Аяқ сүйектері
Презентация қосу
Тақырыбы : Аяқ сүйектері
Алматы, 2019
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Жамбас белдеуі (мықын, шат, шонданай сүйектері)
2.2 Жамбас астауы
2.3 Аяқ сүйектері (ортан жілік, тізе тобығы, асық жілік, шыбық
сүйек, аяқ басы сүйектері)
2.4 Аяқ сүйектерінің өзара байланысы
III. Қорытынды
Аяқ скелеті
Жамбас белдеуі Аяқ сүйектері
Мықын сүйек
(os ilium) Ортан жілік (femur)
Шонданай сүйек
Тізе тобығы (pattella)
(os ischii)
Шат сүйек Сирақ сүйектері:
(os pubis) 1.Асықты жілік(tibia)
2.Шыбық сүйек(fibula)
Аяқ басының сүйектері:
1.Тілерсек (ossa tarsi)
2.Табан(ossa metalarsi)
3.Бақай (ossa digitorum)
Жамбас сүйегі- қимылсыз
байланысқан үш бөліктен түзілген.
Оларға:мықын,шонданай және шат
сүйектері жатады.
Сүйектің мықын бөлігі- артқы
жағындағы қалақ тәрізді кеңейіп
келген үлкен бөлігі. Оның ұршық
ойысына жақын қалың жерін –денесі,
кеңейіп келген жерін- қанаты дейді.
Шат бөлігі мен шонданай бөлігі
алдыңғы жағын ала жатады. Осы екі
сүйек
қоршауынан қолсұғар тесігі пайда
болады.
Жамбас астауы (таз, pelvis). Жамбас сүйектерінің, сегізкөз,
құйымшақ омыртқаларының тұйықталып қосылуынан - жамбас
астауы пайда болады Жамбас астауы үлкен және кіші болып
бөлінеді.
Жамбастың үлкен астауы мықын сүйектерінің жайылған
қанаттарынан пайда болған.
Жамбастың кіші астауы сегізкөз бен құйымшақтың астау
беттерінен және отырықшы, шат сүйектерінен құралған.
Жамбас астауы мен оның өлшемдері.
1. Сегізкөз.
2. Отырықшы сүйек.
3. Шат сүйегі.
4. Мықын.
5. Мықын қыры.
6. Мықын ойығы.
7. Ұршық ойығы.
8. Шат байламы.
9. Қылқанды дистанциясы.
10. Қырлар дистанциясы.
11. Көлденең диаметр.
12. Қиғаш диаметр.
13. Анатомиялық конъюгата.
14. Акушерлік конъюгата.
16. Диагональдық конъюгата.
17. Кіші астаудың шығу тесігі.
Ортан жілік(femur)-ең ұзын, әрі ең ірі
сүйек. Оның денесі -диафизі мен екі ұшы-
эпифизі болады. Ортан жіліктің алдыңғы
беті тегіс, артқы жағында ұзына созылып
бұдырлы сызық жатады. Сүйектің төменгі
бетін түзетін ішкі және сыртқы
айдаршықтары болады.Олардың арасында
айдаршықаралық ойыс жатады. Дөңес
келген айдаршық буын беті шеміршегімен
қапталған. Ол алдыңғы жағынан тізе
тобығымен буындасатын буын бетіне
көшеді. Айдаршықтың ішкі және сыртқы
бүйірінде айдаршықүсті бұдырлары
болады.
Тізе тобығы ( patela) - қаңқадағы ең ірі
қосымша сүйек. Оның пішіні дөңгелек,
алдыңғы жағы дөңес, терінің сыртынан
ұстағанда оңай білінеді. Тізе тобығының
негізі жалпақ, ал үшкірлеу ұшы төменге
қараған. Үстін санның 4 басты бұлшық
етінің сіңірі жауып тұрады. Тізе тобығы
ішкі беті буын шеміршекпен қапталған
сыртқы беті ет сіңірі бекитін бұдырлы
болып келеді
Асықты жілік(tibia)- ұзын түтік тәрізді, оның қырлы келген
жерін- денесі, ал екі шетін ұшы дейді. Жоғарғы бөлімінде ортан
жілікпен қосатын екі айдаршығы бар, оларды айдаршықаралық
төмпешік бөліп жатады. Жіліктің алдыңғы бетінде төмен қарай
өткір қыры созылып жатыр. Төменгі бөлігі төртбұрышты келеді, ол
аяқ басымен байланысып жатады. Асық жіліктің сырт жағында
шыбық сүйектің байланысатын буын ойындысы бар.
Шыбық сүйегі (os fibula)- ұзынша келген
жіңішке сүйек. Жіліктің сырт жағына жабыса
орналасқандықтан асық жілік шыбығы деп те
атайды. Денесі үш қырлы. Сүйектің жоғарғы
эпифизі жуандаған, онда асық жілікке
жанасатын буын беті бар. Төменгі эпифизі
өкше сүйегіне сәйкестеніп ойықтанып келген.
Одан терінің астынан білініп тұратын аяқтың
сыртқы тобығы пайда болады.
Тілерсек сүйектері (ossa tarsi)-екі қатар болып
орналасқан, қысқа жеті сүйектен тұрады.
Проксималдық қатарда: топай сүйек, өкше сүйек.
Дистальдық қатарда:қайықша тәрізді, үш сына тәрізді
текше сүйектері орналасқан.
Табан(ossa metalarsi)-бөлімі бес сүйектен тұрады. Әр
сүйектің негізі, денесі және басы ажыратылады. Негізі
-тілерсек сүйектерімен, ал бастары башпайдың негізгі
фалангаларымен буындасады.
Бақай сүйектері(ossa digitorum)- 3 фалангадан, ал
улкен башпай 2 фалангадан тұрады. Адамның үлкен
башпайы тік жүруіне байланысты,қалған башпайларға
қарама -қарсы орналасу қабілетінен айырылған және
жақсы жетілген.
Жамбас астауының буындары
Мықын-сегізкөз буыны- ол оң және
сол мықын сүйектерінің құлақша
бетінің сегізкөзге берік буындасуынан
пайда болған жұп буын.
Жамбас астауының алдыңғы жағында
оң және сол шат сүйектері шеміршек
арқылы бірігіп шат байламы пайда
болады.
Жамбас буындарына: сегізкөз-
отырықшы томпағымен,сегізкөз қыр
арасындағы буындар жатады.
Олардың үлкен және кіші отырықшы
ойықтарынан үлкен және кіші
отырықшы тесіктер
пайда болады.Бұл тесіктерден
бұлшық еттер, тамырлар, жүйкелер
өтеді.
Аяқтың еркін қимылдайтын сүйектерінің буындары
Ұршық буыны (articulatio coxae)
жамбастың ұршық ойығы мен сан
сүйегі басының арасындағы буын.
Сан сүйегінің басында дөңгелек
жалғама бар. Ол арқылы сан
сүйегіне қан тамыры, жүйке өтеді.
Ұршық буынының қапшығы өте
берік, ол жалғамалармен бекіген.
Оның ең берігі мықын-сан
жалғамасы. Ол 300 кг дейінгі
жүкті көтереді.
Тізе буыны (articulatio genus)
өте күрделі буын, онда үш сүйек:
сан, үлкен балтыр сүйегіжәне тізе
тобығы буындасады.Бұл
буынның негізгі қызметі
балтырды бүгеді, жазады.
Тілерсек буыны(articulatio
talocruralis) балтыр сүйектерінен
және топай сүйегінен тұрады.Бұл
буын аяқтың басын бүгіп жазып,
қимылға келтіреді.
Топай-өкше-қайықша буыны
өкшенің бір көлденең буыны болып
бірігеді (шопар буыны). Хирургияда
аяқты кескенде осы буынның
бойымен кеседі. Табанның сүйектері
бір-бірімен қысқа буындар арқылы
біріккен.
Бақай буындары башпай сүйектерінің
арасындағы қысқа буындар болып
саналады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz