Биологиялық айналым
Презентация қосу
Тақырыбы: энергия тасымалдау деңгейлері
Алматы ,2019
ЖОСПАР
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Биологиялық айналым
2.Энергия деңгейлері
III Қорытынды
Биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл
өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын мұндай қатарларды
қоректену тізбегі деп атайды. Қоректену тізбегінің жеке звенолар трофтық деңгейлер деп аталады. Қоректік тізбектердің екі
түрін : жайылымдылық және детритті көрсетуге болады. Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену
торын түзеді. Әр өндірушіде бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полиграфтар ( грек тілінен аударғанда
poly – көп), яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады. Энергия тасымалдау кезінде қоректік тізбектердегі қатынастар
нәтижесінде әрбір бірлестік белгілі бір трофтық құрылымға ие болады. Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық
деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен анықтауға болады. Оларды экологиялық пирамда
түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч.Элтон экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсетеді.
1.Сандар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді.
2. Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды.
3. Энергия пирамидасы кезекті трофтық деңгейлердегі энегрия ағымының шамасын немесе өнімділігін көрсетеді
1-ші трофтық деңгей —продуценттер,
2-ші трофтық деңгей — шөпқоректі консументтер;
3-ші торфтық деңгей — жыртқыштар, етқоректі консументтер.
Әр қоректік тізбекте қоректің барлығы салмақ жинау мақсатында қолданылмайды. Оның жартысы ағзаның энергетикалық
сұраныстарын өтеуге жұмсалады: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын қалыпты сақтауға және т.б. Бұл ретте бір
звенодағы биомасса келесі звеномен толық өңделмейді.
Экожүйе продуценттері синтездейтін органикалық заттардың химиялық байланыстарында күн энергиясын белгілеу
жылдамдығы қауымдастықтың өнімділігін айқындайды. Уақыт бірлігіне шаққандағы өсімдіктер түзіп шығарған органикалық
заттар массасын қауымдастықтың біріншілік өнімі деп атайды. Бұл өнімнің жартысы сол өсімдіктердің тіршілігі барысында
жұмсалып қояды.
Биосферадағы энергия ағыны. Жердегі негізгі энергия көзі Күн, жылына
биосфераға түсетін бұл энергияның мөлшері 2,5 • 1024 Дж. Осы
энергияның тек шамамен 0,3%-і ғана фотосинтез процесінің
нәтижесінде органикалық зат тектердегі химиялық байланыстың
энергиясына ауысады және тек 0,1% таза бірінші өнімге өтіп отырады.
Әрі қарай қоректі органикалық, заттектер арқылы трофикалық тізбекке
сәйкес таралады. Энергияның пирамида заңына немесе 10%
Р.Линдеманның (1942 ж.) ережесіне сәйкес, бір қоректік деңгейден басқа
деңгейге өтетін энергия орташа шамамен 10%-тен аспайды. Осындай
деңгейлер көп болған сайын, ең соңғы тұтынушыға жететін энергия
үлесі соғұрлым төмен болады.
Продуцент
Консумент Редуцент
Органикалық зат тектердің ыдырауына әр түрлі организм топтарының қатысуы осыған ұқсас бірден-бірге
басқыштаушылық қатарымен жүреді: таза бірінші өнім энергиясының шамамен 90% бөлетін
микроорганизмдер мен саңырауқұлақтар, 10%-тей — омыртқасыз жануарлар және 1%-тен аздауын –
омыртқалы жануарлар — соңғы ақырғы консументтер. Соңғы цифрға сәйкес бір процент ережесі
мазмұндалған, осы белгіленген қатынастар биосфераның орнықтылығын ұстайтын негізгі жағдайға
жатады.
Күн энергиясының ағыны арқасында Жерде ауа мен судың әлемдік физикалық айналымы жүреді. Ауа
массасының жылжуы механикалық тиімділіктен (жел, толқын, ағыстар) басқа бірінші кезекте
құрамындағы заттектердің, яғни су буы мен шаң бөлшектерінің аэрогендік миграциясын қамтамасыз
етеді. Күн радиациясының әсерінен атмосферада әртүрлі фотохимиялық реакциялар — су фотолизі,
озонның, күкіртті сутектер тұмшаларының түзілуі орын алады.
Тасымалданатын массалық көлемі мен жұмсалатын энергияны ескергенде Жердегі ең үлкен заттектер
айналымының біріне су айналымы жатады. Жылына бұл процеске қатысатын не бәрі бүкіл гидросфера
массасының 0,04% болса да, секундына 16,5 млн. м3 және 40 млрд. МВт күн энергиясы айналымға түсіп
отырады. Әлемдік гидрологиялық циклдың 7%-ін өзен ағысы құрайды. Су айналымы, әсіресе жер
бетіндегі және жер астындағы ағын құрылықтағы заттектердің гидрогенді миграциясын анықтайды, оған
себеп болатын тасымалдау мен қатар көптеген еру, ион алмасу, кристалдану, тұну процестері, тотығу-
тотықсыздану реакциялары және т. б. Сонымен күн энергиясының арқасында жүретін су мен ауаның
физикалык айналымынан басқа көптеген химиялық элементтер мен олардың қосылыстары айналымға
тартылады. Осы процестердің бір қатарында ұлпасы 70% судан тұратын тірі организмдер де қатысады.
Судың едәуір көлемі өсімдіктерден, көбіне ағаштардан буланады.
Энергия ағысы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz