижесінде шыққан, олар екі қырлы, үш қырлы немесе төрт жақты болып
келеді.
Тақтайлар деп – қалыңдығы 100 мм дейінгі және ені одан екі есеге
дейінгі ағаш дайындамаларын айтады. Кесу жағдайына қарай олар кесілген
(обрезной), кесілмеген және бір жағынан кесілген болып келеді.
Төрт қырлы қалыңдығы 100 мм-ге дейін және ені одан екі есе артық
болмайтын ағаш дайындамаларын төртқырлы тақтайларға (бруски)
жатқызамыз.
Кесілген тақтайлар деп – төрт жағы алынған тақтайды айтамыз, онда
кей жағынан тегіс емес жерлері болады, бұл обзол деп аталады. Бұл обзолды
екі жағы алынбаған тақтайшалардан байқауға болады.
Бөренелер дегеніміз – бұтақсыз, қабығымен бірге, не қабықсыз
кесілген ағаш. Жоғары жағының жуандығына (диаметріне)
байланысты бөренелерді: ірі (26 см-ден кем емес), орташа (14-21 см
аралығында) және уақ (8-13 см) деп бөледі. Олар қолданылатын
орнына орай: құрылыста тікелей пайдаланылатын және кесінді
материалдар өндіру үшін қолданылатын деп топтастырылады.
Брустар деп – төрт бұрышты қимасының екі өлшемі де
(қалыңдығы мен ені) 11 см-ден кем емес материалдарды атайды. Олар
төрт жағынан кесілген – төрт (оңалы) немесе екі қарама – қарсы
жағынан кесілген екі оңалы болып, көбінесе қылқан жапырақты
ағаштардан өндіріледі.
Фанера – екі не одан да көп жұқа
ағаш тақтайларды бір-біріне
беттестіріп желімдеу арқылы
алынатын ағаш материал. Фанера
жасау үшін көбінесе қайың, сондай-ақ
қанды ағаш, қарағай т.б. ағаштың
түрлері пайдаланылады. Фанера
тақтайларының қалыңдығы 1-19 мм,
ұзындығы мен ені 725-2440 мм
болады. Фанераның арнаулы түріне
бакелиттендірілген. Фанера сәндік,
фанера профильденген фанера
жатады. Фанера құрылыста сондай-ақ
автомовиль, вагон, кеме және тік ұшақ
жасауда, мебель өндірісінде т.б.
қолданылады
Орман ағаш қоймалары сүрек өңдеу технологиясына сәйкес
жоғарғы және төменгі қойма болып бөлінеді. Жоғарғы қоймалар
бастапқы орман ағаш тасығыш жолдарға жақын, кеспеағашты
лесосека ұйымдастырылады. Сүрек материалдарын салдар жасау
арқылы жоғарғы қоймалардан өзендермен ағызуды жоғарғы
жағынан бастайды. Сондықтанда жоғарғы және төменгі
қоймалардеп аталады. Ағызу өзен ағысының жоғарғы жағында
басталады осыдан жоғарғы қойма атауын алған. Ал өзен ағысының
төменгі жағы сәйкесінше төменгі қойма деп аталды. Төменгі
қоймалардың негізгі технологиялық міндеті дөңгелек ағаш
материалдарын уақытша (маусымаралық) сақтау болып табылады
Қорытынды
Ағаштарды көлденең бөлу – бұл сыпталан
ағаштарды шөркелер мен сортименттерге көлденең
бөлу операциясы. Кеспеағаш жағдайларында оны ағаш
сүйрету соқпақтарында, жолдарында және жоғарға
орман қоймаларында орындайды.
Кеспеағашта, ағаш тиеу бекетінде немесе жоғарғы
орман қоймасында қор жасау үшін текшелеп жинау
операциясын орындайды.
Сүректі ағаш тасу жолдарының жылжымалы
құрамына тиеу арқылы текшелеп жинау ағаш
дайындаудың келесі кезеңіне – сүректі тасып әкетуге
тікелей жалғасады
Пайдаланылған әдебиеттер:
Калашнико К.Л. Древесиноведение и лесное
товароведение.М., Лесная промышленность,1968
Уголев Б.Н. Древесиноведение с основами лесного
товароведения. М:Лесная промышленность,1975
Технерядов А.В.Плотность древесины. Алма- Ата, 1980
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz