Ермеков Мағауия Әлімханұлының өмір баяны
Презентация қосу
Ермеков М.А.- ҚазКСР
корр.-мүшесі, профессор,
геология-минералогиялық
ғылымдар докторы
Дайындаған: ПО-17-1 тобының
студенті Қуаныш А.А.
Жоспар
1. Ермеков Мағауия Әлімханұлының өмір
баяны
2. Геология ғылымдар докторы, профессордің
еңбектері
3. Мағауия тұлға туралы қызықты деректер
Ермеков Мағауия
Әлімханұлының өмір
баяны
01.09.1921 жылы Семей облысы
Шыңғыстау ауданында №6 Абай
ауылында дүниеге келген, сондықтан ата-
анасы оны Абайдың кіші ұлы Мағаштың
құрметіне Мағауия деп атаған.
Бастауыш білімді үйінде, отбасында
алған, себебі әкесі ғана емес, шешесі
Рақия Шағабетдінқызы өте жоғары
білімді адамдар, Қазақстанның алғашқы
дипломды дәрігерлерінің бірі болған.
Мағауияның әкесі – Әлімхан Әбеуұлы
Ермеков – Қазақстандағы белгілі
қоғамдық-саяси қайраткер,
математиканың бірінші қазақ
профессоры.
Әлімхан Ермеков «Алашорда» партиясы
көшбасшыларының бірі ретінде көп рет тұтқынға
қамалды және жалпы алғанда, 18 жылға жуығын
еңбекпен түзету лагерьлерінде өткізді. Оның қайғылы
тағдыры отбасына да әсерін тигізді.
Он екі жасар бала Мағауия әкесін тұтқындаудың
куәгері болды. Тінту кезінде дүние-мүліктерді қалай
төңкергенін, шақырылмаған «қонақтардың» айуандығын
көрді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды. Сталиннің жеке
басына табыну кезеңіндегі, тұтқындау, ату кезеңіндегі
балаларда өмір бойы жазылмас жара қалды
Отбасын алдымен қала шетіндегі жер төле үйге,
сосын қала сыртындағы жер үйге көшірген кезде
Мағауия Алматы орта мектебінің төртінші сыныбында
оқитын. Бірақ онда да олардың отбасына тыныштық
бермей, Үштөбе стансасына Қаратал ауылына көшірді,
онда Ресейдің батыс облыстарынан 300 мыңға тарта
қоныс аударушылар тұратын. Аштық пен шешек ауруы
ызбарлана түсті. Өліктерді қыста үйме-үйме етіп жайдақ
үлкен шаналармен траншеяларға жерлеуге алып кетіп
жатты. Құжаттары мен мүліктерін тартып алды,
Қазақстаннан шығуға тыйым салынды.
1939 жылы Мағауия Алматының орта
мектебін үздік аяқтағаннан кейін, Ростов
Ауыл шаруашылық машина жасау
институтына түседі. Екі жылдық оқудан кейін
ол Кеңес Әскері қатарына шақырылады, онда
6,5 жыл қатардағы солдаттан аға лейтенантқа,
жеке батальон штабының бастығы және
әскери училище оқытушысына дейін қызмет
етті. Ол өзінің батырлығымен тұтқында
жүрген әкесінің жағдайын жеңілдетермін
деген аңғалдықпен майданға сұранғанымен,
жазаланушының баласы ретінде жіберілген
жоқ.
1946 жылы әскерден келген соң ол
погондары мен ілгектері сөгілген, үйкелген
офицер шинелін киіп жүруін жалғастырды
(басқа киімі болған жоқ). Канск және Тайшет
лагерьлеріне әкесімен кездесуге бірнеше рет
барып қайтты. Осындай әрбір баруы үлкен
қиындықтармен өтетін.
Геология ғылымдар докторы, профессордің
еңбектері
1950 жылы Мағауия Әлімханұлы Алматы Тау-кен институтын «Геология және
пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау» мамандығы бойынша инженер-геолог
атағымен бітіріп шықты. Сол жылы ол Қарағандыға жол тартады, онда учаскелік
геолог, кейін «Қазақ көмір геология» тресінде аға геолог болып жұмыс істейді.
Басында оны стратегиялық шикізат ретінде көмірге жолатпады да,ол жергілікті
құрылыс материалдарымен айналысты.
1957 ж. М.Ә.Ермеков бір жылдық сырттай аспирантурада оқыған соң,
кандидаттық диссертациясын табысты қорғайды.
Ол 1958 жылдан 1970 жылға дейінгі кезеңде ҚазКСР ҒА химия-металлургия
институтында, ҚҒЗКИ, Шығыс ҒЗИ алдымен АҒҚ лауазымында, ал 1963 ж. бастап
зертхана бастығы ретінде бассейннің газдылығы мәселесімен еңбектенуін
жалғастырады. 1968 жылы геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесіне ізденуге диссертациясын қорғайды
1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының геология кафедрасының
профессоры болып сайланады, ал 1970 жылы оның меңгерушісі болып
тағайындалады.
Мағауия тұлға туралы қызықты деректер
•Ол мектепке дейін-ақ үштілді – қазақ, орыс және неміс тілдерін жетік
меңгерді.
•Отбасы шешесінің хирург-дәрігер, оның үстіне жақсы ұйымдастырушы және
шаруақор болғандығынан ғана аман қалды. Ол Үштөбеде темір жол
ауруханасын басқарды.
•1957 жылға дейін олар газдық сынамалардың әдістемелері мен техникалық
құралдарын жасайды, бұл Қарағандының осы мәселені жүйелі түрде зерттеуге
жол ашқаны болатын
•Олар Қарағанды бассейнінің газдылығының бірінші картасын құрастырады,
ол жеткілікті түрде газдың молдылығын дәлелмен болжауға, нормативтік
құжаттарды жасауға мүмкіндік береді.
•Мағауия Әлімханұлы Ермековтің тағдырын «жұмыс, табанды, үздіксіз
жұмыс» деген бірнеше сөзбен атауға болады. Мағауия Әлімханұлы әкесінен –
таң қаларлық өмірбаяны бар адамнан үлгі алды.
•М.Ә.Ермеков аспирантураның бір жылдық сырттай бөлімін аяқтағаннан
кейінкандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады.
•Дәрістер Мағауия Әлімханұлының студенттермен араласуының жалғыз ғана
нүктесі болған жоқ. Сонымен қатар көп күші мен энергиясын студенттік
ғылымға берді. Оның «Эксперимент стратегиясы» үйірмесі институтта ең
атақтылардың бірі болды.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz